Ресейге сәт сайын түрлі санкциялар жауып жатыр. Мәселен АҚШ Ресейді қаржы жағынан қыспаққа алуға көшкен. Еуроодақ та қол қусырып отырған жоқ. «Қара тізім» жасақтап, оған думаның депутаттары мен бірнеше банкті енгізген. Ең ірі сауда серіктесіміз батыспен қырғи қабақ болып жатқанда, біздің экономиканың тартар зардабы қандай? Айғаным Достанбай сабақтайды.
Подробнее...Новости
Ауыл адамдары марқұмдарды тығылып жерлеп жүр
Естір құлаққа түрпідей тиетін жайт Алматы облысында тіркелді. Бұған себеп те жоқ емес. Елдімекендегі мұсылман зираты жекенің қолына өтіп кеткен. Әкімдіктің жерлеуге берілген жаңа жер телімі егістік алқабы екен. Өлілерді көмуге тығырыққа тірелген тірілердің мәселесің әріптесім Асқар Серғалиев айтып берсін.
Подробнее...Ресей-Украина арасындағы шиеленісте қазақстанның ұстанымы қандай?
Әлем жұртының назары қазір Ресей мен Украина арасындағы шиеленісте. Қос мемлекеттегі саяси ахуал күннен күнге ушығып барады. Кеше Владимир Путин Луганск және Донецк Халық Республикаларының тәуелсіздігін ресми мойындады. Ал Қазақстанның ОДКБ құрамында екені белгілі. Алда-жалда аталған мемлекеттер қару асынып, бір — біріне қарсы шығар болса біздің әскер де бұл соғысқа аттана ма деген заңды сұрақ туындайды. Бүгін бұл сауалға сыртқы …
Подробнее...22.02.2022: Бір ғасырда бір келетін ерекше күн
Бүгін еліміздегі АХАТ бөлімдерінің жұмысы қызды. Бұрын — соңды болмаған неке нөпірі тіркеліп, мыңдаған жас отбасын құрды. Бұған бүгінгі күннің тікелей қатысы бар. Айна датасы аталған 22. 02. 2022 көпке шабыт бергенге ұқсайды. Ғалымдар да бұл сейсенбінің сиқыры бар дейді. Қорқыныш пен күдіктен құтылып, қуаныш пен үмітке ұмтылатын күннің күшін Нұрай Құрақпай әңгімелейді.
Подробнее...Күдіктілерге қатысты тергеу қалай жүріп жатыр?
Абақтыдағы азаптау жайттары туралы қылмыстық істердің барлығы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің өндірісінде. Ал журналистер қауымы қамаудағыларды абақтыда ұстау жағдайы қалай деген бұйымтаймен Шымкенттегі 167/11 тергеу изоляторына шыққан. Әдеттегі жабық мекеме тілшілерге ашық есік күнін жасап берді.
Подробнее...Отандық автокөлік өндірісі неге тұралап тұр?
Осы отандық көлік деп ауыз толтырып айтамыз. Ал, шынтуайтында сол көліктердің ішіндегі қанша бұйым Қазақстандық өзі. Біреу болсын осыны тексерді ме екен? Біздің тілшіміз ақиқатын білді. Айтсам сенбейсіз. Темір тұлпарлардың дискісі, аккумуляторы, сұйықтықтары және ұсақ бұйымдары ғана біздің өнім, қалғаны шетелден дайын келеді екен. Бұл саладаға басқа да белгісіз жайттарды екі күн үйге қонбай, зауыт аралаған Берік Байғара баяндасын.
Подробнее...Аяғы ауыр әйел қару тонаған
Алматыда аяғы ауыр әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан. Жетінші баласына жүкті келіншек күйеуіне мылтық, тапанша және оқ-дәрілерді ұрлауға көмектескен. Ерлі-зайыптылардың іс-әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мына видеода дүкеннен жәшіктерді алып-шығып жатқаны анық көрінеді. Олардың үйін тінту кезінде тоғыз «Сайга» ұңғысы, екі мылтық, винтовка, тапанша, оқ-дәрілер, резіңке тоқпақ, яғни дубинка, ағаш биталар, сапер күрегі мен радиостанциялар табылды. 1996 жылы туған жігіт …
Подробнее...Жанармай құю бекетінде жарылыс болды
Ақтөбе соңғы күндері апатты жайттардан көз ашпай келеді. Кеше мектеп автобусы өртеніп, оқушылардың басына қауіп төнген еді. Бүгін таңда жанармай құю стансасында жарылыс болып, бір адам қаза тапты. 67 жастағы марқұмның денесі бес сағаттан соң үйінді астынан табылған. Оқиға орнына барып қайтқан тілшіміз Ақбаян Сұлтанмұратова жалғастырсын.
Подробнее...285 елдімекенді су басуы мүмкін
Еліміздегі жарты миллионға жуық жанның басына көктемде қауіп төнеді. Бүгін Төтенше жағдайлар министрі осылай деді. Өйткені, 285 елдімекенді су басуы мүмкін екен. Салаға жауаптылардың статистикасы мен болжамын тыңдаған Үкімет басшысы су тасқынының салдарын жоюды әкімдіктер қолға алуы тиіс деді. Сондай — ақ премьер — министр журналистер алдында сөзінен шатасып, сұраққа тіке жауап бере алмайтын министрлер мен оның орынбасарларына қатаң ескерту …
Подробнее...Қаңтар оқиғаларын тергеудің жаңа жай жапсарлары анықталды
Қаңтар оқиғаларын тергеудің жаңа жай жапсарлары. Бүгін ішкі істер министрлігі мен бас прокуратура кезекті брифингін берді. Жаппай тәртіпсіздік және билікті күшпен басып алу сондай-ақ терроризм актісі бойынша сотталғандарға қатысты ақпараттар мәлім болды. Мұның сыртында қылмыс жасау әрекеттерінің жаңа қырлары ашылуда. Мәселен, Алматы әуежайына шабуыл жасағандардың екеуі ұсталған. Қаңтардағы шабуылдар турасындағы өзге де жайттар мен тергеудің барысы жайлы дәстүрлі сюжетке кезек …
Подробнее...






