2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Көлікті техникалық байқаудан өткізу міндеті жойыла ма?

Көлікті техникалық байқаудан өткізу міндеті жойылуы керек. Бұндай бастаманы депутат Айқын Қоңыров көтеріп отыр. Мәжілісменнің сөзінше, бұл тәртіп жекенің қолына берілгенімен, байқау әлі де формальды түрде өтіп, онда жемқорлық белгілері мүлдем жойылмай келеді. Былтырдың өзінде республика бойынша 28 жалған фирма ашылып, 260 мың диагностикалық карта қолдан жасалған. Кейін бұл заңсыз қызметтің басы-қасында Көлік комитетінің лауазымды тұлғалары жетекшілік еткені анықталған. Осылайша, …

Подробнее...

«Омикрон» әлем жұртын әлекке салды!

Қазақстанда тағы да антирекорд. Өткен тәулікте 14 мыңға жуық адам ковид жұқтырып алған.Ал Денсаулық сақтау министрлінің болжамы тіпті көңіл көншітпейді. Коронавирусқа шалдығатындар саны тағы да артуы мүмкін деп отыр. Осылай жалғаса берсе локдаун енгізіле ме? «Омикрон» белгілері пайда болса не істеу керек? Жаңа штамның симптомдары қандай? Өңірдегі ахуал жайлы тілші материалында.

Подробнее...

Төтенше жағдай режимі аяқталды

Елімізде төтенже жағдай режимі аяқталды. Тиісінше, коменданттық сағат та тәмам. Түнгі он бірден кейін төрт қабырғаға қараған жұрт енді әдеттегі өмір салтына қайта оралады. Дегенмен кей өңірлерде тәртіпті сақтау мақсатындағы тексеріс жұмыстары жалғасып жатыр. Коменданттық сағатта сабылып жүріп, айыппұл арқалағандар да аз емес екен. Төтенше жағдай жайын тілшіміз Мұхтар Өміртай толықтырсын.

Подробнее...

Бизнеске салынатын кассалық салық алына ма?

Кәсіпкерлердің мәселесін мәжілісмен Азат Перуашев та көтерді. Депутат шағын бизнеске салынатын кассалық салықты алып тастауды ұсынып отыр. Халық қалаулысы мыңдаған кәсіпкердің басын қатырып, халықтың банк картасымен аударатын тиын-тебенді бақылаудың орнына, салықшылар миллиардтап ақша ұрлайтындармен айналысқаны дұрыс дейді.

Подробнее...

«ЛРТ» жыры

Құрылысы қоғамда үлкен дау туғызған «ЛРТ» жобасының болашағы бұлыңғыр. Қазір, сәулетшілер мен урбанистер «сақалды» жобаның келешегіне қатысты бас қатырып жатыр. Президенттің тапсырмасынан кейін қала әкімдігі де іске білек-сыбана кіріскен секілді. Арнайы орталық нысанға қатысты кәсіпкерлерден ұсыныстар қабылдауды бастады. Тіпті, алпауыт компания өкілдері млрдтаған қаржыға тұрғызылған бетон қондырғыларды алып, құрылысқа пайдалануға дайын е кендіктерін мәлімдеді. Ал, жаратылып кеткен 300 млн доллардың …

Подробнее...

Н. Назарбаев халыққа үндеу жасады

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады. Онда Елбасы 2022 жыл халқымыз үшін күрделі де қатерлі сынақтан басталғаныны тоқталып, бірлік барда ешбір жау сағымызды сындыра алмайтынын атап көрсетті.

Подробнее...

Әлихан Смайылов әкімдерді сынға алды

Әлихан Смайыловтан алғашқы сын. Үкімет басшысы вакцинация қарқынын дұрыс жолға қоймаған әкімдерді атап, бұл мәселені тез арада қолға алуды тапсырды. Өйткені елдегі эпид ахуал алаңдатады. Тек соңғы айдың өзінде ауырғандар саны 20 есеге көбейіп отыр. Премьер-министрге осылай деп есеп берген бас дәрігер елде қосымша шектеу шараларының енгізілгенін хабарлады. Бұл не шектеулер? Нұрай Құрақпай тарқатсын.

Подробнее...

Газ сатушы 6 компания тергеліп жатыр

Сұйытылған газ бағасының көтерілуі электронды сауда алаңындағы баға механизмінің дұрыс болмауымен байланысты. Бүгін Үкімет отырысында Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы осылай мәлімдеді. Отырыста бірнеше компаниялардың аты аталып, оларға қатысты тергеу жұмысы жүріп жатқаны айтылды. Бағаны негізсіз көтерген қай компаниялар? Газ бағасының тұрақталуына қатысты сарапшылар пікірі қандай? Толығырақ тілші материалында.

Подробнее...

БҚО-да ірі қара қырылуда

Батыс Қазақстан облысында мүйізді ірі қара арасында жұқпалы дерт өршіп барады. Індетке шалдыққан малдың аузы түгел іріңдеп, қоректенуден қалатын көрінеді. Тұрғындар аталған ауру аусыл емес пе деп күдіктененіп отыр. Ал ветеринарлық басқарма өкілдерінің сөзінше лабороториялық зерттеу барысында әзірге аусыл қоздырғыштары табылмаған. Орал өңірінен әріптесім Ерденбек Жылқайдарұлы баяндайды.

Подробнее...

Үйлердің маңындағы азық-түлік дүкендер бағаларды негізсіз көтерген

Енді тұрғын үй маңындағы шағын азық — түлік дүкендерінің өзі қатаң бақылауда болады. Тауарына негізсіз тиын қосып, бағаны бей-берекетсіз өсіретіндер болса, бірден жауапкершілікке тартылады. Кәсіпкерлердің қитұрқылығын арнайы органдар қайдан білоеді демеңіз, қазір республика бойынша арнайы жедел желі де іске қосылған. Сенім телефонына қазірдің өзінде екі мыңнан астам адам қоңырау шалып, қымбатшылық туралы арызданыпты. Гүлнәзия Жалғасқызы толығырақ баяндайды.

Подробнее...
X