0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Күйеуінен оңбай таяқ жеген әйел үйінен қашып кетті

Күйеуінен оңбай таяқ жеген әйел үйінен қашып кетті. Үнемі соққының астында қалып, азапталған келіншектің алты баласын жетектеп, бас сауғалаудан басқа амалы болмапты. Далада қалған көпбалалы анаға кім көмектесті? Қорлық көрген бұрымды қайдан паналады? Келесі бейнематериалда.

Подробнее...

Ресей мен Украина келіссөздерінің кезекті раунды кейінге шегерілді

Ресей мен Украина келіссөздерінің кезекті раунды кейінге шегерілді. Осыған дейін тараптар 2 наурыз күні Беларусьте жолығатындарын айтқан еді. Соңғы сағаттарда белгілі болғандай, делегациялар келіссөз өтетін орынға әлі жетпеген. Тараптар ымыраға келем дегенше, қос елдің арасындағы қақтығыс сәт сайын күшеюде. Құрбандар саны да артып жатыр. Құрбандар демекші, Киевтегі Қазақстан елшілігінің қасында жарылыс болды. Телемұнараның күл — талқаны шыққан. Саяси нысандағы отандастарымыз …

Подробнее...

Белгілі ғалым Ұзан Молдашұлы Ысқақов 80 жаста

Төл валютамыз теңге, алғашқы ұлттық санақ, «Болашақ» бағдарламасы, қор биржасы сияқты ұғымдар бүгінде үйреншікті болып кеткен. Ал осының бәрін пысықтап, енгізген азаматтарды, өкінішке қарай екінің бірі біле бермейді. Бүгін осындай тың бастамаларды жүзеге асырған мемлекет қайраткері, белгілі ғалым Ұзан Молдашұлы Ысқақов 80 жасқа толып отыр.

Подробнее...

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Қазақстан Президентінің айтуынша, бейбіт өмірсіз даму да болмайды. Сондықтан екі тарап өзара ымыраға келуі тиіс. «Бөлінбеушілік пен ортақ қауіпсіздік өзара түсінік пен сенімді қажет етеді. Өкінішке қарай, бұлай болмады. Миниск келісімі қағаз күйінде қалып қойды. Бұл Украина аумағындағы әскери іс-қимылға алып келді. Геосаяси ахуал теңдессіз түрде шиеленісті», — деді Мемлекет басшысы

Подробнее...

Жер үйдің аумағына жасырылған қару-жарақ қоры табылды

Алматы облысының полицейлері Қарасай ауданындағы жер үйдің аумағына жасырылған қару-жарақ қорын тапты. Тергеушілер мәліметінше, үш күдікті қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенін тонаған. Олардан үш ойық ұңғылы, үш тегіс ұңғылы мылтық, бір винтовка, аңшылық жарақтар мен оқ-дәрі тәркіленген. Ұсталғандар 5 тен 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Подробнее...

Ресейге салынған санкцияның салқыны бізге қалай әсер етеді?

Украинадағы жағдайға байланысты елімізде доллар бағамы тұрақсыз болып тұр. Күні кеше 500 теңгеден асып жығылған көк қағаз құны бүгін біршама түсті. Таңғы қор биржасының саудасында америкалық валюта 482 теңгеден саудаланған. Ал, еліміздің айырбас пункттерінде 487-495 теңге аралығында саудаланып жатыр. Осы жағдайға байланысты Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы жедел шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді. Бүкіләлемнің назарын аударған геосаяси жағдайға байланысты елімізде инфляция …

Подробнее...

Ұлағатты ұстаздарға мың алғыс!

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде алғыс жауатын күн. Барша қазақстандық туған-туыс, әріптес, досты түгендеп, шама шарқынша рахметін айтып, жүректен шыққан жылы сөзін арнап-ақ жатыр. Алғысқа бөленіп жатқандардың арасында, әрине, ұрпағына білім нәрін сусындатқан ұстаздар да бар. Әсіресе пандемия кезінде осы жандардың қадір-қасиеті артқаны жасырын емес.

Подробнее...

«Нұр отан» партиясының атауы «Аманат» болып өзгереді

«Нұр Отан» бұдан былай «Аманат» партиясы болып аталады. Бұл ұйым соңғы 23 жыл тарихында үшінші рет атауын ауыстырып отыр. Жаңа атауды таңдауда Мемлекет басшысы тікелей атсалысқан. Қасым-Жомарт Тоқаев атауын қана өзгертіп қана қоймай, бүкіл затын өзгерту керектігін атап өтті. Партияны жаңғыртудың жеті жолы ұсынылды. Бұрынғы нұротандықтарды өзге де қандай өзгерістер күтіп тұр? Бұл туралы партияда өмірінің жартысын өткізген Берік Байғара …

Подробнее...

Бейжіңдегі қысқы олимпиада: қолаға зар болдық

Ел спортшыларына медаль бұйырмаған Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Кеше Токиода өткен жазғы Олимпиадада 8 қолаға қанағат етпеп едік, енді қола да қол жеткізбей тұр бүгін. Десе де Қытай астанасында қазақстандық спорт формасы ең стильді киімдердің қатарынан көрінді. Ал спорттағы бәйгеден бабымыз қашан келеді. Бағымыз қашан орнайды? Тілшіміз Мұхтар Өміртай қысқы Олимпиаданың көңіл қынжылтар қортындысы туралы қаузап көрді.

Подробнее...

Украинадан отандастарымыздың алғашқы легі ұшып келеді

Украинадан Қазақстанға қайтам деген отандастарымыздың алғашқы легі ұшып келеді. Тура екі сағат бұрын көтерілген әуе кемесіне 175 отандасымыз отырған. Олар алдымен Атырауға жетіп, жанармай құйып алған соң, Алматыға бет алады. Оңтүстік астанаға ұшақ нешеде қонады? Президент қақтығыс болып жатқан аймақтан ел тұрғындарын алып шығу туралы не деді? Тілшіміз тарқатады.

Подробнее...
X