«Айналайын баладан, тауып алған даладан» Әлдилеп айтатын әзіл ән күнде ащы шындыққа айналады. Бұл жолы көпір маңынан 6 айлық сәби табылды. Қапырық күнде қоларбада жатқан нәрестені ерлі-зайыптылар байқап қалған. Қаптаған көлік өтетін жерге шақалақ қалай тап болды? Бұл оқиғаға ұялы байланыстың не қатысы бар?
Подробнее...Новости
Құрылыста кризис басталды
Құрылыс саласы жұмыссыздар қатарын тағы 100 мың адамға толықтыруы мүмкін! Өйткені дағдарыс салдарынан компаниялар ісін тоқтатып, кадрларын қысқартып жатыр. Бұлай жалғаса беретін болса, сақалды құрылыстардың көкесін көреміз. Мамандар жазға дейін шара қабылдамасақ, ел экономикасына ауыр тиеді дейді.
Подробнее...Диқандар дауы
амбылдық диқандар биыл еткен еңбегінің жемісін жеудің орнына қарызға белшесінен батуы мүмкін! Өйткені өңірдегі мың жарым гектарға жуық егістік құрғап барады. Бұқара дер кезінде каналды қалпына келтіруі тиіс аймақ атқамінерлері асықпайды дейді.
Подробнее...Өртенген орманды қалайша өшірем?
«Ұстазымнан қорлық көрдім!»
Алматыдағы №133 мектептің оқушысы жанайқайын желіге жүктеп, көптен көмек сұрап, білім бөлімін шулатты. Айтуынша, сынып жетекшісі себепсіз қол сілтеп, аузына келгенін айтып, абыройын айрандай төгіп келген. Мұндай сұмдыққа енді шыдамаймын деген жеткіншек мұғалім жазаланбайынша мектепке бармаймын деп отыр.
Подробнее...НӘЖІСТІҢ ИІСІНЕ ТҰНШЫҚҚАНДАР
Шымкенттің 45 мыңдай тұрғыны нәжістің иісіне тұншығып отыр! Жаздың күні далада жату былай тұрсын, есік пен терезені ашудан қалған. Ел осы, қолқанды қабатын мүңкіген иістен ауру-сырқау көбейіп кетті деседі. Ал жауапты шенеуніктер сол баяғы әдеті бойынша уәде беруден ары аса алмады деп ашынған тұрғындармен тілшіміз тілдесіп, Шымкентті кім сасытқанын біліп келді.
Подробнее...Халықаралық отбасы күні!
6 жастан мектепке беруге бола ма?
Балаңыз санауды біліп, әріп үйренді деп мектепке беру әбестік. 5-6 жастан білім ордасының табалдырығын аттаған ұл-қыздар келешекте үлкен қиындыққа тап болуы мүмкін. Психологтар ата-аналарға көп айтыла бермейтін ақпаратпен бөлісті.
Подробнее...Өзенді бүлдірген мектеп суы
Балаға білім мен тәрбие беретін мектептегілер бүтін бір ауылды тіршілік нәрінен тарықтырды! Білім ордасынан аққан лас су елдімекендегі жалғыз өзенге құйылып, жұрт жағымсыз иістен жиіркеніп жүр. Ең сорақысы — қарашаның енді кір жуып, егін суаруға қажетті суы жоқ. Одан қалды жұрт ауру тарай ма деп қорқып жүр.
Подробнее...«ЖҰМБАҚ» ҚАРЫЗ
Базардағы бұқараның миллиондаған борышы бар болып шықты! Ақтөбелік кәсіпкерлер өздерінің мемлекетке қарыз екенін енді біліп, бас көтерді. Салық органынан келген түбіртек ет сатып, сүт саудалап, киім тасыған жандардың түн ұйқысын төрт бөлген. Қайдан шыққан қарыз екенін білмей басы қатқан бизнес иелері біздің арнаға хабарласты.
Подробнее...






