9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Ұлттық ұлан сарбазын басып өлтірген қызылордалық ұсталды

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскери КамАЗды тартып алып, жүк көлігімен Ұлттық ұлан сарбазын басып өлтірген қызылордалық ұсталды. Мына видеодан бүлікшілердің қолдауымен, бұзақы тізгіндеген КамАЗ-дың әскерилердің шебін бұзуға жүйткіп келе жатқаны анық көрінеді. Өкінішке қарай, қатардағы жауынгер Мадияр Қайсаров қашып үлгермей, ауыр техника оны жаншып өткен. 19 жастағы сарбаз оқиға орнында көз жұмды. Марқұм бір отбьасының жалғыз ұлы болған.

Подробнее...

Түркістан облысында екі адамнан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді

Түркістан облысында екі адамнан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Олар Созақ ауданының тұрғындары болып шықты. Бірінің үйін тінту кезінде АК-47 маркалы тапанша, 8 оқ-дәрі, екі пневматикалық винтовка, 16 калибрлі аңшы мылтығы, электрошокер және 2 атыс гильзасы табылды. Екінші күдіктінің тұрғынжайынан тәртіп сақшылары заттай дәлел ретінде оқ-дәрілерді тәркіледі.

Подробнее...

«Қаралы қаңтарда» қаналған кәсіп иелері қандай шағым айтты?

Алматыда қаңтар қақтығысынан зардап шеккен кәсіпкерлерге бір миллиард теңгеден астам өтемақы төленді. Бірақ мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алмай отырған бизнес иелері бар. Олар көмектен қағылғандықтан жұмыссыз қалып, шығынға белшесінен батқан. Кәсібін дөңгелеткен жандарға неге жәрдем жоқ? Әкімдік мұны қалай түсіндірді? Ұлан Тәліпбай тарқатсын.

Подробнее...

Қарлы боран қандай қауіп әкелді?

Ақпандағы апокалипсис. Кешелі — бері жүздеген көлік жолда қаңтарылды. Еліміздің үш аймағында ауаның райы күрт өзгеріп, бұрқасыннан жолдың беті көрінбей қалған. Республикамызда трассамен қатынау қиындап тұр. Қар құрсауында қалған жандарды «төтеншеліктер» құтқаруға барын салыпты. Ақтүтектегі арпалысты әріптесім айтып берсін.

Подробнее...

Әр шенеуніктің шығысы мен кірісі тексеріледі

Табысын жасыратын мемлекеттік қызметкерлер үшін жағымсыз жаңалық. Енді қымбат дүниеңізді енеңіздің не әйеліңіздің атына жазып қою сізді жазадан құтқармайды. Бұдан былай әр шенеуніктің шығысы мен кірісі тексеріледі. Тапқан табысынан, жұмсаған ақшасы артық болса айыппұл төлейді, тіпті 3 жылға дейін жұмыстан шеттетіледі. Бүгін Мәжілісте қаралған жаңа заңның бір ұшы қарапайым халыққа да тиеді. Бұл жайында Берік Байғара баяндайды.

Подробнее...

Газ баллоны жарылып, бүтін бір үй үйіндіге айналды

Шымкентте үйде отырған қызы мен анасы ауруханадан бір — ақ шықты. Алты жасар жеткіншек жансақтау бөліміне жатқызылған. Ал келіншектің жадғайы жаман емес. Ойда — жоқта оқыс жайтқа тап болған отбасының енді барар жері жоқ. Туыстарын жағалауға мәжбүр. Сонда аядай үйдің ішінде не болған? Куәгерлермен тілшіміз тілдесіп қайтты.

Подробнее...

1 млрд-қа салынған мектептің сапасы сын көтермейді

Құны қымбат, бірақ сапа жоқ! Қызылорда қаласында 1 миллиард теңгеге салынып, былтыр ғана пайдалануға берілген мектеп халықтың көңілінен шықпай отыр. Жаңа білім ордасында лифт істемей тұр. Спор алаңдары стандартқа сай емес. Басқа да кемшіліктері жетіп артылады. Осыны айтып шағымданған ата-аналардың арызынан кейін мобильдік топ құрылып, оқу орнын тексерген. Кемшіліктердің көп болғаны соншалық мердігерлер қайта жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Подробнее...

Боранда қалып қойғандар құтқарылды

Бұрқасын мен боранда еліміздің әр өңірінде қар құрсауында қалып қойғандар құтқарылып жатыр. Төтенше жағдай қызметкерлері күні-түні тынбай тер төгіп, жолда қалғандарға жәрдем етуде. Десе де жауаптылар жолаушыларға жолға шықпас бұрын ауа-райы болжамына көз қырын салуды тапсырады. Тілшіміз Мұхтар Өміртай төтеншеліктермен бірге бақылау жұмыстарына барып қайтқан болатын.

Подробнее...

Ақтөбеде жедел жәрдем жүргізушілері жалақыға жарымай жүр

«Жұмысқа шықпаймыз!» Ақтөбеде жедел жәрдем бекетінің жүргізушілері басшыларына наразылықтарын айтты. Олардың жалақыны өсіруді сұрағанына төрт жыл болған. Бірақ, жылдар өтсе де, айлығымыз шайлығымызға жетпей жүр деп шағымданды. Осы уақытқа дейін инвесторлардың басқаруында болған бекет жұмысшыларының талабы орындала ма? Бұған басшылық қандай уәж айтты?

Подробнее...

«Маугли» балалар оқиғасы: әкімдер сөгіс алды

Екібастұз бен Ақсу қалаларының әкімдері қатаң сөгіс алды. Шенеуніктер әкімдік ғимаратынан бес аттам жердегі маугли балалардың жайынан бейхабар болған. Павлодар облысының әкімі сондай-ақ бүлдіршіндердің мұндай адам шошырлық күйге түсуіне әлеуметтік қорғау өкілдері мен денсаулық, білім саласына жауаптылар да кінәлі деп есептейді.

Подробнее...
X