Шымкенттік шенеуніктерге сенбейтін тұрғындар, президент әкімшілігінен көмек сұрайды. Яғни, «Шаңырақ» бағдарламасымен үйлі болған жұрт, әлі күнге дейін шаңырақтарында жылулықты сезбей келеді. Себебі, пәтер құрылысының сапасы сын көтермейді. Қақаған қыста бүрсең қағып, бір бөлмеде тығылып отыруға мәжбүр екен. Ал, жағдайларын айтып атқа мінерлерге шағымданғанымен мәселенің шешілетін түрі жоқ деп ашынып отыр.
Подробнее...Новости
Криптовалюта кесапаты
Алматылық жігіт криптовалюта сатып алымын деп, 100 мың долларға тақырға тақырға отырды. Не алған сандық ақшасы жақ. Не қомақты қаражатын кері қайтара алмауда. Барлық құзырлы органдарға шағымданғанымен нәтиже шамалы. Ол бұл істе криптовалютаны сатқан адам мен полицейлердің ым-жымы бір деп отыр. Ал тәртіп сақшыларының бұған қатысты өз уәжі бар. Тілшіміз толықтырады.
Подробнее...Алдағы күндері ауа-райы құбылмалы болады
Ауа-райының құбылмалы мінезі тұрғындарға қиын соғып жатыр. Еліміздің басым бөлігінде боран соғып, қар құрсауында қалып кеткен көліктер көп. Көктайғақта көлігін басқара алмай қаза болған жүргізушілер мен тіл тартпай кеткен жолаушылар да бар. Тілшіміз Мұхтар Өміртай табиғаттың тосын мінезі қашан са басына түсетінін синоптиктерден біліп қайтқан еді.
Подробнее...Әкенің зары
«Бар шындықты білсем болғаны, ешкімге кінә артпаймын.» Бұл қаңтар қасіретінде ұлынан айырылып қалған әкесінің ендігі арманы. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара академиясының 2-ші курс студенті Дәулет Жұпарбеков қанды қақтығыс кезінде мәңгілік сапарға аттанып кеткен. Алайда, ет жақындары ұлының өліміне қатысты шынайы деректерді әлі күнге дейін біле алмай отырғандарын айтады. Жақында ғана 19 жасқа толған баласының бұл ең соңғы туған күні екенін …
Подробнее...Қорғаныс министрлігіндегі былық
Қорғаныс министрлігіндегі былық. Ведомствоға қарасты еншілес компания еліміздің түкпір-түкпіріндегі кәсіпкерлерді жұмыспен қамтып, соңында еңбекақыларын төлемей кеткен. Алды екі жылдан бері қаржыларын ала алмай жүр. Бір қызығы азаматтарға берешегі бар мекеме жабылғалы жатыр екен. Ал, оның мойнындағы қарызды кім өтейтіні әлі белгісіз. Міне, маңдай терімен тапқан ақшасын даулаған бір топ кәсіпкер бүгін Қорғаныс ведомствосына жиналып, су жаңа министрден заңсыз әрекетке нүкте …
Подробнее...Мүгедек балалар туберкулез диспансерінде емделеді
Мүгедек балалар туберкулез диспансерінде емделеді. Осыны естіген мүмкіндігі шектеулі ұл — қыздардың ата — анасы айқай шығарды. Қауіпті дерт жұқтырғандарды емдейтін орталықтың көшірілуіне тұрғындар да қарсы. Ақыл -есі дұрыс, бірақ қимылдауы қиын балалардың құрт ауруын емдейтін мекемеге ауыстырылуына не себеп? Бұл бастама тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандардың жағдайын одан сайын өршітіп жібермей ме? Тілші толықтырады.
Подробнее...Кінәсіздер абақтыдан шығарылып жатыр
Босатылғандардың барлығы ақталды деген сөз емес, немесе кінәсі барлар да сытылып шығуы бек мүмкін. Қаңтардың 22-де құрылған Аманат қоғамдық комиссиясы бүгін 20-күнгі жұмысының нәтижелерімен бөлісті. Қорғаушы заңгерлер өздері бастама көтерген соң олардың азаматтық ұстанымы Ақ Ордадан қолдау тапқан. Бүгінге дейін комиссияның пәрменімен 85 адам абақтыдан шығарылды. Бұл істің басы ғана.
Подробнее...Футзалдан жұлдызымыз жанып тұр
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков қызметінен кететінін мәлімдеді. Соңғы уақытта сынға көп ұшыраған федерация жаңа басшыларға үміткерлерді де сайлап қойды. Басшы ауысып бақ орнап, футболымыздың жайы жайқалып кете ме? Әлде баяғы жартас, сол жартастың күйін кешеміз бе тағы? Үлкен футболдағы үлкен қателік қайда жатыр? Тілшіміз Мұхтар Өміртай тарқатсын.
Подробнее...Қазы — қартаны қайдам, қараша енді қырыққабатқа зар болатын сияқты
Қазы — қартаны қайдам, қараша енді қырыққабатқа зар болатын сияқты. Өйткені капустаның бір келісі 370 теңгеге дейін қымбаттап кеткен. Базар сөрелерінде өтпей тұрған көкөністің құнының артқанын көрген жұрт базынасын білдіріп жатыр. Сәбіз бен картоопты қойып, енді орамжапырақтың өзіне біраз шығындалатын болдық дейді. Әлеуметтік маңызы бар тауардың құны неге шарықтады? Әкімдер экспортқа тыйым салған Президент пәрменіне құлақ аспағаны ма? Әріптесім біліп …
Подробнее...Енді балалар үйірмелері тегін болады
Елімізде енді балалар үйірмелері тегін болады. Ұл — қыздың сабақтан тыс уақытта пайдалы дүниемен айналысуы үшін мемлекет ақша төлейді. Бірақ батпанқұйрық осы екен деп бас пайдасын күйттеген пысықайлар да табылуда. Баланың қатыспаған сағаты үшін ата — анаға қол қойдырып, қазынадан қаражат алудың қамын ойлағандар кім? Қосымша білім беру орталықтарының қызметі қадағалана ма? Әріптесім тарқатсын
Подробнее...






