14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Қаңтар қасіреті кезінде зардап шеккен тағы 102 кәсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болды

Қаралы қаңтар күндері нысандары қираған тағы 102 алматылық кәсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болды. Осылайша көптеген сауда нүктелерінде қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы аймақтық комиссия жұмысын бастағалы оңтүстік мегаполисте 362 кәсіп иесіне 644 миллион теңге өтемақы төленді. Ал «Инфоқазақстан» сайтына түскен барлық өтініштер саны 2 мыңнан асады. Комиссия өкілінің айтуынша кейбір өтініштер дұрыс толтырылмағандықтан, оны қарау мерзімі кейде белгіленген мерзімнен …

Подробнее...

Қаңтар қасіреті құрбандарының есімі жазылған сайт іске қосылды

Қаңтар қасіретінің құрбандары мен жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталғандардың есімі жазылған сайт іске қосылды. Qantar2022.org деп аталатын порталда қазірдің өзінде жүзге жуық отандасымыздың есімі жарияланған. Іздеу батырмасына басып, керек адамдың атын я тегін терсеңіз, оған қатысты барлық мәліметтер экранға шығады. Дәлірек, ұсталғаны, іс-түссіз жоғалғаны немесе қаза тапқаны жайлы деректі көруге мүмкіндік бар. Сайтты құрастырушылардың сөзінше, жақынын іздеп жатқан барлық қазақстандықтар бұл …

Подробнее...

Сұйық отынның қымбаттауы тауар бағасына әсер етуде

Шекаралық облыстардағы сұйық отынның қымбат болуы тиісінше тауар бағасына да әсер етіп отыр. Ал тариф Энергетика министрлігінің бұйрығымен бекітілген. Бүгін батысқазақстандық бизнес өкілдерімен болған жиында осындай мәселе талқыға түсті. Орал өңірінен әріптесім Ерденбек Жылқайдарұлы әңгімелейді.

Подробнее...

Қаңтар қасіреті: бірқатар қылмыстық топ қолға түсті

Қаңтар оқиғалары кезінде бейбіт шерулерді пайдаланып, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған бірқатар қылмыстық топтар мен олардың жетекшілері қолға түсті. Бүгін ішкі істер министрлігінде хабарлағандай Криминалдық полиция департаменті өңірлік бөлімдермен бірлесе отырып Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жедел іздестіру шараларын өткізген.

Подробнее...

Жалақыға жарымай жүрген контролерлердің базынасы

Жалақымыз мардымсыз! Ақтөбеде үй аралап, коммуналдық мекемелердің түбіртегін тарататын контролерлер базынасын айтты. Оларды аудандардағы әріптестері де қолдады. Осылайша, 179 жұмысшы басшылық талабымызға құлақ аспайынша, абоненттерден ақпарат жинап, түбіртекті жинауды тоқтатамыз деп отыр. Тараптар қандай мәмілеге келді?

Подробнее...

Білдей министрлікте қазақшаға сауатты маман жоқ

Ұлттық экономика министрлігінде қазақшаға сауатты маман жоқ. Соның салдарынан жаңа заң жобасы ведомстваның сөресінде 5 жыл бойы сүрленіп жатқан. Айтып отырғанымыз қазақстандықтардың АҚШ-тағы шоттарын бақылауға мүмкіндік беретін құжат жайында. Сенаторлар бүгін аталмыш заңды қабылдады. Бұдан былай жиған-тергенін мұхиттың ар жағына асырғандарға тықыр таянады. Толығырақ Айғаным Достанбайдың материалында.

Подробнее...

Ойынқұмар әйелдердің саны артты

Еркек – түзде, бала – үйде, әйел – букмекер кеңседе. Иә, соңғы уақытта елде жеңіл ақшаның жетегіне ерген еркектер емес, ойынқұмар әйелдер көбейіп барады. Мамандар осылай деп дабыл қағып отыр. Қит етсе қалтадағы бар ақшасын букмекер кеңсесіне тігіп, бәске бар жиғанын жұмсайтындар жайы бүгін Сенатта да айтылды. Маржан Нүсіпбектің материалын көрейік.

Подробнее...

Абайлаңыз, фейк! Мандариннің ішінен қан шықты

Заманына қарай айласы. Өзін зейнетақы қорының қызметкерімін деп таныстырып, жинақтағы қаржыны тұрғын үйге я ем алуға қиындықсыз аудару үшін, белгілі бір сумма төлеуіңізді ұсынса, тұтқаны бірден қойыңыз. Бұл – алаяқтар. Қазірдің өзінде 30-ға отандасымыз сан соғып қалған екен. Қордағы қаржыны мерзімінен бұрын шешу бойынша кеңестің кез-келген түрі тегін жүргізіледі. Ал соңғы ресми ақпарат еnpf.kz сайтында жарияланып отырады

Подробнее...

«Қаралы қаңтарда» қаналған кәспкерлер не дейді?

Алматыдағы СТО-да істейтін жігіттер Италияның «Гуччиі» мен француздардың «Шанелінен» киініп жүр. Шұлығының өзі мың доллардан кем түспейтін киім — кешек қарапайым жұмысшыларда қайдан дерсіз? Өздерінен де сұрадық. Ең қызығы көлік жөндеп, темір тұлпар жуатын жандар қаңтар оқиғасынан соң сәнді киіне бастаған. Бұл сәйкестік пе? Жалпы тоналған бутиктер мен кәсіпкерлерге келген шығын қалай өтеліп жатыр? Миллиондаған тауарынан айырылған бизнесмендерге мемлекет тарапынан …

Подробнее...

6,5 миллиард теңгеге ипподром салынбақ

6,5 миллиард теңгеге ипподром салынбақ. Бағасы қымбат нысан Нұр -Сұлтанда бой көтереді. Қала әкімдігі бұл орынды мүмкіндігі шектеулі балалар үшін салмақ екен. Бірақ бұл бастамаға қалалық мәслихат депутаты үзілді — кесілді қарсы.Себебі неде? Ұл — қыздардың денсаулығын арттыруға арналған жобада қандай шикілік бар? Алпамыс Файзолла айтсын.

Подробнее...
X