«Өз жерімізді өзімізге сатпақ!» Елорданың іргесіндегі Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылының тұрғындары арнамызға осылай деп шағымдарын жеткізді. Шым-шытырық шарттың кесірінен шығынға батқалы отырмыз деген тұрғындардың назын тілшіміз Мұхтар Ө міртай тыңдап қайтқан еді.
Подробнее...Новости
Жалға алынған жер жарға жықты
Жалға жер аламыз деп, шығынға баттық. Ашынған ақтөбелік кәсіпкерлер мемлекеттен араша сұрайды. Дау әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы әкімдіктен алған жер телімдерінен шыққан. Екі-үш жыл бұрын жерді бөлгенде заңсыздықтар бар екенін кәсіпкерлер білмедік деп отыр. Екі оттың ортасында қалған кәсіпкерлер не істейді? Ақбаян Сұлтанмұратова жалғастырады.
Подробнее...Нұрлан Нығматулин кетті. Бөрігін аспанға атып қуанған кімдер?
Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісінің төрағалығынан кетті. 10 жыл бойы Төменгі палатаны басқарған Нұрлан Зайроллаұлын депутаттар қимастықпен шығарып салды. Десе де, кейбір шенеуніктер қуаныштан бөркін аспанға атты деп ойлаймын өз басым. Себебі, экс-төраға Мәжіліс мінберінде талай министрді түрлі мәселелер бойынша, соның ішінде мемлекеттік тілді білмегені үшін сынның астына алып, масқаралағаны бар. Ал бүгінен бастап Мәжілісті Ерлан Қошанов басқарады. Президент әкімшілігіне жетекшілік …
Подробнее...Кентаулықтар қақаған қыста жылуға жарымай отыр
Жылуға жарымай отырмыз. Осылай деген тұрғындар, амалдары жоқтығынан бір бөлмеде бала-шағасымен тығылып отыруға мәжбүр. Олай істемеске амалдары жоқ. Себебі, баспаналары жылу маусымы басталғанан бері бір жылымаған. Тура далада отырғандай күй кешіп келеміз деп ашуға булықты. Жағдайларын айтып әкімге барғанымен ол қабылдамайды, жылуға жауаптылар жарытып жылу бере алмайды деп даурыққан тұрғындармен Ғалымжан Кенжебек тілдесіп қайтты.
Подробнее...Үйсіздер мен күйсіздерге көмек
Үйсіздер мен күйсіздерге көмек келетін күн жақын. Аса мұқтаж адамдардың ай сайынғы пәтерақысын мемлекет есебінен төлеу мәселесі бүгін Үкімет отырысында да айтылды. Арнайы санаттағы азаматтарға тиесілі бұл бастаманың жақсылығын 70 мың адам көргелі тұр. Әлихан Смайылов министрлер кабинетіне нақты тапсырма берді. Сюжет көріңіз.
Подробнее...Енді балабақшаларда бақылау мен талап күшейеді
Ел болам десең бесігіңді түзе. Енді балабақшаларға деген бақылау мен талап күшейеді. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Баяндамасын балабақшадан бастап, ЖОО-ның білім сапасын арттыру жайын да егжей-тегжейлі түйіндеп өтті. Мұғалімдердің мәртебесі туралы да ұмытпады. Тілшіміз Мұхтар Өміртай министр мәлімдемесінің мәйекті тұстарын тарқатып берсін.
Подробнее...Ақорда коррупциямен күресті күшейтті
Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да жиын өткізді. Бұл жолы Президент елде жемқорлықпен күресіп жүрген мамандармен онлайн форматта кездесті. Мемлекет басшысы отырыста ауылшаруашылық, жол салу, мемлекеттік сатып алу саласындағы экономикалық былықтарға тоқталды. Тіпті, жемқорлыққа барған министрліктер, әкімдерді жауапқа тарту керектігін айтты. Ақорда мен Сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл агенттік өкілдерінің кездесуі жайлы Нұржан Сәдірбай баяндайды.
Подробнее...Шымкентте қоқыс жәшігінен әйелдің денесі табылды
Сұмдық жәйт. Шымкентте қоқыс жәшігінен әйелдің денесі табылды. Мәйітті сол маңда тұрмыстық қалдықтар жинап жүрген келіншек байқап, полиция қызметкерлеріне хабарласқан. 30-35 жас шамасындағы әйелдің мүрдесі мұқият сөмкеге салынып, матаға оралған екен. Ал, оқиға куәгерлері марқұм азапталып өлтірілгенін айтады. Толығырақ әріптесім тарқатады.
Подробнее...Елімізде мыңнан аса ауылда мүлде интернет жоқ
Елімізде мыңнан аса ауылда мүлде интернет жоқ. Бұл статистика айтылғалы, пандемия басталғалы екі жылда цифрлық даму министрі екі рет ауысты. Тек интернет ғана емес, ұялы байланыс бармаған елдімекендер бар. Сондай ауылдың біріне әріптесім Артур Мағзомов барып қайтты. Сюжет көріңіз.
Подробнее...Бір үйден үш адамның мәйіті табылды
Шымкентте жантүршігерлік оқиға болды. Бір үйден үш адамның мәйіті табылды. Көршілерінің шақыртуымен келген тергеу тобы пәтердің есігін арнайы құрылғымен ашып кіргенде қимылсыз жатқан бір ер адам мен екі әйелді көрген. Марқұмдар неден көз жұмған? Жай-жапсарын тілшіміз Ғаплымжан Кенжебек тарқатып айтып береді.
Подробнее...






