14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Ақпан трагедиясына 3 жыл. Не өзгерді?

Ақтөбе облысында бір үйдің қос баласы бақилық болып, отбасы қара жамылып жатса, осыдан үш жы бұрын, дәл осы күні бес бірдей періште көз жұмған еді. Олар да қызыл жалынның ортасында қалып, түтінге тұншықты. Айдың күннің аманында жер қойнына тапсырылған бір үйдің бес бүлдіршіні — елде жылдар бойы жиналған көптеген әлеуметтік мәселенің бетін ашқандай болды. Жәрдемақының аздығы, баспананың жоқтығы, жылдар бойы …

Подробнее...

Еріктілердің қамқорлығы

Алматылық еріктілер төтенше жағдай кезінде 20 мың порция тамақ әзірлеген. Бұл бір ғана еріктілер ұйымының қамқорлығы. Одан бөлек, алматылықтар жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алғандарға жәрдемдесіп, одан кейін қаланы қалпына келтіруге қол ұшын созуда. Бейбіт күннің жауынгерлерімен таныстыруды жалғастырамыз. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Подробнее...

ҰБТ тәртібі бұрынғыдан да қиындай түспек

Ұлттық бірыңғай тестілеу тәртібі бұрынғыдан да қиындай түспек. Білім және ғылым министрі ведомстваның аппараттық жиналысында қосымша талаптарды түсіндіре кетті. Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, ҰБТ жылдағыдай электронды форматта өтеді. Басты жаңашылдық – талапкерлерді бақылап отыратын камералар санының көбейетіні. Егер бұған дейін бір ғана камера болса, енді жеке сәйкестендірумен айналысатын және белгілі бір уақыттан кейін компьютерде кімнің отырғанын жазып алатын екінші камера орнатылады. …

Подробнее...

Газ, бензин арзандай ма?

Газ, бензин, дизельдің бағасын қымбаттатып жіберетін делдал компаниялар жақында жоғалады. Олар мемлекет бағаны тұрақтандыру үшін бекіткен 6 айдын ішінде өздері-ақ ойыннан шығып қалуы ықтимал. Енді бірде-бір жанармай құю не жинақтау стансалары жоқ компаниялар, зауыттан шыққан арзан отынды тұтынушыға жеткізіп қана миллиондап пайда таба алмайды. Сонымен қатар, жасанды жоқшылықты туғызатын «мұнай өңдеу зауыттарын» жөндеуге тоқтату тыйылмақ.

Подробнее...

Жегеніміздің барлығы импорттық тауар

Мәжілістегі әріптестерінен сенаторлар да қалысар емес. Бүгінгі өткен жалпы отырыста Жоғары палата детутаттары да өзекті мәселелерді көтеріп, Үкімет көп ұзамай шешуі тиіс қордаланған мәселелерді жайпы салды. Олар, әсіресе еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне алаңдаулы. Өйткені, халық жиі тұтынатын тағамдардың тең жарымына жуығы сырттан импортталады екен. Онсыз да қымбат келетін тауарларға үстеменің қосылуы халықтың қалтасына ауыр тиюде. Сенатта көтерілген осы және өзге де …

Подробнее...

Емхана іздеп сабылғандар

Шымкентте мемлекеттік емхана жекенің қолына өтіп кеткен. Салдарынан бүтін бір елдімекен тұрғындары дәрігерге қаралу үшін, қаланың басқа жағындағы емдеу мекемесіне сандалуға мәжбүр. Оның өзінде кезектен қалып кетпес үшін таңмен барып, уақыттарын ақ халаттылардың есігін торауылдаумен өткізеді. Ал, жақын маңда жаңадан бой көтерген емхана қазір қаңырап бос тұрған көрінеді. Тараптардың тартысын тілші тарқатады.

Подробнее...

Үйсіздерге үкімет көмектеседі

Мамыр айынан бастап елімізде тұрмысы өте төмен азаматтар жалдап тұратын баспана ақысының тең жартысын мемлекет төлейтін болады. Бұл жобаның басты мақсаты – осы санаттағы жандарға көмектесу арқылы, оларды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету. Алайда кей сарапшылар мен экономистер бұл бастамада ескере кетер жайттардың аз емес дейді. Тілшіміз Мұхтар Өміртай күнгейі мен көлеңкесін таразылап көрді.

Подробнее...

Аутизм диагнозы қойылған балалар саны 5 есе артқан

азақстанда соңғы жеті жылда аутизм диагнозы қойылған балалар саны бес есе артқан. Денсаулық сақтау министрлігінің санағы осындай. Жалпы ел ішінде аутизм спектрі бұзылған 4800-ден астам бала бар екен. Тілшіміз осындай ерекше жандарды қоғамға бейімдейтін орталық мамандарымен тілдесіп, неліктен статистика өсіп кеткенін сұрады.

Подробнее...

Елордада «радиациялық» аумақ анықталды

Абайлаңыз! Елордада «радиациялық» аумақ анықталды. Адамдар жаппай онкологиялық ауруларға шалдыққанын айтуда. Бұл жерде бүлдіршіндер түрлі ауытқулармен өмірге келіп жатыр екен. Туғанынан төсек тартып жатқандары да жетерлік. Барлығына баспаналардың үстінен өтетін жоғарғы кернеулі тоқ жүретін бағаналар кінәлі дейді тұрғындар. Азаматтардың айтуынша, экологиялық апат жайында жергілікті билік біледі. Бірақ, жыл сайын беретін уәделерін ұмыттыру үшін «көшенің атауын» ауыстыра береді екен. Сау болып …

Подробнее...

Халықтың басым бөлігі — сіңір кедей

Қазақстанда халықтың басым бөлігінің тұрмысы төмен. Сондықтан ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру керек! Мәжілістің жаңа төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен алғашқы отырыста депутаттар өткір ұсыныстарды ортаға салып, батыл мәлімдемелер жасады. Ал Төменгі палатаның су жаңа спикері әріптестерінің бұдан былай қалай, қандай бағытта жұмыс істейтінін айтты. Бойына қант жүгіре бастаған Төменгі палатаның отырыснан Айғаным Достанбай баяндайды.

Подробнее...
X