Қаңтардағы қырғында еліміздің медицина мекемелеріне де шабуыл жасалды. Жалпы бұл туралы әлеуметтік желідегі түрлі видеолардан мәлім болып келсе, бүгін құзырлы ведомство фактілермен бөлісті. Денсаулық сақтау нысандарына 20 шабуыл жасалыпты. Сондай-ақ, жапа шеккендер туралы да жаңа мәліметтер бар. Сюжет қарайық.
Подробнее...Новости
Президент: «Қаңтар қасіретіне қатысты халықтан ештеңені жасырып қалмаймыз»
Қаңтар қасіретіне қатысты халықтан ештеңені жасырып қалмаймыз. Бәрі міндетті түрде айтылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық арнаға берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Президент бұл төңкерісті халқымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің тұтастығына төнген қауіп деп бағалады. Бұдан бөлек, «шаш ал десе бас алатындардың» әрекетінен хабардармын деген Қасым-Жомарт Тотқаев, кінәсіз азаматтардың құқы міндетті түрде қорғалатынын жеткізді. Президент күллі елдің көкейінде жүрген бірқатар мәселеге тоқталды. …
Подробнее...Полицейлерді аяусыз соққыға жыққан
аңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер тез тұтанатын қоспасы бар құтыны былай қойып, күштік құрылымдардан тартып алған қару-жарақтарды қолданған. Алматыда түсірілген мына кадрларға мұқият қарасаңыз, үш ер адамның тәртіп сақшысын ұстап алып, ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Біреуі тіпті қалқанды қорған етіп, басына дулыға киіп алған. Мына жерде де бірнеше адам топтасып, құқық қорғаушылар мен әскерилерді таяқтап жатыр. Тағы бір кадрда сарбаздар …
Подробнее...Қаңтар оқиғаларында 1726 бейбіт тұрғын жапа шекті
Қаралы қаңтар оқиғалары бейбіт митингтерді жаппай тәртіпсіздікке ұластырумен шектелген жоқ. Толқулар басылғанымен ғаламторда ақпараттық соғыс жалғасты. Ол көрінеу жалған өсек, қауесеттерді шындай етіп жариялау арқылы көрініс тапты. Фейкке сенбеңіздер деп мәлімдеуде еліміздің Ішкі істер министрлігі. Прокуратура мен полицияның кезекті брифингінде жаңа деректер жария болды. Келесі материалда толығырақ.
Подробнее...Сарбазды басып өлтірген қызылордалық ұсталды
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскери КамАЗды тартып алып, жүк көлігімен Ұлттық ұлан сарбазын басып өлтірген қызылордалық ұсталды. Мына видеодан бүлікшілердің қолдауымен, бұзақы тізгіндеген КамАЗ-дың әскерилердің шебін бұзуға жүйткіп келе жатқаны анық көрінеді. Өкінішке қарай, қатардағы жауынгер Мадияр Қайсаров қашып үлгермей, ауыр техника оны жаншып өткен. 19 жастағы сарбаз оқиға орнында көз жұмды. Марқұм бір отбьасының жалғыз ұлы болған.
Подробнее...Алтай Көлгінов басқаратын әкімдік тағы да дауға қалды
Алтай Көлгінов басқаратын әкімдік тағы да дауға қалды. Нұр-Сұлтан шенеуніктері 40 жылдық тарихы бар ЦУМ-ды 10 миллиард теңгеге жуық сомаға сатып алған. Жарайды, ақжағалыларға дүкен керек болған шығар деуге де болар еді. Алайда биліктегілер нысанды аларда мемлекеттік сатып алу ережесін бұзып, мәслихатпен еш келісілмепті. Дегенмен, шенеуніктердің бұған жауаптары бар. Ол қандай? Нұржан Сәдірбай жалғастырады.
Подробнее...Атыраудағы бүлік: әскери қызметкерлерді көлікпен қаққан
Мәселен мына видео 5 қаңтар күні Атырауда түсірілген. Онда бүлікшілердің облыс әкімдігі ғимаратын қорғауға тартылған полиция қызметкерлерін ұрып-соғып жатқаны түсірілген. Полицейлерді бар күшімен бастарынан соғып, кейін аяқпен беттерінен тепкені анық көрініп тұр. Әскери қызметкерлерді көлікпен қағып, бір адамға он-ондап шабуыл жасаған сәттерді де әлдекімдер ұялы телефонына таспалап алған. Енді бұл кадрлар бүлікшілердің кінәсін дәлелдеп, оларға тиісті жаза тағайындау кезінде бұлтартпас …
Подробнее...Терроризммен күрестің жаңа бағдарламасы керек
Терроризммен күрестің жаңа бағдарламасы керек. Депутат Сенат отырысында Премьер-Министрге осындай сауал жолдады. Сұлтан Дүйсембиновтың сөзінше, Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарлама нәтижесін берген жоқ. Оған – Қаңтар қасіреті дәлел. Теріс ағымның жетегінде кеткендер мен қылмыстық топтар халықтың наразылығын сылтау ретінде пайдаланып, ел тыныштығын бұзғанын еске салды ол.
Подробнее...Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасы кезінде түсірілген тағы жаңа кадрларды жариялады
Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасы кезінде түсірілген тағы жаңа кадрларды жариялады. Мәселен мына видео 5 қаңтар күні Атырауда түсірілген. Онда бүлікшілердің облыс әкімдігі ғимаратын қорғауға тартылған полиция қызметкерлерін ұрып-соғып жатқаны түсірілген. Полицейлерді бар күшімен бастарынан соғып, кейін аяқпен беттерінен тепкені анық көрініп тұр. Әскери қызметкерлерді көлікпен қағып, бір адамға он-ондап шабуыл жасаған сәттерді де әлдекімдер ұялы телефонына таспалап алған. Енді …
Подробнее...«Қаңтар қасіреті» бойынша жаңа деректер
«Қаңтар қасіреті» бойынша жаңа деректер. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 1726 бейбіт тұрғын жапа шекті. Олардың көбісі оқ, пышақ жарақаттарымен ауруханаға түскен. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жарланған полиция мен әскерилер саны үш мыңнан асады. Олардың 273-і әлі ауруханада. Бір бөлігі әлі жансақтау бөлімдерінен шыққан жоқ. Көбі мүгедек болып қалған. Өкінішке қарай олар жұмысқа қайтып келе алмайды.
Подробнее...






