Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Украина Президентінің бастамасымен өткен тілдесуде тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасқан. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты. Екеуара әңгімеде қандай мәселе талқыланғанын Қасым-Жомарт Тоқаев «Твиттер» желісіндегі парақшасында да жазды.
Подробнее...Новости
Қаңтар оқиғасы: тағы бір дүкен тонаған азамат істі болды
Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Алматыда сауда үйлерін тонаған тағы бір мародерге сот үкімі шықты. Ол оңтайлы сәтті пайдаланып дүкеннен жалпы сомасы 300 мың теңгенің ұялы телефондарын қолды еткен. Күдікті өзінің кінәсін толық мойындады.
Подробнее...Құрт — құмырсқаны құртамыз деп, қарашаны қыра ма?
Құрт — құмырсқаны құртамыз деп, қарашаны қыра ма? Көкшетаудағы сауда орталықтарының біріндегі дезинфекция тұрғындардың ашу-ызасын туғызды. Дүкендерді арнайы химиялық қоспамен тазартқан мамандар сөреде тұрған тамақтарды жаппай, ерітіндіні азық-түліктің үстіне шаша берген. Енді қала жұрты улы асты азық қыламыз ба деп қауіптеніп отыр. Тақырыпты Нұрай Құрақпай тарқатсын.
Подробнее...Қымбатшылықты қалай ауыздықтаймыз?
Елімізде енді ас-судан бастап, баспана бағасына дейін аспандауы мүмкін. Отандық сарапшылар осылай деді. Олардың айтуынша, екі бауырлас елдің арасындағы соғыс Қазақстан экономикасына салмақ түсіреді. Мамандар жағдайдың қашан әрі қалай тұрақталатынына болжам жасады. . Тілшіміз Динара Жарқынбек толығырақ тарқатады.
Подробнее...Тараз тұрғыны өзінің әйел екенін дәлелдей алмай жүр
Тараз тұрғыны өзінің әйел екенін дәлелдей алмай жүр. 2000-ыншы жылы ол дүниеге келген кезде Туу туралы куәлігінде қате кеткен екен. Мамандар оның жынысын «ер» деп көрсетіп, аты — жөнін Қалдыбаев Нұрзат Талғатұлы делінген құжат берген. Бірақ, бұл қатені көпке дейін ешкім байқамай келіпті. Нұрзат бұл олқылық жайлы кәмелетке толған кезде барып бір-ақ білген. Содан бері тиісті органдардың табалдырығын тоздырып, талай …
Подробнее...Қатты қорықтық: украинадағы қазақстандықтар елге эвакуацияланып жатыр
Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау операциялары жалғасуда. Кеше кешкісін Польшаның катовице қаласынан елорда әуежайына екінші рейс келді. Сыртқы істер министрлігінің мәлімтенше 124 адам жеткізілген, олардың 4-уі нәресте. Сондай-ақ 7 үй жануары да эвакуацияланды.
Подробнее...Президент резиденциясы сүріледі
Алматыдағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүріледі. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында. Айта кетейін, бұл ғимарат 1995 жылы пайдалануға берілген. Биыл ғимараттың қасбетін реконструкциялау жоспарланған …
Подробнее...Еркекше айтыңызшы: шымкенттіктер әкімге талап қойды
Жүргізуші: Шымкентте тұтас бір шағын ауданның жері алпауыт компанияға берілмекші. Тіпті, шенеуніктер бұл үшін қаланың бас жоспарына өзгерістер енгізіп, құжатты Нұр-Сұлтан қаласына жіберіп қойған дейді шу шығарған тұрғындар. Ал, қарызданып жүріп жер алып, үй салғандар енді баспаналары мен учаскелерін өлсек те бермейміз деп отыр. Десе де, қалалық архитектура басқармасының басшысы халықпен кездескен кезінде, түбінде жерлеріңді аламыз деп айтып кетіпті. Тұрғындар …
Подробнее...Балалар жылында балаларға жасалған қиянат
Балалар жылында балаларға жасалған қиянат. Осылай деп ашынған Алматы облысындағы ата-аналар мен шығармашылық орталық жетекшілері бас көтерді. Өйткені, оқушыларға арналған тегін үйірмелер жұмысын тоқтатпақ. Себебі, 1 наурыздан бастап, өңірде спорттық және шығармашылық тапсырыс бойынша тіркелген ұйымдарға ақш а бөлінбейді. Әкімдік қаржылай қиындыққа байланысты, жергілікті бюджеттің шамасы жетпейді, — деп отыр. Ал, бұған орталық жетекшілері мен ата-аналар түбегейлі қарсылық білдіруде.
Подробнее...Қаңтардағы жауыздықтың жаңа деңгейі
Қаңтардағы жауыздықтың жаңа деңгейі. Ақтөбеде тәртіп сақшыларын аяусыз көлікпен қағып, таптаған адам ұсталды. Полицейлерді өлтірмек болған қанды қол қылмыскер қазір қамауда отыр. Бұдан бөлек қыздардың заттарына құмар болған морадерлер де анықталды. Олар әшекей бұйымдар мен бренд сөмкелерді қолды қылыпты. Бір қызығы бұл жігіттер әйел заттарының қайсысы құнды, қайсысы көшірме екенін ажырата алады екен. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің басқа …
Подробнее...






