0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Журналистің баласын атып кетті

Түркістан облысында белгілі журналистің ұлын атып кетті. Амангелді Батырбеков мұны өзіне жасалған қастандық екеніне сенімді. Яғни, қаскөй ұлым мен мені шатастырып алған дейді. Қас пен көздің арасында болған оқиғадан жарақат алған жігіт жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Ал атышулы блогер бұл жағдайға халық қалаулысы мен шенеунікті кінәлап отыр. Толығырақ «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі сабақтайды.

Подробнее...

Бір атаның балалары бір-бірімен соттасуда

Дүниеге талас. Бір атаның балалары жер теліміндегі ғимаратты бөлісе алмай 12 жылдан бері ит пен мысықша өмір сүріп келеді. Тіпті осы аралықта бір-бірінің есігінен қарамайтын халге түскен. Мұндай жағдайға алып келген Шымкенттің қақ ортасындағы ғимарат. Нысанның бастапқы құрылысын жүргізген кәсіпкер қайтыс болған. Ал марқұмның балалары мен ағайындарының арасында мұраға байланысты өзара келіспеушіліктер туындап, ақыры араздасудың соңы сот залымен аяқталған екен. …

Подробнее...

Мүгедек ерлі-зайыптылар көмекке мұқтаж

Түркістан облысында тағдырдың тәлкегіне түскен отбасы көмекке мұқтаж. Есту және сөйлеу қабілеті жоқ ерлі-зайыптылар осы күнге дейін төрт баланы тәрбиелеп келе жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жұп осы күнге дейін мемлекет тарапынан бірде-бір әлеуметтік көмек алмапты. Ал инфрақұрылымнан жұрдай аядай ғана баспаналары құлаудың сәл-ақ алдында тұр. Жәрдемге аса мұқтаж жандардың мұң-мұқтажын «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі тыңдап қайтты.

Подробнее...

Жаңа жыл кеші көңілсіз аяқталды

Отшашу орнына тапанша, тілек орнына жұдырық! Жаңа жыл мерекесіне орай өткен көңілді кештердің кейбірі көңілсіз аяқталды. Тіпті, полицейлердің бірі өз әріптесін өлтіріп қойыпты. Мерекедегі қарбалас кезінде үйлер де өртеніп, тұрғындар шұғыл эвакуацияланды. Қызыл датада қол сындырып, көз шығарғандар туралы «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі тарқатады.

Подробнее...

2022-де қандай өзгерістер күтіп тұр?

Жыл басында кей отандастарымыздың жалақысы өзгерсе, ал кейбірінің қызметтік формасы ауысты. Бірқатар жаңашылдық 1 қаңтардан бастап заңды түрде күшіне енді. Олардың қатарында зейнетақы мен жәрдемақы өсімі, жөргекпұл және зейнет жасына қатысты да жаңалықтар бар. Барыс жылының басты өзгерістерін «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі баяндайды.

Подробнее...

Барыс жылында ел экономикасы қалай өзгереді?

Қазақ халқы Барыс жылына үлкен өзгерістер алдындағы тыныштық жайлайтын жыл деп сенген. Ал өзінің болашағына асқан сенімділікпен қарайтын әр мемлекеттің экономикасы дамыған болуы тиіс. Осы ретте Қазақстан экономикасы 2022 жылы қалай болады? Теңге, мұнай, баспана бағасы қалай құбылады? Мазалаған осы сұрақтарды отандық экономистерге қойдық. Олардың жауабын «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі айтып бермек.

Подробнее...

Жаңаөзендегі жағдай

Газ бағасының қымбаттауына байланысты бейбіт митингке шыққан маңғыстаулықтардың арыз-талабы ескерілді.  Жаңаөзендіктердің жаппай наразылығынан соң, өңірде көгілдір отынның құны 85 теңгеге дейін төмендейтін болды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет жанынан құрылған арнайы комиссия  бірер сағат бұрын осындай шешімге келді. Жаңаөзен жұрты бастап, ақтаулықтар қостаған наразылық акциялары қалай өтті? Батыстағы жағдай жайлы «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі баяндайды

Подробнее...

Балабақшада тағы да былық

Былыққа толған балабақшалар! Осы аптада ел тұрғындары мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі жайттарды қызу талқылады. Алматыдағы қайғыдан кейін Нұр-Сұлтандағы шенеуніктер шұғыл тексеріске кірісті. Оның нәтижесі көңіл көншітпейді. Арнайы бақылаудан өткен ұйымдардың 80 пайызында олқылық бар. Ал осы салада жүргендер мен қоғам белсенділері балаларды қорғаудың тың жолын ұсыныпты. «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі дайындаған сюжеттен білейік.

Подробнее...

2021 жыл спорт саласына не берді? Кімді алды?

Өтіп бара жатқан 2021 жыл ел спорты үшін өте ауыр, сүреңсіз жылдардың бірі болды. Ұзаққа бармай-ақ, Токиода өткен Олимпиада ойындарында саңлақтарымыз алтын, тіпті күмістің сыңғырын ести алмай, үйге құр алақан келді. Бұл Қазақстан тарихындағы ең төменгі нәтиже ретінде тарихқа енді. Жалпы, халық үкілеген спортшыларымыз 8 қола жүлде еншілеп, командалық есепте 81 орынға тұрақтады. Бірақ, төртжылдықтың басты додасында құрамамыз толық тоқырауға …

Подробнее...

Дәрігерлерде азық-түлік алуға ақша жоқ

Адам өміріне араша түсетін ақ халаттылар айлығын ала алмай, арнамызға арызданды. Шалғай ауданнан емес, елордадағы маңызды медицина мекемесінің қызметкерлері жүгінді. Мамандар жыл аяғында азық-түлікке ақша таба алмай қалғандарын ашық айтты. Қалалық фтизио-пульмонология орталығының үш жүзге жуық мейірбикесі мен санитарлары қазан айынан бері жалақыларын жарытып ала алмай жүр екен. Десек те, бұл мәселені барлығы ашық айта алмайды. Себебі басшылық тарапынан қудалау …

Подробнее...
X