10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

«Жалақымыз жүз мың болсын!»

Жалақымыз жүз мың болсын! Осылай деген елу шақты жұмысшы бүгін наразылығын білдірді. Теміржол ковзалында тер төгіп жүрген жандар талай жылғы еңбегіміз еленіп, айлығымыздың өсетін түрі жоқ дейді. Басшылыққа базынасын жеткізген жандар тапқанымыз кредит төлеп, ас — судан артылмайтын болды деп ызалы. Жауаптылардың да айтар уәжі бар. Тақырыпты әріптесім тарқатсын.

Подробнее...

Қорқынышты жатақхана

Іргетасы сөгіліп, жертөлесі суға толып кеткен жатақхана тұрғындары арнамызға арыздарын жеткізді. Талайдан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген баспаналарының су құбырлары шіріп кеткен екен. Алда-жалда жатақхананың қабырғасы опырылып, шатыры ұшып кетсе таңқалмаймыз дейді олар. Қақаған қыста қақыраған қабырғада күн кешіп жатқандармен тілшіміз Мұхтар Өміртай кездесіп қайтқан болатын.

Подробнее...

Құрылыстағы қаза

Астанада құрылыста жүрген ер адам кенеттен қаза тапты. Үш баланың әкесі әдеттегідей кранның тізгінінде отырған екен. Оқыстан морт сынған алып техника азаматтың ажалына себепші болды. Әріптестері оның өліміне еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы себеп дейді. Яғни кран жүктің артық салмағын көтере алмай қалған. Бірақ істі тексеруді бастаған жауапты департамент бұл долбармен келіспейді. Құрылыста краны көп құлайтын қаладағы қайғылы жайттың жай — жапсарын …

Подробнее...

Садақ атудан ел чемпионаты өтті

Садақ асынған 200-ден астам жан Түркістанда бас қосты. Өйткені мергендікті талап ететін спорт түрінен ел чемпионаты басталды мұнда. Киелі шаһарда оза шапқандар Азия кубогына жолдама алады. Олимпиада бағдарламасында бар спорт сайысына қатысушылардың нәтижелері де басқаша есептеледі. Ал әзірге Алматы облысының мергендері алда келе жатыр екен. Тілшімізді тыңдайық!

Подробнее...

Сауда орындары тоналған

Біздің редакцияға «қаңтар оқиғасы» кезіндегі мародёрлардың іс-әрекетіне қатысты бейнежазбалар келіп түсіп жатыр. Соның бірінде Алматыдағы «Мобилка» сауда үйінің қалай тоналғаны жазылыпты. Ол жерде де бірнеше кәсіпкер зардап шегіп, миллиондаған теңге шығынға батқан. Қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні бұзақылар негізінен қымбат смартфондар мен аксессуарларды алып кеткен. Видеодан дүкен сөрелерінің тас-талқаны шығып, қирап жатқанын, бос қораптарды көруге болады. Бүгінгі күні барлық сатушылар …

Подробнее...

Қаңтар оқиғаларында үш мыңнан аса тәртіп сақшысы жапа шеккен

Қаңтар оқиғалары кезінде 3037 полицей мен Ұлттық гвардия сарбаздары жапа шекті. Бүгінде ауыр жараланған 107 адам ауруханада. Солардың бірі — аға лейтенант Ғазиз Нұрғалымов. Ол Алматыдағы Әуезов аудандық полиция басқармасында учаскелік инспектор. Ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Погондыларға тап берген қалың топтың ортасында қалып, аяусыз соққыға жығылған

Подробнее...

Ақтөбеде мектеп оқушылары өртеніп кете жаздады

Мектептің қырыққа жуық оқушысы өртеніп кете жаздады. Ұл — қыздар мінген автобус аяқ астынан түтіндеп, артынша тарс еткен дыбыс шыққан. Абырой болғанда, қатты қорыққан балаларды жүргізуші мен тәрбиеші сыртқа шығарып үлгерген. Мұны естіген ата — аналардың есі шығып, білім ордасына ағылыпты. Автобустың ақауы барын мектептегілер бұрыннан білген. Әріптесім Ақбаян Сұлтанмұратова мән — жайды анықтап қайтты.

Подробнее...

Ауыттың кесірінен денсаулығы нашарлаған

Алматыда сот жұмысын тоқтату туралы шешім шығарған бетон зауыты әлі күнге жұмыс істеп тұр. Осылай деген тұрғындар кәсіпорынның қызметін тоқтатуды талап етуде. Өйткені күндіз-түні дүрсілден зәреміз ұшып, қалың шаңның ортасында қалдық дейді. Салдарынан балалары да, өздері де жиі ауыратын болған. Дәрігерлер бұл жерден шұғыл көшіңдер деп отыр екен. Қауіпті аумақта тұрып жатқандардың жанайқайы жайлы тілшіміз тарқатады.

Подробнее...

Елорда іргесінде мектеп жетіспейді

Жылаған ана, қиналған бала. Астана іргесіндегі ауылдың ұл — қыздары күйзелісте жүр.Мыңдаған оқушының жартысы аузы — мұрнына толған мектепте оқуға мәжбүр болса, қалғаны қалаға қатынауда. Оқу ордасының жетіспеушілігінен күніне 4 сағатын жолға жұмсайтындары тағы бар. Елдімекендегі балалар білім алу үшін неге азапталуы тиіс? Жыл сайынғы мәселенің шешілер күні қашан? Қайыркен Отыншыны тыңдайық

Подробнее...

Түркістан облысының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Қара судан тарығып, арық суына «қарқ» болып отырмыз. Тіршілік нәріне жарымаған Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғындары осылай дабыл қақты. Қоқыс полигоны жанынан ағып өтетін лай суды ішуге мәжбүрміз дейді. Ал су тасушылардың әкелген суын сатып алуға көбінің жағдайы келмейді. Жергілікті атқамінерлер болса мұны бос сөз деп отыр. Тараптардың тартысын тілшіміз тарқатсын.

Подробнее...
X