9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

ІТ КОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДАҒЫ ДАУ

Документологтың төңірегіндегі дау басылар емес. ІТ саласындағылар бұл компанияны нарықты уысынан шығармай отыр деп айыптап жүргеніне біраз болды. құжат жасау, оны сақтау мен алмасу процесін үйлестіретін мекеме монополист болып алған дейді бесекелестері.

Подробнее...

БАЙҚАУ АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ӘҢГІМЕ

25 елдің бұқаралық ақпарат құралдары Мәскеуде жүр. Барлығы Ресей Астанасындағы Интервидение-2025 байқауынан ақпарат таратпақ. Олардың арасында арнамыздың түсіру тобы да бар.

Подробнее...

АРМАН БОЛҒАН АЯЛДАМА

Ақтөбенің тұрғындары аялдамаға жету үшін … жорғалап жүр. Ол аздай басын қатерге тігіп, пойыздың астынан өтеді. Басқа амалдары жоқ. Өйткені, жолды салғандар аялдаманы 200 адамы бар ауылға емес, айдалаға қойып кетіпті.

Подробнее...

ПРЕЗИДЕНТ АЛҚАП БАСЫНА БАРДЫ

Көкшетаудың балмұздағы бал. Қасым — Жомарт Тоқаев шаһарда шығарылатын тәттіні үнемі сатып алатынын айтты. Президент кербез қалада өтіп жатқан агрофорумға барып, ауыл шаруашылығы өнімдерін көрді. Сөреге сүттен бастап жартылай фабрикатқа дейін қойылған. Мемлекет басшысына ұнайтын тағы не бар екен?

Подробнее...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Бүгін Астана мен Алматының әуежайында ұлан асыр той болды. Англияда атой салған боксшыларымыз елге оралды. Жерлестеріміз тұманды альбионда жеті алтынды алқымдап, командалық есепте алдына қара салмады. Санжар мен Махмудтар Серік Сәпиев салған сара жолды жалғастырып, екі мәрте Әлем чемпионы атанды. Қыздарымыздың қарымына да көз сүйсінді

Подробнее...

ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ ҚЫСҚАРМАЙДЫ?

Ел-жұрт әлеуметтік төлемнен қағылып қаламыз деп қорқып отыр. Өйткені, кеше премьер-министр күмәнді төлемдерді дереу қысқарту туралы тапсырма берді. Бұл мәселе бүгін мәжіліс қабырғасында да көтерілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін журналистер қаумалап, сұрақ астына алды. Қысқасы бұараны алаңдатқан мәселеге бүгін нүкте қойылды. Сондай — ақ, ең төменгі жалақы мәселесі де пысықталды.

Подробнее...

САТЫЛҒАН КӨШЕНІҢ ДАУЫ

Алматы облысында көше сатылып кеткен. Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылының тұрғындары, басты жолға апаратын өткелді базбіреу қоршап, жауып тастамақ ниетте екенін айтып, арызын айтты. «Бұл жер менің жеке меншігім. Құжаттарым заңды» деген азамат қорған тұрғызу жұмыстарын бастап кеткен. Жол жабылса, тұрғындар таяқ тастам жердегі аялдамаға 1 сағат жүріп баруға мәжбүр болады.

Подробнее...

АФРИКАҒА АПАРАР ЖОЛ…

Африкаға апарар жол. Қазақстан қара құрлықтағы тағы бір мемлекетпен серіктестікті серпілте түспек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен елімізге Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди арнайы келді. Ара-қашықтық алыс болғанымен, екі елдің ортақ мүдделері көп.

Подробнее...

БІР ПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ ҚАНДАЙ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ БАР?

Президент айтқан бір палаталы Парламент орнап, Сенат түбегейлі тарап кететін болса, халық қалаулары жұмыссыз қалуы мүмкін бе? Сенаторлардың өзі Парламенттен алыстамаймыз деп сеніп отыр. Ал бірер күн бұрын желіде депутататарға жылына бюджеттен 195 млн теңгеден бөлінеді деген ақпарат тарап, ел-жұрттың қызу талқысына түсті. Бұл қаншалықты рас? Жалпы қоғамның бір палаталы Парламентке қатысты пікірі қалай?

Подробнее...

КҮМӘНДІ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАТЫНДАРҒА ТЫҚЫР ТАЯНДЫ

Жолдау аяқталды. Ал Үкіметте ала-шапқын басталды. Бүгін министрлер ың-шыңсыз өздері жиналыс өткізді. Президенттің үйіп-төгіп берген тапсырмасына бастары қатқан болуы керек, ақ жағалылар отырыс соңындағы баспасөз мәслихатын да ұйымдастырмады. Себебі, тілшілердің толассыз сұрағына нақты жауаптары болмаған секілді. Есесіне, министрлер премьерге уәдені үйіп төкті. Ал, жауаптыларға дамудың балама жолдарын қарастырыңдар деген пәрмен берілсе де, Үкімет мүшелері Ұлттық қорға тағы қол салуды көздеп …

Подробнее...
X