Бұйыртса енді барлығы басқаша болады. Инфляция төмендеп, базардағы баға тұрақталып, айлығымыз артады. Бірақ, бұл тек бастамасы. Жақсылыққа жетелейтін басқа да жолдар қарастырылған. Бүгін Үкімет құрамы батасын беріп, бекіткен құжаттың болашағынан зор үміт күтіп отырмыз. Көп ұзамай шапағатын Сіз де, Бізде көреміз. Елдегі маңызды салаларды қамтыған елу бір іс-шара іске асырылады. Жұртын жарылқау үшін жасақталған «жаңа Үкіметтің» отырысынан Берік Байғара баяндайды.
Подробнее...Новости
«Қазақстан халқына» қорына 12 млрд теңге жиналды
«Қазақстан халқына» қорына жиналған қаражат 12 миллиард теңгеден асты. Барымен бөліскен жомарт жандардың дені — бір айлыққа қарап отырған мемлекеттік қызметкерлер. Ал, Президент әуелде қорды құрғанда елдегі бай адамдарды дәулетімен бөлісуге шақырған-тын. Бірақ қаражат аударып жатқандардың арасынан ат төбеліндей ғана бизнесмендерді байқадық. Басқалары неге үнсіз жатыр? Форбестің көшін бермейтіндер шетінен шық бермес Шығайбай болғаны ма сонда?! Айғаным Достанбайдың сюжетінде.
Подробнее...Алматыдағы шығын есептелді
112 миллиард теңге. Лаңкестер Алматы қаласының көшесін қанға бояп қана қоймай, қып-қызыл шығынға батырды. Террористтердің өртеп, қиратқан нысандарын қалпына келтіруге, жаппай ұрланған бизнесті оңалту Үкіметке оңайға соқпасы анық. Бір ғана әкімдіктің ғимаратын жөндеуге 20 милиард теңге қажет. Ал кәсіпкерлерге келген шығын 67 милиард теңгеден асып жығылады. Толығымен орыс тілінде өткен жиналыстағы ақпаратты тілшіміз Берік Байғара қазақша жеткізеді.
Подробнее...Бас прокуратура мәлімдеме жасады
225 адам. Қаралы қаңтардағы бүлік кезінде осыншама адам көз жұмған. Олардың бір бөлігі лаңкестер. Қаза тапқандардың арасында 19 полицей мен әскери қызметкерлер бар. Бұл қорқынышты мәліметті Бас прокуратура өкілі жариялады. Бірақ, бұл мерт болғандардың нақты саны емес, алдын ала санақ деп отыр. Құзырлы органдағылар қанша шеруге қатысқан қанша жанды қамауға алынғанын да жариялады.
Подробнее...Мектептер онлайн форматқа ауысты
Оқушылар риза, ата-анадан маза кеткен күндер қайта басталды. Елде ауырғандардың күрт артуына байланысты, оқушылардың сабағы онлайн форматқа ауысты. Салаға жауапты министрліктің мәліметінше, балалар арасында да ауырып жатқандар көп. Сол үшін мұндай шара мәжбүрлі түрде қабылданып отыр. Алайда бұл тәртіп бәріне бірдей енгізілген жоқ. Тақырыпты Нұрай Құрақпай тарқатсын.
Подробнее...Елімізде «омикрон» өршіп тұр
Елімізде короавиурс жұқтыру дерегі бойынша жаңа антирекорд тіркелді! Осыдан екі күн бұрын 13 мыңнан аса тұрғын жұқпалы індетке шалдыққан. Ал Еуропада тіпті жағдай ушыға түскен. Жаңа штамнның симптомдары қандай? Өңірдегі ахуал жайлы тілші материалында.
Подробнее...






