«Аманат» – еліміз үшін айрықша мәнге ие, киелі ұғым. Ата-бабаларымыздың келешек ұрпаққа қалдырған өсиеті. Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай Нұр Отан атауының өзгеруі – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бастамалардың бірі деп атап өтті. Осы ретте, партиядағы әрбір азамат «аманатқа қиянат жасамай», ел игілігі үшін аянбай еңбектенуі керек деген ойымен де бөлісті.
Подробнее...Новости
Қаңтар қасіреті кезінде курьер бұзақыларға байланыс құралдарын жеткізген
Қаңтар қасіретіне қатысты жаңа деректер ашылып жатыр. Телеграмм каналға оқиға куәгерлерінің бірі жіберген әуесқой кадрларда қос дөңгелекті көлікті тізгіндеген курьердің тәртіп бұзушыларға байланыс құралдарын жеткізіп жатқаны бейнеленген. Дәл осылай қарудың да таратылғаны белгілі. Мына кадрларда бүлікшінің курьерді бөтен көзден қалқанымен жауып тұрғаны анық көрініп тұр. Полицияның болжамынша әйгілі қызметтің униформасын жамылғандар күдік туғызбай блок бекеттерден емін-еркін өтіп Алматының орталық алаңында …
Подробнее...Мінбердегі есеп пен халық сөзі екі бөлек
Биылғы көктемгі егістік науқанына бюджеттен бас-аяғы 220 млрд теңге бөлініпті. Елдің сөзі мен мінбердегі есеп тағы бір жерден шықпай қалды. Үкіметте сөз алған ауылшаруашылық саласынынң басшысы бәрі тамаша дейді, депутаттар, керісінше, құрыдық дейді. Ресей мен Украинадағы гео саяси жағдайға байланысты шекарада мыңдаған көлік елімізге жете алмай тұр. Олар көктемгі егіс науқанына керек-жарақ тиелген машиналар еді. Ал, министр орынбасары Сапаров шаруалар …
Подробнее...Директордың қысымы
Мектеп директоры мұғалімдерден ақша сұрап, қолын қайтарғандарға қысым көрсетіп жүр. Тіпті ол педагог келіншектердің күйеуіне қоңырау шалып, жанжал шығарады екен. Шымкенттегі орта білім ордасының ұжымы осылай деп арнамызға арызданды. Ұстаздарға ұрда — жық мінез танытып жүрген басшы кім? Ұрпақтың келешегіне жауапты мамандардың арасындағы айқайдың ақ — қарасын Ғалымжан Кенжебек айтады.
Подробнее...Ресей мен Украина шиеленісіне Түркия арағайындық жасап жатыр
Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске бұл жолы Түркия араағайындық жасауда. Неше күннен бері бір ымырға келе алмай отырған қос тараптың Сыртқы істер министрлері Анталияда кездесу өткізіп жатыр. Мақсат айқын, бауырлас елдер арасындағы қарулы қақтығысты тоқтату. Алқалы жиынға қатысушылар арасында Ресей мен Украина өкілдерінен бөлек, Түркияның сыртқы істер министрі де бар.
Подробнее...Мемлекет басшысы тергеу амалдарының әділ жүргізілуіне қатысты өз ұстанымын айтты
Қаңтардағы қасіреттің кермек дәмін қарапайым халық әлі ұмыта алмай келеді. Бүлікке қатысы бар деген күдікпен елімізде мыңнан астам азамат ұсталды. Еліне, жеріне адал қызмет ететін, нағыз отаншыл азаматтар мұндай опаздыққа бармайды. Отандық телеарнаға кеңінен сұхбат берген мемлекет басшысының сөзінен үзінді бұл. Осы тұста, ұсталғандардың құқы тапталмауын, нақақтан-нақақ сотталмауын, бейкүнә адамдардың жоқталмауын мемлекет басшысы қадап айтты.
Подробнее...Әкімдер жыл бойы халықпен кездесуге міндетті
Еліміздің өркендеп дамуы үшін, халықтың талап-тілегін ескере отырып, мәселені шешу мақсатында әкімдер жыл бойы жергілікті тұрғындармен кездесуге міндетті. Мемлекет басшысы апта басында осындай жаңа қаулыға қол қойған болатын. Енді жергілікті атқарушы билік басшылары қауырт жұмысына қарамастан қарашамен кездесуге уақыт табуы тиіс. Осы ретте, жаңа жарлыққа қатысты ел тұрғындарының пікірін сұрап көрдік.
Подробнее...Интернет мәселесі мәжілісте тағы қаралды
«Қытайға қош келдіңіз». Депутаттар шекаралас аймақтардағы халықтың ұялы телефонына таңның атысы, күннің батысы осы сарындағы смс хабарламалар келетініне қынжылыс білдірді. Халық қалаулыларының сөзінше, елімізбен көрші жатқан Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның байланыс операторлары біздің абоненттерге тыным бермейді екен. Бұл азаматтарға моральдық жағынан үлкен соққы деген депутаттар жауаптылардан мәселені тез арада шешуді талап етті. Ал, елімізде интернет сапасы қандай деңгейде? Өркениеттен тыс қалған …
Подробнее...Мәжілісте ауыс-түйіс: бірнеше депутаттың өкілеттік мерзімі уақытынан бұрын тоқтатылды
Мәжілістің бүгінгі отырысы ерекше өтті. Бірнеше депутат мандатын тапсырып, жиын ауыс-түйіспен басталды. Депутаттықтан бірден екі халық қалаулысы өз еріктерімен бас тартып, орнын босатты. Бірақ, ізін суытпай бос қалған креслоға «AMANAT» партиясынан жаңа мәжілісмен келді. Мандатқа ие болған кім? Жалақысы аш қалдырмайтын парламенттен екі адам берден неге кетті? Нұржан Сәдірбай әрі қарай баяндасын.
Подробнее...Сәуірден бастап елдегі кинотеатрлар желісі белгісіз мерзімге жабылуға мәжбүр
Көктемнің алғашқы аптасы киномандар үшін жағымсыз жаңалықтан басталды. Сырттағы геосаяси жағдайлардың салдарынан бірқатар голивудтық компаниялар көрші елмен келісімшарттарын үзіп жатыр. Салқыны біздің елден де айналып өтпеді. Мереке қарсаңында кинопарк желілерінің басшысы бір айдан соң жабылатындарын жеткізді. Тақырыпты Нұрай Құрақпай тарқатсын.
Подробнее...






