18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

10 миллиард теңге қайда?

Алматының қақ ортасында орналасқан 28 мың тұрғыны бар ауданда кәріз жүйесі атымен жоқ. Бюджеттен миллиардтар бөлінген жұмыс 2018 жылы басталған. Бірақ аяқсыз қалыпты. Ол аздай, қалдық суы жүрмейтін құбыр үшін ел қыруар ақша төлеп отыр. Ал қазулы күйде қалған құдыққа адамдар түсіп кетіп, тіпті бір жан ажал құшқан.

Подробнее...

«АҚШАМЫЗ ҚАЙДА?»

Ақтөбедегі су таситын көлік тізгіншілері аймақ әкімінің орынбасарын іздеп, шарқ ұрып жүр! Көктемде қаланы қызыл су басқанда уәдені үйіп-төккен атқамінердің сөзіне сенгендер енді өзіне жолыға алмай әлек. Шаһарда шылқыған су болғанда шырылдаған шенеунік қауіп сейілгенде неге сөзінен секірді?

Подробнее...

Қалталылар электрик пен сантехникке жарымай жүр!

Алматыда қалталы жандар электрик пен сантехникке жарымай жүр! Ақшасы көп болса да, өздері тұратын элиталық тұрғын үй кешенінің күйі нашарлап барады. Алда-жалда жарық сөніп, құбыр жарылса, шақыратын маман жоқ. Өйткені барлық қызметкерлер жұмысынан бастартқан. Бұған не себеп? Толығырақ — бейнематериалда.

Подробнее...

ӘКЕСІ МЕН 4 БАЛАСЫ АЖАЛ ҚҰШТЫ

БІР ЖАНҰЯНЫҢ ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ Бір күнде бір отбасының 5 адамы қаза болды… Алматы облысында отағасы мен 4 баласы белгісіз бірдеңеден уланып, көз жұмды. 6 адамның ішінен 38 жастағы шешелері ғана тірі қалыпты. Қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр. Бірақ бар жақыны келмеске кеткенін бейбақ ана әлі білмейді екен…

Подробнее...

Адамға да, малға да бір құдық

Адам да, мал да бір құдық басында кезекке тұрады екен. 30 жыл бойы жаратқаннан да, жауаптылардан да бір жұтым таза су сұраған тіршілік иелері ақыры арманына жете алмай, басқа жаққа қоныс аударыпты деседі. Бұл — ертегі емес, еліміздегі жағдай. Жамбылда атқамінерлердің қырық өтірігіне тойған жұрт енді біздің арнадан көмек сұрап жатыр. Айтуларынша, тіршілік нәрінен үмітін үзген ел ауылын тастап, өзге …

Подробнее...

Ақтөбеліктерден ұйқы қашты

Көпқабатты үйдің тұрғындары баспанасынан безіп кетудің аз-ақ алдында тұр. Пәтерлерін көзге көрінбейтін жәндік қаптап кеткенін айтады. Түнімен талап бара жатыр дейді. Жұмбақ жәндікпен жұрт өзі күресе бере ме? Бұған жауапты мамандар не дейді?

Подробнее...

Енді самокат айдау үшін де куәлік керек!

Сосын басыңызға арнайы шлем, үстіңізге жарық шағылыстыратын киім киюіңіз қажет. Бүгін самокатшылар мәселесі парламентте талқыланды. Жылдамдыққа да қатысты біраз шектеу бар. Былай қарасаң, депутаттар салық төлемейтін, бензинге ақша құртпайтын, техбайқаудан өтпейтін, утильалым төлемейтін, қысқасы бюджетке ақша құймайтын транспорт түрін қатты қыспақшы.

Подробнее...

Арнайы жасақтың бір күні

Күнде бір жемқор қолға түсіп жатыр. Қаңтар оқиғасынан бері біршама олигарх елден қашпақ болған жерінен ұсталды. Одан кейін де түйені түгімен жұтқан көп ашкөздің қолына кісен салынды. Ал өткенде президент қабылдауында болған ҰҚК төрағасы 19 террористік шабуылдың жолы кесілді деді. Осы шараның барлығын жүзеге асырып жүрген жігіттер туралы не білеміз? Арнайы жасақтың сайдың тасындай іріктелген сарбаздары қалай әрекет етеді?

Подробнее...
X