2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Алматылықтар Сағынтаевпен қоштасты, Досаевпен достасты

Алматылықтар Сағынтаевпен қоштасып, Досаевпен достасты. Бұдан былай, алып мегаполисты Ұлттық банктің бұрынғы Төрағасы Ерболат Асқарбекұлы басқарады. Ал тура 720 күн әкімнің лауазымында отырған Бақытжан Сағынтаев алатау баурайындағы ағайынмен қимай қоштасты. «Қала өмірін жақсартуға бар күш жігерімді жұмсадым. Менің әрбір жұмыс күнім сіздердің көз алдарыңызда өтті», — деп жазды экс әкім әлеуметтік желідегі парақшасына. Екі жылда Бақытжан Әбдірұлы несімен есте қалды? …

Подробнее...

Түркістан облысында екі мыңға жуық қой тірідей жанып кетті

Түркістан облысында айналасы бір сағаттың ішінде екі отар қой тірідей жанып кетті. Онымен қоса күлге айналған қораның ішінен шаруа қожалығына жалданып жұмыс істеген малшының да денесі табылды. Ұсақ мал қамалған тұрақтың екінші қабатында 150 тонна шөп жиналған екен. Алдын ала болжам бойынша, қызыл жалын ұсақ малға деп жиналған қысқы азықтан тұтануы мүмкін. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Подробнее...

Шекарашылар көрген шырғалаң

Жаппай тәртіпсіздік кезінде шекарашылардың шаһардағы стратегиялық маңызы бар нысандарды күзетумен қатар көптеген әскери қызметкерлердің өмірілерін сақтап қалуға ат салысқанын көпшілік біле бермейді. Тіпті қарулы топтарды да ұстауға септігін тигізген. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Подробнее...

Оқушылар мектепке жету үшін сағаттап жүруге мәжбүр

Түркістан облысында мәселеңді айтып бас көтерсең үйіңе пагондылар келіп қоқан-лоққы көресетеді. Тіпті, жұмысыңнан айырылып, үш айға қамауға аламыз деп қараша халықтың зәре құтын ұшыруды әдетке айналдырып алған дейді тұрғындар. Созақ ауданының халқы осылай деп зар еңіреп отыр. Үлкен ауылдың бір басынан екінші шетіндегі мектепке жаяу қатынап оқып жүрген балалары үшін автобус сұраған тұрғындарға жергілікті билік мәселені шешудің орнына, мәселе көтергендермен …

Подробнее...

Резолюцияның әсері қандай?

Қаңтардағы бүлікке қатысты кәрі құрлық пікір білдірді. Өткен аптада Европалық парламент депутаттары еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты резолюция қабылдаған еді. 589 депутаттың қолы қойылған құжат Сыртқы істер министрлігіне жолданды. Ал, еуропалық парламент біздің елде адам құқығы тапталды, бейбіт тұрғындарға оқ атылды деп айыптап, өздері Еуропаның бірнеше ірі қалаларында болған антиковид шеруін күшпен басуға мәжбүр болған. Бұл қарардың қандай саяси салмағы бар? …

Подробнее...

Алаяққа алданғандардың арызы ескеріле ме?

Қой терісін жамылған қасқыр. Елімізде әлеуметтік бағдарламаның атын бүркемелегендер талайды сан соқтырып кеткен. «Баспананың жарты бағасын бізге берсең, арзан пайызбен үйлі боласың» деп жұрттың жиған-тергенін сыпырып алғандарға лайық жаза берілмей жүр. Бүгін Бас прокруратураның алдында бір топ адам жиылып осындай шағымдарын арқалап келді. Астындағы көлігін сатып, қара жаяу қалғандар да бар арасында. Тілшіміз Мұхтар Өміртай қан қақсап қалған қала тұрғындарымен …

Подробнее...

Қазақ жерінде тұрғасын әр ұлт қазақ тілін білуі міндетті

«Қазақ жерінде тұрғасын әр ұлт қазақ тілін білуі міндетті». Бұл Түркістан облысы Жетісай ауданындағы тәжік жұртының пікірі. Өзге ұлт демесең, кішісінен бастап, үлкеніне дейін мемлекеттік тілді бес саусағындай біледі. Жетісайлық ағайын бұны аудандағы қазақ тілді балабақшамен байланыстырып отыр. Алайда көптің көңілін күпті еткен бір мәселе бар. Нұрай Құрақпай тарқатсын.

Подробнее...

Бүлік кезінде бүлінген ғимараттардың бүгінгі көрінісі

Алматыдағы бүлік кезінде бүлінген қалалық әкімдік ғимаратына қатысты сәулетшілердің ойы сан — саққа жүгіруде. Архитекторлардың бірі нысанның бұрынғы бейнесін бірде бір өзгертусіз қалпына келтіру керек десе, енді бірі Кеңес дәуірінде келмеске кеткен тәсілден алшақтап, жаңа технологияларды қолдану дұрыс дейді. Кезінде Маңғыстаудан алынған мәрмәрді енді Ресей мен Түркиядан тасымалданатын қымбат тастар ауыстыруы мүмкін. Бір арнаға тоғыспаған мамандардың бірауыздан қабылдаған шешімі қандай …

Подробнее...

Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезі

Нұр-Отанға мүше депутаттардың халық алдында беделі жоқ. Бүгін партияның кезекті сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Президенттің сөзінше қаңтар оқиғасы халық сайлаған қалаулылардың сайлаушылар алдындағы деңгейін көрсетті. Екі күннен бері ел болып елеңдеп отырған Нұр Отанның жиыны туралы Айғаным Достанбайдың сюжеті Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі. Онлайн формат. Делегаттар. Тікелей эфирді көгілдір экраннан күткен жұртшылық жамырай твиттерге шұбырды. …

Подробнее...

Жомарт жан

Лотореядан көлік ұтып, ұтысты қайырымдылыққа жұмсады. Көпке үлгі болар азаматтық жасаған — батысқазақстандық Нұрлыбек Иманбаев есімді әскери қызметкер. Жеңімпаз ұйымдастырушылардан жүлдені ақшалай берулерін өтініп, қаржының бір бөлігін Алматыдағы бүлік кезінде қаза болған Дәулет Жұпарбеков пен Мейірхан Бітімнің отбасына аударған. Ал енді бір бөлігін көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз етіп жүрген қайырымдылық қорына бермек. Қалған қаражатты Оралдық 5 жасар қыздың …

Подробнее...
X