Енді футбол клубтары жекенің қолына өтіп, жетістігі молаюы мүмкін. Президентіміздің өзі Жолдауында футбол командаларын мемлекетке масыл қылмай, жекешелендіруді қадап тапсырған еді. Бюджет ақшасын майшелпек еткен ұжымдар енді демеушілердің қаржысы үшін алаңда ақ тер, көк тер болады.
Подробнее...Новости
ӘУЛЕТІМЕН МҰҒАЛІМ
Алматы қаласында үлкен ұстаздар әулеті бар. Балалары анасының жолын жалғап, келініне дейін мұғалімдік жолына түсіп, көпшіліктің алғысына бөленген. Олар ерекше балаларға қалам ұстаудан бастап, құрақ құрап, аяқ киім тігуге дейін үйретеді.
Подробнее...ЖҮРЕКТІҢ ЖАНАШЫРЫ
Ақтөбеде халық іздеп жүретін бір жан бар. Өйткені, ол кісінің алдына барғандар жаман болып жатқан жоқ. Ол әкім емес, не бір үлкен бастық деп ойлап қалмаңыз. Ол білікті кардиолог-дәрігер. Жүректің жанашырына айналған адам зейнетке шықса да ақ халатын әлі шешпеген. Ол көптің сенімі болса керек.
Подробнее...МЫҢДАҒАН ҚАЗАҚ СТУДЕНТІ МАЖАРСТАНДА ОҚИДЫ
Қазіргідей алмағайып заманда тату тұрғандар озады, қырғи-қабақ қасарысып отырғандар тозады. Алыс-беріс, барыс-келісте шекаралас елдер ғана емес, алыстағы мемлекеттер де маңызды. Мәселен, Қазақстан Мажарлармен атом және энергетикада, инфрақұрылым саласында ортақ жобалар қарастырып жатыр. Сондай-ақ Астана төрінде екі елдің 100 млн долларлық инфестициялық қоры құрылады. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапарлап келген Венгрия президенті Тамаш Шуйокпен кездесті.
Подробнее...ПАВЕЛ ДУРОВ ЕЛІМІЗДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЗЕРТХАНАСЫН АШТЫ
Телеграм басшысы Павел Дуров елімізде жасанды интеллект зертханасын ашты. Күрделі алгоритмді озық технология елдің цифрлық әлеуетін одан әрі арттырмақ. Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумында ІТ жобалар мен ғаламдық интернетке дейінгі ең өзекті мәселелер талқыланып жатыр.
Подробнее...«ҚАЙРАТ – РЕАЛ» МАТЧЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?
«Белгіленбеген пенальти, билетсіз жанкүйерлер, тоқтап қалған трансляция». Бүкіл ел болып күткен «Қайрат – Реал» матчы өтті де кетті. Қызығынан гөрі шыжығы басым болған ойын қазақстандықтардың есінде ұзақ қалатыны сөзсіз. Өкінішке қарай, алматылық команда өз алаңында 0:5 есебімен қарсыласқа есе жіберді.
Подробнее...ЕЛІМІЗДЕ ЕКІ АЭС САЛЫНАДЫ
АЭС-ке қарқ болатын түріміз бар. Алматы облысының аумағына бір емес, екі атом электр станциясы салынбақ. Екеуінің де Балқаш көлінің маңынан қазығы қағылмақ. Сондай-ақ, алып нысандарды шикізатпен өзіміз қамтамасыз етуге бел байлаймыз. Сондықтан алдағы уақытта елімізде уран қоры жасақталады. Сосын жаңадан табылған пайдалы қазба кендерін де түртпей, сақтап қоямыз.
Подробнее...«ДОСТЫҚ – МОЙЫНТЫ» ТЕМІРЖОЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қытаймен қарым-қатынас бұрыңғыдан да беки түспек. Мемлекет басшысы бүгін «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосты. Бұл бағыт шығыстағы көршімізбен алыс-берісті арттырып, жүк тасымалының көлемін 5 есе көбейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ экспортты жеткізуді жеделдетіп, транзиттік әлеуетімізді күшейте түседі.
Подробнее...ТОҚСАНҒА ТАЯСА ДА АППАРАТЫ ҚОЛЫНАН ТҮСПЕЙДІ
Жамбылда жасы тоқсанға таяғанымен, токарлық істен қол үзбеген қария бар. Ауылдағы ақсақал әлі күнге дейін, техникаға қажетті темірді өз қолымен жонып, халыққа қызмет етіп жүр. Тіпті бұл ісі үшін көпшіліктен кейде ақы да алмайды екен.
Подробнее...АСТАНАҒА АПЕННИН ТҮБЕГІНЕН ҚОНАҚ КЕЛДІ
Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбегі Еуропаға да сіңіп жатыр. Кәрі құрлықтан, оның ішінде Италиядан сапарлап келген Серджо Маттарелла бүгін Қазақстан президентінің кеудесіне «Италияға сіңірген еңбегі үшін» орденін тақты. Сексеннің сеңгіріндегі сақа саясаткермен келісімдер, жалпы Астана мен Рим арасындағы қарым-қатынастың енді қандай болады?
Подробнее...






