Қаңтар қасіреті туралы деректі фильм жарық көрді. Туынды қайғылы оқиғаға куә болып, өзгенің өмірі үшін басын қауіпке тіккен сақшы қыздың әңгімесімен түсірілген. Шығарма авторының айтуынша, аталмыш фильм қазақ қыздарының қайсарлығы мен ержүректілігін дәріптеуге арналған. Ал мәні мен мағынасы зор деректі фильм бар жоғы 3 күнде түсіріліпті. Сондай-ақ, бір тиын да қаражатты талап етпеген туындының әлі де жалғасы бар. Идея авторы …
Подробнее...Новости
Қаңтар қасіреті кезінде алматыда қылмыс жасаған 41 айыпталушыға сот үкімі шықты
Қаңтар қасіреті кезінде Алматыда қылмыс жасаған 41 айыпталушыға сот үкімі шықты. Тағы 41 іс қазылардың өндірісінде. Жаза арқалағандар негізінен дүкендер мен автокөліктерді тонаған. Арасында ұсақ ұрлық жасағандар көп. Мысалы сотталғанның бірі жанармай бекетінің тоналып жатқанын көріп, 10 литр авткөлік майын жамқырып кетіпті. Оған сот 40 сағат қоғамдық жұмыс істеуге үкім шығарды. Жалпы, 41 айыпталушының біреуі де түрмеге тоғытылған жоқ. Сот …
Подробнее...Жүз жастағы ару
100-ші көктем. Ғасыр жасаған елордалық әже биыл ұрпақтарының ортасында жүзінші мерекесін қарсы алды.Кейуананы біздің ұжым да құттықтау үшні үйіне барған еді. Сюжет көрейік.
Подробнее...Әлемдегі қызық құттықтаулар
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні. Десе де әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа. Біз әдетте қыздар қауымына гүл сыйлап қуантамыз. Ал Қытайда бұл күні туристтер ғана гүл шоқтарын құшақтап жүретін көрінеді. Тағы қандай қызық құттықтаулар бар, тілшіміз Мұхтар Өміртай тарқатсын.
Подробнее...Қыздарға қандай сыйлық берген дұрыс?
Жалпы елімізде 9,8 миллион әйел тұрады. Оның жартысынан көбі яғни 6 миллионы қалада, қалаған 3,8 миллионы ауылда тұрады. Ақпаратқа сенсек, нәзік жандылар көбіне білім саласын таңдайды. Қазір онда 552 мың ару жұмыс істеуде. Ал бизнесте — 416 Мың, Сату қызметінде — 355 мың, саудада — 273 мың, Қызмет көрсету саласында — 270 мың.
Подробнее...Биліктеші бикештер
Үйде нәзік, түзде батыл бұрымдылар. Елімізде билік тізгінін ұстаған нәзік жандардың қатары жыл санап артып келеді. Әйел депутат, министр, әкім де бар. Саны жағынан да қыз — келіншектердің қарасы басым. Қазақстан халқының 9,3 миллионы ер адам болса, әйелдер үлесі 9,8 миллионды құрайды. Баласын бағып, күйеуінің көңілін тауып, қызметінде маңызды мәселелерді шешуге шебер жандармен тілшіміз әңгімелесіп қайтты.
Подробнее...Қазақтың құрты — мүгедектіктен сақтайды
Қазақтың құрты балаларды аяғынан тұрғызып, мүгедектіктен сақтайды. Павлодардағы ақ жаулықты аналар ұлттық дәмнің көп біле бермейтін осындай шипасымен бөлісті. Ансамбльде ән шырқайтын апаларды біздің арнаның #еңдәмді құрт челленджі аясында әңгімеге тартқан едік. Сюжет көрейік!
Подробнее...Ақтаулық ұшқыш ару
Жауапты жұмыстағы жалғыз ару! Ақтау әуежайында кіл ердің арасында жалғыз нәзік жан қызмет атқарады. Бұрымды — кей жігіттің қолынан келе бермейтін міндетті абыроймен орындап жүр. Жас маман жолаушы ұшақтарының сыртқы ақауын тексеріп, жанармаймен қамтамасыз ету жүйесін бақылайды екен. Сондай — ақ өзінен жүз есе үлкен әуе көліктерін арнайы тұраққа бағыттап, өзге де жұмыстарды тап — тұйнақтай етеді. Бұл қызметті ақтаулық …
Подробнее...Ақылы жолдағы ірі жол апаты
Мереке күндері республикалық маңызы бар автожолдарда ірі жол көлік көлік оқиғалары орын алуда. Бір Елорданың іргесінде қырыққа жуық темір тұлпар бір-біріне соқтығысқан. Көз жұмғандар да бар. Бұдан бөлек, боранның кесірінен жолда қалып қалған адамдардың да қарасы қалың. Үш күндік демалыстың қызығын емес, кесірін көргендер жайлы тілшіміз тарқатады.
Подробнее...Қазақтың бұлбұлы
«Қазақтың қаһарман қызы». Қазақтың бұлбұлы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай осындай шара өтті. Марқұм халық әртісінің мерейтойында өнер майталмандары сахнаға шықты. Көзі тірісінде талайдың жүрегін талантымен жаулаған апамызды сағынған жұрт оның әндерімен мауқын басып, өнерпаздарға қошемет көрсетті.
Подробнее...






