10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

100 ТОННА ТЕРІ ШІРІП ЖАТЫР

Бүтін бір ауылдағылар ауруға ұшырауда! Алматы облысындағы Еңбекші ауылының ел-жұрты өре түрегелді. Ағайын аймақтағы нысанда мыңдаған мал терісі шашылып, іріп-шіріп жатыр деп шағымданды. Кесірінен елдімекенде егеуқұйрық қаптап, қараша шыбыннан көз ашпай жүр екен. Аллергияға шалдыққандары да күн санап артуда. Ең қызығы — ол ғимарат университеттердің біріне тиесілі көрінеді. Бұл қалай?

Подробнее...

Жұлдыздар тарақан қаптаған жерде оқып жүр

Әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеновтің бауыры тарақан қаптап, қабырғасы қақыраған өнер мектебінде оқып жүр! Астанадағы аты дардай білім ордасының едендері екіге бөлініп жатыр екен. Өнер жолын таңдаған талантты ұл-қыздар асханадан ас-су ішуге қорқады. Өйткені жыбырлаған жәндік көп. Жертөлесін қорқынышты киноларға таптырмайтын локация деуге болады

Подробнее...

Тұрақ үшін кімге ақша беріп жүрміз?

Алматыда ақылы автотұрақ қайта ашылды! Біразға созылған сот процесінен кейін олар қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылып, енді барлығын бірыңғай оператор басқаратын болады. Қыруар қаржы айналып жатқан олардың жұмысын арнайы мамандар қадағалайды. Қала билігі автотұрақтардың жұмысын реттетуге тырысып жатқанымен, шаһарда не чек бермейтін, не QR коды жоқ тұрақтар толып жатыр. Онда қойылған көліктерден алынатын ақшаның кімнің қалтасына кетіп жатқаны белгісіз. Бұл мәселеден …

Подробнее...

Елімізде ас-су арзандауы мүмкін!

Өйткені енді азық-түліктің кей түрі Тәжікстаннан келетін болады. Бұл өз кезегінде бағаны тұрақтандыруға көмектеседі. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан- Тәжікстан арасындағы бизнес-форумда премьер-министрдің орынбасары, сауда министрі Серік Жұманғарин айтты. Оның ақпарынша, екі жақтың сауда-саттығы ұлғайып, серіктестік күшеймек. Осы мақсатта 20-ға жуық келісімшарт жасалды.

Подробнее...

«Бауырымды танымай қалдым!»

Ақтөбедегі газ өңдеу зауытындағы өртте зардап шеккен жұмысшылардың бауырлары танымай қалды. Бет-аузын күйік шалып, домбығып кеткен 4 жан қазір қаладағы облыстық ауруханада ауыр халде жатыр. Оларды дереу Астанаға апаруды талап еткен туыстары айқай шығарды.

Подробнее...

«Сау баламды сал қыла жаздады!»

Алматы облысына қарасты Ащыбұлақ ауылының тұрғыны арнамыздан көмек сұрады. Айтуынша, шауып жүрген қос перзентін көлік қағып кеткен. Бірер аптадан бері ауруханада жатқан оқушыларға тәртіп сақшылары да, айыпты азамат та бас сұқпаған көрінеді. Шарқ ұрған ана әділдікті талап етеді

Подробнее...

Көз жасы көл болған ауыл

Шөбі шүйгін, суы мол «Мортық» деп аталатын көл жеке бір кәсіпкердің қолына өтіп кеткен. Бір қызығы — бұл жайдан жергілікті жұрт пен әкім бейхабар болып шықты. Төрт түлікке күні қарап отырған ауыл халқы ендігі күніміз қараң деп ашулы. Толығырақ — бейнематериалда

Подробнее...
X