18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

«Балаларымызды ұмытты!»

Ақтөбенің спорт басқармасындағылар ұмытшақ болып кеткен бе? Бір баланың өмірін жалмап, екі жеткіншекті мүгедек еткен жол апатына 4 ай өтсе де, спортшы ұлдардың жағдайы ұмыт бола бастады. Осылай деп ашынған аналары арнамыздан көмек сұрады. Қайғылы жай кезінде қолдау білдіремін деген спортқа жауапты атқамінерлер неге үн-түнсіз жүр?

Подробнее...

Сырты бүтін, іші түтін

Алматыда ең ауқатты ауданның тұрғындары 3 күннен бері ыстық сусыз отыр. Жарықтары да жиі сөніп әбігерге салады екен. Су жаңа тұрғын үй комфорт-класс санатымен сатылған. Бірақ сайып келгенде, комфорт түгілі, қарапайым су мен жарықтың мәселесі шешілмей келеді.

Подробнее...

Орталық Азия — Қытай саммиті өтті

Орталық Азия елдерінің әлеуетін Қытайдың орасан зор экономикалық қуатымен ұштастыру маңызды. Біз осы мақсатқа жету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз. Қытайдың Сиань қаласында өткен бірінші «Орталық Азия — Қытай» саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді.

Подробнее...

Жұмыртқаның бағасы тағы да өсуі мүмкін!

Елімізде алдағы уақытта жұмыртқаның бағасы тағы да өсуі мүмкін! Себебі — құс өсірушілерге бұған дейін мемлекеттен төленіп келген аз-маз субсидия тоқтап қалған. Енді фермерлер өндірісті қысқартуға мәжбүр боламыз ба деп қауіптеніп отыр. Мәселен, бір жылда ел тұрғындары шамамен 5 млрд дана жұмыртқа тұтынады екен.

Подробнее...

Мал қоқыс жеп, кәріз суын ішіп жүр

Жайылымға жайылған малдарымыз арам қатып жатыр! Осылай деген жамбылдық шаруалар дабыл қақты. Айтуларынша, төрт түліктің жегені қоқыс, ішкені нәжіс суы. Шөбі шүйгін деген аумақтың бәрі жекеге өтіп кетіпті. Шыдамымыз таусылды деген шопандардың шағымына жергілік билік қандай жауап қатты?

Подробнее...

Аштық жариялады!

Павлодардағы наркоорталықтың емделушілері аштық жариялады! Олар өздеріне демалыс талап етіп отыр. Сұрап отырған демалыстары пандемияға дейін болған екен. Алайда екінші тарап бұл заңға қайшы әрекет деп рұқсат бермей отырған көрінеді.

Подробнее...

ҚАЗАҚ КИНОСЫНА ҚИЯНАТ ЖАСАЛУДА!

Алматыда танымал режиссер, актер, сценаристер осылай деп шу көтерді. Айтуларынша, жылсайынғы киножобалар байқауы биыл жүйесіз өткен. Талапқа сай емес туындылар төрге шығып, лайықты жұмыстар түрлі себеппен сырт қалды деп отыр. Киногерлер бұған «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын кінәлайды. Айта кетейік, картиналарды қаржыландыруға бюджеттен 3 млрд қаражат бөлінген.

Подробнее...

Семейде орман оталып жатыр

Орманды өз үйіндей қорғауы тиіс мамандардың өздері ағаштарды отап жүр! Бұл сорақылық Абай өңірінде тіркелді. Онсыз да былтыр күздегі өрт кезінде жүздеген тал-теректі қызыл жалын тып-типыл еткен еді. Жауаптылар тілсіз жаумен жарысып жасыл желекті жалмап жүр екен.

Подробнее...

АЛЛЕЯ ҮШІН АЛАҢДАУЛЫ

Шымкентте ашылу салтанатына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі келген аллея мүшкіл жағдайда. Тал-теректері қурап, орнатылған орындықтары қирап жатыр. Жасыл желек суарылмай, жаз келмей жатып күздің кейпіне енген. Көктемде бүршік жарып, жайқалып тұруы тиіс демалыс орны неге қараусыз қалған?

Подробнее...

Азғын бүкіл ауылды дүрліктірді

Алматы облысында сұмдық жағдай! Аядай ауылда ер адам 8 жастағы қызға бір жылдан бері білгенін істеп келген. Айтуға ауыз бармайды, туған қызының құрбысына азғындық жасап, қорқытып та жүрген. 44 жастағы күдіктінің әрекеті әшкере болғанда ауыл жұрты өре түрегеліп, оның елдімекеннен көшуін талап етіпті. Ұл-қызы үшін қорыққан қарашаның арызынан кейін ер адам қамауға алынған.

Подробнее...
X