0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Мектептің түрі осы…

«Мектебің- мынау, класың, осында 10 жыл тұрасың…» деген өлең жолдары санамызда жаттаулы. Ал Ақтөбе облысында теміржол бекетінің бойында тұратын балаларға бұл – таңсық десе болады. Өйткені, олар жарты ғасыр бойы вокзалдың ғимаратын паналап отыр. Ғимарат деген аты ғана. Іргесі сөгіліп, шөге бастаған ғимарат өртеніп кетке жаздаған. Тақырыпты әріптесім Ақбаян Сұлтанмұратова жалғастырсын…

Подробнее...

Көшеден сәби табылды

Шымкентте жаңа туған шақалақ көшеден табылды. Көкек ана сәбиді жөргекке орап, ойын алаңына тастап кеткен. Жылап жатқан шақалақтың дауысын естіген екі студент қыз бірден көмекке ұмтылып, жедел жәрдемнің колл орталығына апарған. Өте ауыр жағдайда жеткізілен нәрестеге жедел жәрдем диспетчерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалыпты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сәбидің қазіргі жағдайы жақсы.Туғанына шамамен екі тәулік болған.

Подробнее...

Азаматы жақсы ауыл азбайды

Азаматы жақсы ауыл азбайды. Ақмола облысының Обалы елдімекенінің тұрғындары осы ойды іспен қуаттап жүр. Жергілікті халық қол қусырып отырмай, өз күштерімен туған жерін көркейтіп, көшіп келген көпбалалы отбасыға тегін баспана сыйлады. Обалылықтар бұдан былай да қоныс аударам дегендерге құшақ жайып, «Жаңа Қазақстан» құру жолында жалпақ жұрттың жұмыла алатынын көрсетпек. Ал, ауылға көшіп келген жанұяның қуанышы тілші материалында.

Подробнее...

#Еңдәмдіқұрт ЧЕЛЛЕНДЖІ

Қымбатты көрермен, Еуразия бірінші арнасының #Еңдәмдіқұрт челленджі жалғасып жатқанын еске саламыз. Ұлттық тағам туралы білген-түйгеніңізбен бөлісіп, желідегі парақшаңызға жариялауды ұмытпаңыздар. Ал біздің әріптесіміз Нұрай Құрақпай арнамыздың эстафетасын қолдаған елордалық әженің үйіне қонаққа барып қайтқан еді. Көрейік.

Подробнее...

Бас прокурор сұрақтарға жауап берді

Алдағы дүйсенбі, яғни 14 наурыз күні, Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасын тергеуге қатысты көкейде жүрген сұрақтарға жауап береді. Бүгін мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен бюро отырысында 14 наурызда өтетін жиынның күн тәртібі нақтыланды. Соған орай бас прокурор депутаттар тобының сауалына жауап береді. Айта кетейін, бұған дейін Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан қаңтар қасіретіне қатысты сауал жолдаған еді.

Подробнее...

Air Astana ресейге әуе рейстерін тоқтатты

Бүгін Эйр астана әуе компаниясы ресейге қатынайтын және оның әуе кеңістігі арқылы ұшатын барлық рейсті уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Себебі, Ресей-Украина арасындағы ахуалға байланысты сақтандандыру компаниялары қызметінен бас тартуда. Қазіргі таңда компания рейстерді тезірек қалпына келтіру жұмыстарын үкіметпен талқылап жатыр. Ал, тоқтатылған рейстердің жолаушылары авиабилеттерінің құнын толық қайтара алады.

Подробнее...

Қаңтар қасіреті кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің өтініші қаралып бітті

Алматыда зардап шеккен кәсіп иелерінен түскен барлық өтініш қаралып бітті. Бұл туралы өңірлік комиссия бүгін есеп беріп, соңғы мәліметтермен бөлісті. InfoKazakhstan электрондық платформасына 1188 кәсіпкерден барлығы 1355 өтініш келіп түскен. Нәтижесінде 5 миллиард 286 жарым миллион теңге сомасындағы 1139 өтініш мақұлданды.Оның ішінде 4 миллард теңгеден астамы бюджеттен бөлінсе және 1 миллиард теңгесін «Жаңа Алатау» қоры қаржылындырылып жатыр. Бірақ қалада әлі …

Подробнее...

Қаңтар қасіретінде бүлінген президент резиденциясын қалпына келтіру тиімсіз

Алматыдағы Президенттің резиденциясын қалпына келтіру тиімсіз. Өйткені оған кететін қаржыға жаңа ғимарат тұрғызуға болады. Қаңтар оқиғасы кезінде аталған нысанға орасан залал келіпті. Атап айтқанда шатырын ұстап тұратын қалың металдан жасалған белдеулер қатты қызудан балқып, майсып кеткен. Тіпті бетон плиталарға дейін жарылып, жарамсыз күйге жеткен. Мамандардың сараптама қортындысынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев резиденцияны сүріп, орнына саябақ салу туралы шешім қабылдаған болатын. …

Подробнее...

Мәсімовтың мүлкі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовке қатысты тың ақпаратты хабарлады. Құзырлы орган экс-төрағаны халықаралық жемқорлыққа барды деп күдіктенуде. Қаңтарда ұсталған Мәсімовтің тергеу барысында жабық келісімшарт үшін шетел азаматтарынан 2 миллион АҚШ доллары көлемінде пара алғаны анықталған. Ал Үкіметті басқарғанда оған бизнесмен ел астанасында құны 2,5 миллиард теңге тұратын элиталық тұрғын үй мен жер телімін сыйлаған. Бұдан бөлек, экс-шенеуніктің зәулім баспанасын тінту …

Подробнее...
X