Балаларымыздың өліміне дәрігерлер кінәлі! Атырау облысында осылай деп зар жылаған ата — аналар шу шығарды. Балалар ауруханасының алдына жиналған жандардың жағдайы жүрек сыздатарлық. Науқас ұл — қыздары емдеу мекемесіне түскенде ақ халаттылар атүсті қарап, ауруларын асқындырып жіберіпті. Мұнайлы өлкедегілер мұңын айтып денсаулық министрлігіне де хат жазыпты. Ал аймақтағы денсаулық сақтау басқармасы мәселені білсе де былқ етпейтін көрінеді. Сюжетте толығырақ!
Подробнее...Новости
Қайырымды жандар қос отбасын қуантты
Жүргізуші: Көп түкірсе — көл! Арыс қаласында қайырымды жандар асарлатып жүріп қос отбасын қуантты. Әкімдік бастап, қоғамдық қор қостап, демеушілер қаржылай көмектесіп баспана тұрғызып беріпті. 11 баласы бар екі жанұя енді бір ауладағы қос зәулім үйде тұратын болады. Жомарт жандар мұнымен тоқтамақ емес. Алдағы уақытта тағы бірнеше мұқтаж жан күтпеген жерден үйлі болуы мүмкін. Толғырақ тілші тарқатады.
Подробнее...Қаңтар оқиғасына қатысты қамалғандардың түрмедегі жағдайы қалай?
Қаңтар оқиғасына қатысты қамалған күдіктілердің түрмедегі жағдайы қалай? Олардың көзбен көру үшін астанадан бір топ Парламент депутаттары ат терлетіп Алматыға барды. Заң шығарушы орган өкілдері жазықсыз жандарға көмек бере ме? Асқар Серғалиев жалғастырсын.
Подробнее...Квартиранттарға 50 пайыздық субсидия қалай төленеді?
Времянканы жағалап, жан бағып жүрген квартиранттарға 50 пайыздық субсидия қалай төленеді? Мемлекеттің қолдауына ие болуы үшін кім қандай баспанада тұрды, сол үйдің жалдай беруіне болады. Қарашаның қамы үшін жасалған бағдарлама іске қосылса, пәтерақы тағы қымбаттап кетпей ме? Жаңа бастама жайлы келесі сюжетте толығырақ.
Подробнее...Қазақ жұрты әдебиет классигі, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасты
Бүгін Қазақ жұрты әдебиет классигі, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасты. Бар ғұмырын қазақ әдебиеті мен руханиятына арнаған тұлғаны қалың оқырман қимастықпен ақтық сапарға шығарып салды. Оқырманға «Қан мен тер», «Соңғы парыз», «Күткен күн» шығармалары секілді өшпес мол мұра қалдырған қаламгер биыл 98-ге толар еді.
Подробнее...Қызылорда тұрғындары үйінен шығуға үрейленіп жүр
Жүргізуші: Бүтін бір шағын аудан тұрғындары үйінен шығуға үрейленіп жүр. Кәдімгі қорқынышты фильмдегідей өмір сүріп жатырмыз дейді. Мәселесін айтып тиісті мекемелерге де барған. Бірақ еш нәтиже жоқ. Қызылордаға қарасты ауданның адамдары айдың — күннің аманында неден сескенеді? «Көшедегі толған қауіптен құтылар күн қашан?» деген жандармен Жанғали Ысқақ тілдесіп қайтты.
Подробнее...4 жастағы егіздер ыстан уланып, көз жұмды
Ақтөбе облысында үйде қалған 4 жастағы егіздер ыстан уланып, қайтыс болды. Қайғылы жағдай Қобда ауданының Қызылжар ауылында болды. Өрт шыққан сәтте егіз ұл мен қыз үйде жалғыз өздері болған екен. Жұмысқа шыққан аналары оларды сыртынан құлыптап кетіпті.
Подробнее...Көмек берем десеңіз…
«Қазақстан халқына» қорының www.qazaqstanhalqyna.kz сайты іске қосылды. Онда көмекке мұқтаж жандардың өтінішті қалай қалдыра алатыны көрсетілген. Ол үшін «Өтінішті қалай бере аламын» бөлімін өту керек. Сол кезде көмекке зәру азамат автоматты түрде қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасына айналған «atamekenim.kz» порталына өтеді. Ал берілген өтініштерді әлеуметтік осал топтағы жандармен тікелей жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым өкілдері өңдейді. Өтініштерді қарау үшін қор қызметінің …
Подробнее...Бейжіңдегі қысқы олимпиада ойындары басталды
Бүгін Бейжің төрінде төрткүл дүние көз тіккен Қысқы олимпиада ойындары ресми түрде басталды. Ақ олимпиаданың салтанатты ашылуына құрметті қонақ ретінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуда. Жалпы, жарысқа 50-ден астам елдің лауазымды тұлғалары келген. Сондай-ақ, додаға 90-нан астам елдің атлеттері бақ сынауға лицензия жеңіп алған. Бұл қысқы ойындар тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Шығыстағы көршіміздің өз тарихындағы екінші Олимпиадаға дайындығы қалай? Байрақты …
Подробнее...Ұрылардың саусағын кесіп тастау керек!
«Ұрылардың саусағын кесіп тастау керек!» Бұл Шымкенттегі «Асар-2» шағын ауданы тұрғындарының жанайқайы. Себебі, жылдар бойы қолының сұғанағы барлар үйлерін тонап, тыныш өмірлерінің шырқын бұзған. Тіпті, соңғы айларда ұрлау фактілері жиілеп кетіпті. Бірақ пагондылар ешқандай шара қолданбай, жайбарақат жүргесін жұрттың ызасына тиген. Жағдайларын айтып жиналған халықпен Ғалымжан Кенжебек тілдесіп қайтты.
Подробнее...






