2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

ҚОРҚЫНЫШТЫ МЕКТЕП

Баласын сабаққа жіберген ата-аналар қорқыныштан көз ашпай жүр! Түркістан облысына қарасты ауылдағы мектептің жартысы жермен-жексен болатын күйде. Оқуға жарамсыз білім ордасының қабырғасы жарылып, едендері қирап жатыр. Оқу жылын соңғы қоңыраудың үнімен емес, айқай-шумен аяқтайтын ұл-қыздар жайлы ғимаратты әлі көп армандайтын секілді. Өйткені облыстағы жауапты шенділер уәдені үйіп-төккенімен, соңында сөзінен тайқып шыға келген.

Подробнее...

ҚОҚЫСҚА ТҰНШЫҚҚАН АУЫЛ

Жергілікті билік неге жарайды? Өмірі жылжымайтын пәтер кезегі мен елге жетпейтін субсидияны айтпағанда. Түркістан облысының тұрғындарынан сұрасаң, түк бітірмейтін әкімдік алдына қоқыс әкеп төгуге жарайды деп жауап қатар еді. Жұрт солай істеп те жұр. Халық әкім ғимаратының алдына тұрмыстық қалдықтарын әкеп төкті. Мемлекеттік қызметкерлердің дәл алдында бұл неғылған полигон?

Подробнее...

Алакөл келе жатыр

Алакөл келе жатыр, ағайын! Жылда демалыста армандап-армандап, жете алмай қала беретін шығыстың маржаны бір күні өзі келіп тұрмаса болды. Өйткені көл көшіп барады. Расында, әзілдейтін жағдай емес, бізге жеткенше ол су талай ауылды жоқ қылуы мүмкін. Жағаны кемірген толқындар шетіндегі ауылдарға қауіп төндіріп тұр. Егер тез арада ернеуін бекітпесе, елдің жағдайы қиын болмақ.

Подробнее...

Құжаттан қағылғандар

Құжатсыз үй — құтсыз мекен Басыңыздағы баспананың қағаздары жоқ болса, бір күн де тыныш отыра алмайсыз. Ал Түркістан облысында 500-ге жуық адам өз үйлерінің техпаспортын таппай қалды. Бір емес, екі емес, 500 адамның құжаты қайда кетті?

Подробнее...

Әуе билеттері неге қымбат?

Біз Америкадан, тіпті Еуропадан асып түстік! Бір технология, я болмаса тұрмыс сапасы жағынан деп ойлап қалмаңыздар. Сол баяғы қымбатшылық бойынша ғой. Еліміздегі ұшақ билетінің кәрі құрлықпен, құрама штаттармен салыстырғанда екі есе қымбат. Мұны Үкімет басшысының өзі айтып отыр. Сөйте тұра рейстер сағаттап кешігеді, қызмет сапасын көріп жүрсіздер. Бүгін өзі Үкіметтен бастап жер-жерде азаматтық авиацияға шүйлігетін күн ғой деймін.

Подробнее...

ТУҒАН ҚЫЗДАРЫН ЗОРЛАҒАН

Алматы облысында өзінің екі қызын зорлап келген азғын ұсталды. Ол туған перзенттерін 11 жастарынан бастап 10 жыл бойы төсекке тартыпты. Ең жаманы — апалы-сіңлілі жеткіншектер жыламсырап анасынан көмек сұрағанда үндеріңді шығармай, ағайынға қарабет қылмай жүріңдер деп тыйып тастаған көрінеді. Содан қысым көрген қыздар қашып құтылудың амалын қарастырған. Ал өз балаларын зорлаған азғынның бір емес, екі әйелі бар ма, сондай. Анық-қанығы …

Подробнее...

ҚАЙЫР СҰРАУҒА МӘЖБҮРЛЕГЕН

Қазір феодалдар жоқ деп кім айтты? Алматыда азаматтарды ұрып-соғып, алақан жайып, ақша табуға мәжбүрлеген. Құл иеленушілер мүмкіндігі шектеулі, үйсіз-күйсіз жүргендерге көз салған. Әуелі жәрдемдесемін деп уәде беріп, артынан табыс көзіне айналдырады екен. Адам сенгісіз ақиқатты қорлықтан қажыған әйел жайып салыпты.

Подробнее...

Қайрат Сатыбалды түрмеде жатып қонақ үй сатып алған

Қайрат Сатыбалды түрмеде жатып 5 жұлдызды қонақ үй сатып алды! Бұл жолы тартып алған жоқ, шынымен сатып алды. 6 миллиард теңгеге. Бірақ соның өзінде бұл қаржылық операция заңсыз дейді. Ал атақты нысан жабылып, 160 қызметкер далада қалуы мүмкін. Бұл дауға мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай да куә болды.

Подробнее...
X