Түркістан облысының тұрғындарына таң шапағы терезеден емес, үйдің бұрыш-бұрышынан түсе береді. Себебі берілгеніне көп те болмаған пәтерлердің қабырғалары қақырап, жарықтардан дала көрінетін болды. Былтыр ғана бір үйдің шеті опырылып, жұрт қара қыста қатты әуре болған. Енді үйінді астында қаламыз ба деп үрейленіп жүр.
Подробнее...Новости
ТҰРҒЫНДАРДЫ КІМ ӨКПЕЛЕТТІ?
500 отбасы далада қала ма? Алматыда үйлері сүрілетін жандар жыларман күйде жүр. 50 — 60 миллион теңгеге соққан баспаналарының тас — талқаны шығуы мүмкін. Әкімдіктің шешімі осы. Бұған бұқара көнеді. Бірақ беретін өтемақылары көңілінен шықпай шыр — пыр. Жалғыз қоныстарынан айырылғалы тұрған ағайын енді қайтпек?
Подробнее...ШЕНЕУНІКТЕР ДЕ ШАРШАЙДЫ!
Әкімдердің рейтингі жол сапасымен есептелетін болған соң ба, Жамбылдың кей шенеуніктерінің мазасы қашқан. Елдімекендегі ескі жолды жаңалап жатқан мердігерді қадағалаймын деп әбден шаршаған. Өйткені шекера маңындағы ауылда бастапқыда қарқын алған құрылыс -айға тоқтап қалыпты. Ауыл әкімі тапсырыс беруге хат жазып, мердігерге қайта-қайта хабарласқаннан түк шықпай жатыр дейді.
Подробнее...МАСЫЛДЫҚТЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢЕМІЗ?
Елімізде мемлекеттен берілетін ақшаға мастанған жалқаулар көбейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда масылдыққа жол берген үкіметті сынап, демографиялық ахуалды егжей-тегжейлі зерделеу керектігін айтқан еді. Осыдан соң мұндай олқылықтың неліктен жиілеп кеткенін тілшіміз анықтап көрді.
Подробнее...АТПАЛДАЙ АЗАМАТЫНАН АЙЫРЫЛҒАН ОТБАСЫ ӘДІЛДІК ІЗДЕЙДІ
Аузына арақ құйып, алты жігіт аяусыз ұрып соққан. Түркістан облысында көрші ауылдағы қалыңдығына барған жігіт жан тапсырды. Ауылдастарының соққысынан есеңгіреген ол 3 ай жансақтау бөлімінде жатыпты. Алайда беті бері қарамаған күйі бақиға аттанған. Қайғылы жағдайдан бері бір жыл өтсе де туыстары әділдікке қол жеткізе алмай жүр.
Подробнее...ТОҚАЕВ: «АҚИҚАТҚА ТУРА ҚАРАУ КЕРЕК!»
Ақиқатқа тура қарау керек! Халықаралық құқықты бұзу «қалыпты жағдайға» айналды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта Қасым-Жомарт Тоқаев дүние дидары құбылып, бейбітшіліктің іргетасы сөгілгенін айрықша айтты. Былтырдың өзінде әлемде қару-жараққа 2 триллион 700 миллиард доллар жұмсалған екен. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Өкініштісі, жаһандық қауымдастық қақтығыстарға тоқтау қоюға қауқарсыз. Сондықтан Президент Біріккен Ұлттық Ұйымын жан-жақты реформалауды ұсынды.
Подробнее...ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ТАҒЫ ДА ДАУ…
Бір ауылды қақ бөліп, бір — біріне қас қылған қасапхана! Алматы облысының Талғар ауданында тағы да дау.Бұқара бұл жолы мал базардағы қасапхана үшін қырықпышақ болып жатыр. Қолқаны қапқан иіс былай тұрсын, сүйек — саяқ аңдыған қаңғыбас иттерден зәрезап болыапты. Қарабұлақ ауылындағы ағайынның айқайына себеп болған сергелдеңді әріптесім зерттеп келді.
Подробнее...СЕРІКТІҢ САЯБАҒЫ
Ақтөбеде миллиондарын сыртқа емес, елге болсын деп жұмсайтын адам тұрады. Зейнеткерді жергілікті тұрғындар жақсы біледі екен. Бұқара бұл азаматтың тындырғаны екінің бірінің қолынан келмейді деп мақтайды. Сонда шаһар тұрғыны қандай ісімен көптің алғысын алып жүр?
Подробнее...ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ ҚЫЗ ҚАРАТА АЛМАЙ МА?
Қыздың шыңғырған дауысынан шошып кеттік. Алматыда ескі дәстүрдің құрбаны бола жаздаған жап-жас қызды көршілері құтқарып қалды. Ер адам сүйген қызын алып қашпақшы болып, қасына достарын ертіп келген екен. Алайда қызды тура күштеп көлікке салып жатқан жерінен бір топ тұрғын келе қалған. Енді ескіше үйленгісі келген жігітке не болады? Осы апта некеге мәжбүрлеуге қарсы заң күшіне енді.
Подробнее...СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ НЕГЕ ТҰРАЛАП ҚАЛДЫ?
Астанадағы ақшаның аздығы алыстағы ауылдарға әсер етіп жатыр. Бюджет жетіспеушілігіне байланысты Жамбылда салынып басталған спорт кешені тоқтап қалды. Көктемде ғана алаулатып-жалаулатып қазығы қағылған құрылыста қазір тірі жан жоқ. Ал, олимпиадаға баруды армандаған жеткіншектер жаттығуға бозкілем іздеп, ауданда сабылып жүр.
Подробнее...






