0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Тазалық үшін тәуекелге барғандар

Қорқыныштың кесірінен қоқыс ортасында қалдық! Алматыдағы лаңкестер салған ылаңнан соң шаһардың орталығын адам көргісіз күйге түскені естеріңізде болар. Түрлі қалдық пен көлік қаңқалары, шашылған әйнек пен бүлінген аялдамалар құдды соғыстан кейінгі көріністей болған еді. Бүлік кезінде қоғамның тыныштығына жауапты әскерилермен бірге тазалыққа міндеттелген жұмысшылар да жанын шүберекке түйіп көшеде жүріпті. Көліктің жолын жапқан қоқысты тазартып, мегополистің көркін қалыпқа келтіруге асыққан …

Подробнее...

Шаруалар шығынға батты

Шығынға батқан шаруа, қауқары жоқ шенеунік. Қызылорда облысында диқандар шу шығарды. Мемлекеттен елу жылға жуық жалға алынған жер телімі жекенің қолына өтіп кетіпті. Аймаққа қарасты ауыл тұрғындарының тек ашынғаннан басқа амалы аз. Өйткені өңір әкімдігіндегілердің бұл мәселені біржақты етуге әлі жетпейтін көрінеді. Сонда қайтпек керек? Күріш егіп күн көргендерді күрсіндірген проблеманы шешуге ешкімнің қауқары жоқ па? Жер емген жандар жанайқайының …

Подробнее...

Домбыраны шетелге танытқан қазақ

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра! Ал әлемнің әр қиырындағы қандастардың қолынан домбыра күмбірі естіліп жатса, бұл рухани байланыстың көрінісі. Осындай келелі істердің басы-қасынан табылып жатқан азаматтар бар. Тіпті Америка Құрама Штаттарында тұратын қазақ балаларға домбыра үйрету үшін аспаптарын арқалап аттанып та кетті күні кеше. Тілшіміз Мұхтар Өміртай, қазақ мәдениетінің жанашыры жолға шықпай тұрып сұқбаттасып қайтқан еді.

Подробнее...

Вакцина алмағандарға жеңілдік

Ашығыңыз «көк» болса күрсінбеңіз, көп қонақ көкпен келсе кірсін деңіз. Өйткені елімізде енді «көк» түсті статусындағылар да қалаған жеріне кіріп-шығып, қам-қайғысыз өмір сүре алады. Үкімет осындай жеңілдік жасап, жұртты бір қуантты бүгін. Жақсы жаңалық мұнымен бітпейді! ПТР тестіңіз оң нәтиже көрсетсе бұрынғыдай екі апта үйден бір аттап баса алмай жатпайсыз, бұл мерзім алты күнге азайды. Кәсіпкерлерге де ақжолтай ақпарат бар! …

Подробнее...

Оңтүстік өңірлер жарықсыз қалды

Нұр қайда? Бүгін осындай сұрақты Алматы, Шымкент, Тараз қалалары мен Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының тұрғындары бір-біріне қойды. Қала мен өңірлер бірнеше сағатқа жарықсыз қалып, ұялы байланыс нашарлап, тіршілік қиындады. Күндіз 10-да басталған апат кесірінен көршілес елдер де жарықсыз қалды. Нұржан Сәдірбай тоқтың неліктен тоқтағанын толығырақ айтады.

Подробнее...

Осы апта кей әкімдер креслосын босатуы мүмкін

Екі апта бұрын Үкімет ауысып, жартылай жаңартылды. Ал облыс әкімдері өзгере ме? Бұл жайында базардағы апайларымыз ғана емес, күллі қоғамда айтуда. Сәуегейлік жасамай, саясаттанушылардан, депуттаттардан сұрадық. Биіліктің ішінде және оны жіті бақылап жүрген жандар болжамдарын ашық айтты. Ауыс-түйістер ақпан айында басталуы мүмкіндейді. Тіпті нақты қай облыстардың әкімдері ауысуы ықтималдығын да айтты. Берік Байғара қай өңірдің басшысына билет алып, шамадандарын жинай …

Подробнее...

Бүлік кезінде зардап шеккендерге өтемақы төленіп бастады

Алматы әкімі шаһардағы аудан басшысының шаңын қағып, сөзбен сөкті. Азық — түлік бағасын бағамдамай, тауар құнының қымбаттауына атүсті қараған Бостандық әкімі айтарға сөз таппай біраз қиналды бүгін. Бақытжан Сағынтаевтың сын садағына ілінген мәселе тек ішім — жемнің құны ғана емес. Кәсіпкерлердің шағымы да сөз болды. Бүлінген бизнесіне өтемақы ала алмай басы қатқан кәсіпкерлер енді қолдауға қарық болады. Қайыркен Отыншы сабақтасын.

Подробнее...

Бәрі де көрермен үшін! Сүйікті бағдарлама эфирге қайта оралды

Бәрі де көрермен үшін! Алматыдағы бүлік кезінде студиясы қирап, құрал — жабдығы қолды болған «Көреміз» бағдарламасы қайтадан эфирге шығады. Аз уақыт ішінде көрерменнің көңілінен орын тауып, жоғары рейтинг берген ток-шоудың керек — жарағын біздің арна өз күшімен қалпына келтіріп, эфирге дайындықты бастап кетті. Қарашаның мәселесін қозғап, өткір тақырыптарды қаузап келген ұжымның қазіргі жұмыс барысымен Ұлан Тәліпбай танысып қайтты.

Подробнее...

ДДСҰ: омикрон коронавирустың соңғы штаммы емес

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін карантиндік шектеулер қоймауға шақырып отыр. Себебі экономика мен халықтың әл ауқаты кезекті соққыға шыдас бермейді. Ал әуел баста ешкім онша елемеген Омикрон біртіндеп өз дегеніне көндіріп жатыр. Жаңа штамм әлемнің 120 дан астам еліне тарап үлгерген. Дерт жұқтырып, ем алып жатқандардың арасында әріптесім Айғаным Достанбай да бар. Айғаным, қайырлы кеш! Қыпшақтың ішінде Елке екеніңді …

Подробнее...

Қазақстан жарты байлығы 162 адамның қолында

Қазақстан байлығының тең жартысы бар-жоғы 162 адамның қолында екен. Ал, елдегі азаматтардың жартысының жалақысы 50 мың теңгеден аспайды. Салдарынан байлар мен кедейлерінің арасы алшақтап кеткен. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің арқасында қалтасын қампайтқан бизнесмендерді халықпен «байлығымен бөлісуге» шақырды. Президент мемлекет мүддесі үшін күрделі шешімдерді қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы салықтан жалтарған ірі кәсіпкерлерге кешірім жоқ екенін, былығы көп «Самұрық-Қазына» жүйелі түрде …

Подробнее...
X