14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

ПАЙЫЗСЫЗ ИПОТЕКА БЕРІЛУІ МҮМКІН

Берсең бер, бермесең қой баспанаңды, бәрібір де тастамаймын Астанамды деп бүгінде қанша адам жалдамалы пәтерді жағалап жүр. Біреуге үй қымбат, өзгесі алғашқы жарнасына жеткізе алмай әлек, тағы біріне діни ұстанымы пайызбен несие алуға кедергі. Міне, соңғылары жақында қоныс тойын тойлап қалуы мүмкін. Елімізде алдағы уақытта шариғат нормаларына сай пайызсыз кредит берілейін деп жатыр. Оны қалай аламыз? Халал ипотеканың шарттары қандай?

Подробнее...

СЕНІМДІ НЫҒАЙТҚАН СОТ

Астана халықаралық қаржы орталығының соты мен Халықаралық төрелік орталығының тіркеушісі және Аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт Британ империясы орденінің офицері атағымен марапатталды. 1917 жылы тағайындалған бұл жоғары мемлекеттік награда халықаралық деңгейдегі ерен еңбек пен қалтқысыз қызмет үшін беріледі. Дәл осы азаматтың көшбасшылығы және стратегиялық көзқарасы Астана халықаралық қаржы орталығының соты мен Халықаралық төрелік орталығының Еуразия кеңістігінде дауларды шешудің жетекші моделі ретінде …

Подробнее...

ЕЛДІ АЛДАҒАН ЕМШІ

«Сенген емшім сен болсаң…» Ақтөбеде 136 адамды алдап, алаяқтық жолмен жарты миллиард теңгеге жуық несие алдырған емші сот залынан босап шықты. Судья кескен 6 жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасы екі жылға кейінге қалдырылды. Оған себеп не? Бостандықта жүріп ол тағы талайды сан соқтырмай ма?

Подробнее...

МӘМС ҮШІН БЮДЖЕТТЕН АҚША БӨЛІНЕДІ

Елімізде МӘМС-ке жарна төлемей жүргендердің біразы қалталы. Бүгін Үкіметте есеп берген денсаулық сақтау министрі жүйеге қатысы түрлі сандарды айтты. Аборт жасайтын келіншектер де көбейген елімізде. Оның алдын алудың жолы бар ма?

Подробнее...

ЖАРТЫ ЖОЛДА ҚАЛҒАН ЖҰМЫС

Таразда бүтін бір көпқабатты үйдің тұрғындары аяз түскенде жылусыз қаламыз ба деп жыларман! Олар төбеден аққан сумен алысатын түріміз бар деп елең — алаң. Өйткені қаланың қақ ортасындағы ғимараттың шатыры қирап, тесік құбырдан су сорғалап тұр. Тоз-тозы шыққан темірлер қақаған суықта сыр бермеуіне кім кепіл? Көктемде басталған күрделі жөндеу жұмыстары неге тоқтап қалды?

Подробнее...

АТА-БАБАСЫНА МҮСІН ОРНАТУ СӘНГЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ

Тұлғаларды ұлықтайтын тастұғыр орнату, ұлт мәдениетіне белгі қалдырумен бірдей. Ол елге еңбегі сіңген азаматтарға деген құрметтің нышаны болса керек. Алайда, соңғы жылдары ата-баба, жақындарына мүсін орнату сәнге айналып бара жатқандай әсер қалдырады. Рұқсатсыз салынғаны былай тұрсын, ортақ стандартқа да сай келмей жатады. Ниет жақсы әрине. Бірақ, оны орнату тәртібі еленбей отырған көрінеді.

Подробнее...

БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫС АЗАЙҒАН

Қазақстанда балаларға қатысты ауыр қылмыстар саны азайған. Анығын айтсақ, биыл Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық шекарасын бұзу 18%-ға төмендепті. Ал өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген педофилия фактілері 24%-ға кеміген. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді. Омбудсмен Президент пәрменімен арнайы заң қабылданып, түрлі бағдарлама енгізілгенін, қажетті қолдау орталықтары ашылғанын атап өтті. Соның ішінде …

Подробнее...

ҚЫС ТҮСПЕЙ ЖАТЫП ТОҢУДА

Жылудан жұрдай қалған жұрт жыларман күйде. Теріскейдегі бұқара қара суықта бүрсең қағып отыр. Күздің өзінде дірдектеген қараша қыста не болатынын ойласа қорқады. Тоққа пеш қосып, электр энегриясы үшін әбден шығындалған ағайын әкімдікке ашулы.

Подробнее...

ОҚУШЫНЫ ӨЛТІРГЕНДЕР СОТТАЛДЫ

14 жастағы ұлды ұрып — соғып, өліміне себепкер болған жасөспірімдер сотталды. Оларға қылмыстық кодекстің үш бабымен айып тағылған. Алты сотталушы бүгін өздеріне шығарылған үкімді тыңдады.

Подробнее...

КӨПІР ҚАШАН САЛЫНАДЫ?

Ырғыз бен Торғай арасындағы бетбақ даланың жолына дейін Президенттің назарында. Ал Таразда жергілікті билік қала іргесіндегі станцияға жол төсеп, өткел салудың орынына көшенің атын ауыстырып әлек. Салдарынан әлеумет жедел жәрдем шақырса, мекен-жайды таба алмайды. Тапса көшеге кіре алмайды. Әсіресе жаңбыр жауып, қар түскенде көпірден өту өте қауіпті.

Подробнее...
X