Дастарханға адам етін қойғанмен тең. Ұлдарының сүннет тойында ерекше шоу жасаймын деп, мұхиттың арғы бетінен акула етін алдыртқан Әбдіжаппар Әлқожа халықтың сынына ұшырады. Әнші жыртқыш балықты АҚШ елінен арнайы жеткізіпті. Жалпы акула етіне қатысты шариғатта не делінген? Нұрай Құрақпай тарқатсын.
Подробнее...Новости
Теңге тағы құлдырады
Теңге тағы да құлдырады. Валюта бағанындағы доллардың бағасы сәт сайын көтеріліп барады. 1 АҚШ валютасының құны – дәл қазір 465 теңгеге жетті. Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің бір ұшы бізге келіп тиді ме? Төл теңгеміздің ендігі тағдыры қалай болмақ? Тілшіміз Мұхтар Өміртай жұртпен тілдесіп, сарапшылардың пікірін біліп қайтты.
Подробнее...Кәсіпкерлер қымбатшылықтан қарызға батып жатыр
Қымбатшылықтан қараша ғана емес, кәсіпкерлер де қағажу көруде. Әсіресе құрылыспен айналысатын компаниялар қарызға белшесінен батқан. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында нысан салуды бастап, аяқтай алмай қалған бизнес иелері бар. Олар құрылыс материалдарының күрт қымбаттауынан жұмысты тоқтатуға мәжбүр болған екен. Ал мемлекеттен аймақтағы қымбатшылық қыспағында қалған мердігерлерге бөлінген миллиардтаған өтемақы бәріне бірдей берілмейді. Өйткені жауапты министрліктің талабы бар. Оралдық әріптесім Ерденбек Жылқайдарұлы …
Подробнее...Украина мен Ресейге қатысты еліміздің ұстанымы қандай?
Ресей мен Украина арасындағы жағдай ушығып, әскери қақтығысқа ұласты. Мұндай кезде еліміздің ресми ұстанымы қандай? Аталған екі мемлекеттің арасындағы шиеленіс Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін? Толығырақ тілші материалында.
Подробнее...Ресей мен Украина арасындағы ахуал ушықты
Күллі әлемнің назарындағы Ресей мен Украина арасындағы ахуал ушықты. Бүгін украин билігі елде төтенше жағдай жариялады. Екі мемлекеттің де басшылары үндеу жасап, өздерінің ұстанымдарын білдірді. Әріптесім Айғаным Достанбайды тыңдайық
Подробнее...Қаңтар қасіреті кезінде ұрланған қарулар еліміздің әр өңірінен табылып жатыр
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Алматы қаласы және Алматы мен Жамбыл облыстарында 3000-нан астам қару-жарақ пен оқ-дәрілер тоналғаны белгілі. Ұрланған қарулар мен арнайы құралдар күн сайын еліміздің әр өңірінде тәркіленіп жатыр. Бірақ тоналған 2000-нан астам қару-жарақ әлі табылған жоқ. Осыған орай, Ақтөбе облыстық полиция департаменті жергілікті тұрғындарға үндеу жасады.
Подробнее...Қатерлі ісікке шалдыққандарды мемлекет есебінен емдеу тоқтатылуы мүмкін
Қатерлік ісікке шалдыққандарды мемлекет есебінен емдеу тоқтатылуы мүмкін. Мұны естіген науқастар шу шығарды. Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығына қарсы шыққан жандар дәрі — дәрмекті де өз қаражатына алатындарына естіп, аң — таң. Жауапты ведомоство тек обыр дертінің ауыр түріне шалдыққандарға ғана ем — шаралар жүргізу қажет деп санапты. Бұдан бұрын онкологиясы барлардың барлығы иммундық терапияны кепілді медициналық көмек санатының есебінен …
Подробнее...Утилизациялық алым екі есеге төмендеді
Бүгін барша автосүйер қауым күткен утилизациялық алымның тағдыры шешілді. Жауаптылар оның бағасын екі есеге төмендету туралы шешім қабылады. Оның ішінде автокөлік пен қоса ауыл шаруашылығы техникаларының кәдеге жарату төлемдері де бар. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Аталған өзгерістерден елімізде автокөлік бағасы арзандайды ма? Утилизациялық алым құнының төмендеуіне қатысты жүргізушілер не дейді? Әріптесім Қайыркен Отыншы біліп көрді.
Подробнее...Директор орынбасарынан оңбай таяқ жеп, сәбиінен айырылды
Директор орынбасарының кесірінен сәбиімнен айырылдым! Осылай деген келіншек арнамыздан араша сұрады. Мектепте жұмыс істейтін әйел басшыдан таяқ жедім деп отыр. Өзін көпшілік алдында жұлқылап, әбден күйзеліске түсірген орынбасардың оңбағандығынан соң құрсағындағы шаранасы шетінеп кетіпті. Тараптар сағатты бөлісе алмай, бет жыртысқан. Білім ордасындағы былық жайлы Ғалымжан Кенжебек айтып берсін.
Подробнее...Қаңтар қасіреті кезінде оқ атқан жеті адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қаңтар оқиғалары кезінде қару асынып, көрінгенге оқ атқан жеті адамға қатысты қос қылмыстық іс қозғалды. Қамауға алынған жеті адамның Йакын Инкар экстремистік ұйымының мүшелері екені мәлім болды. Айта кетейін, қаңтар қасіретінен кейін жалпақ жұртқа танылған бұл ұйымға 2018 жылдан бері елімізде тыйым салынған. Сондай-ақ, шетелдің 18 азаматы бүлікке қатысқаны үшін қамауға алынған. Олардың барлығы Өзбекстан, Ресей және Қырғыз елінің азаматтары. …
Подробнее...






