Баланы ұрған видеоны тәрбиешінің өзі байқамай ата-аналардың чатына жіберген. Балаларды оқтаумен ұрған тәрбиешінің әрекеті ата-аналардың төбе шашын тік тұрғызды. Енді олар балабақшаны лицензиясынан, ал тәрбиешіні дипломынан айыруды талап етіп отыр. Тәрбиешінің өзге де «тәрбиелеу әдістері» жайлы «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі баяндайды.
Подробнее...Новости
Биыл келмеске кеткен тұлғалар
Өтіп бара жатқан жылда қазақ елі біраз біртуар перзентінен айырылды. Абыз жазушы һәм қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділов, жарты ғасырдан артық елді әнімен әлдилеген Ескендір Хасанғалиев, телевизия тарландары Нұртілеу Иманғалиұлы мен Амангелді Сейітханов бүгінде ортамызда жоқ. «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі биыл келместің кемесіне мініп кеткендер жайлы естелік сюжет дайындады.
Подробнее...Ақ түтек боран әбігерге салды
Батыс Қазақстан облысында сенбі күні кешкісін басталған қарлы боран бір тәулікке жалғасты. Соның салдарынан Самара – Шымкент, Орал – Саратов, Тасқала – Болашақ бағытындағы жолдар жабылды. Қар құрсауында қалған екі көліктегі жеті жолаушы құтқарылып, жылыту қосындарына жеткізілген. 48 елді мекендегі 8 мыңдай абонент жарықсыз қалған. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен ағайынмен «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі тілдесіп қайтты.
Подробнее...Сиыр жылы сөзден жаңылған шенділер кім?
Сиыр жылы сөзден жаңылған шенділер кім? Қазір ел алдында жүргендердің сөзден жаңылуы жаңалық емес. Бірі журналистердің қойған сұрағынан сүрінсе, өзгесі орынсыз мәлімдемесінен соң, күлкіге қалып жатады. «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі Нұрай Құрақпайдың арнайы сюжетінен көрейік.
Подробнее...Келер жылы үйге сұраныс төмендеуі мүмкін
2022 жылы елімізде баспана бағасы тұрақталады. Мұндай пікірді күні кеше «Отбасы» банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеген болатын. Оның ойынша, жаңа жылда тұрғын үйдің құны 10 пайыздан артық өспеуі тиіс. Барыс жылы баспана арзандай ма, қымбаттай ма? Сарапшылар пікірі қандай? Халықтың бас ауруына айналған өзекті мәселені «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі егжей-тегжейлі зерттеді. Бейнесюжет көрейік.
Подробнее...Мақпал Жүнісова «ИК» жігіттеріне реніш білдірді
«Ирина Қайратовна» деген атаумен танылған топ жақында ғана «Отыздан асып барамын» деген фильм түсіріп, бүгінде көпшілік арасында кеңінен талқыланып жатыр. Аталған фильмде Мақпал Жүнісова сахнада ән айтып, жолдасын жерлеген кадрлар көрсетіледі. Алайда әнші топтың бұл әрекетін жөнсіз деп санайды. «Отыздан асып барамын» фильмінің айналасында қандай дау-дамай басталды? Неге? «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі Мұхтар Өміртай біліп қайтты.
Подробнее...«Самғау» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Биыл бірінші рет журналистерге Бейсен Құранбек атындағы арнайы жүлде табысталды. Көгілдір экранда көңілі күпті көп адамның көз жасын сүрткен танымал тұлғаның атындағы марапат «Самғау» байқауында берілді. Алматы облысының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған БАҚ өкілдерін әкімдік жыл сайынғы дәстүр бойынша биыл тағы жинап, еңбектері еленетінін еске салды. Марапат иелерімен тілшіміздің келесі материалынан таныса отырыңыздар.
Подробнее...Тойында табағына миллиондап ақша түскен күйеу жігіт неге қашып жүр?
Беташарға миллиондар шашып, желідегі жұрттың қатал сынына ұшыраған тойшыл ағайынның аты-жөні анықталды. Сәлеміне 55 миллион теңге жинаған бақытты қалыңдық Түркістан облысы Түлкібас ауданына келін болып түскен екен. Әрине қонақтар қалтасына қарай көсілсе, несі бар дерсіз, бірақ күйеу жігіттің жерлестері бүгін ешкім ойына да алып шықпаған күтпеген мәлімдеме жасады. Беташары хит болған тойдың артында жүздеген адамның көз жасы жатқаны рас па? …
Подробнее...Алматының жолы: артық қылам деп, тыртық қылған ба?
Алматының жолдарын артық қылам деп, тыртық қылған ба? Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған жаңа жолайрық қаладағы кептелістен көз ашпайтын Рысқұлов даңғылын біраз ретке келтіреді деп жоспарланған. Алайда кесірі өзгелерге тиіп отыр. Әсіресе Тілендиев көшесімен қиылысатын тұсы бұрын бағдаршам арқылы реттеліп, көпшілік емін-еркін қатынап жүрген. Ал қазір ондағы қозғалыс өзгеріп үш ықшамауданның тұрғындары үшін жүріс-тұрыс қиындап, «жұмысқа кешігіп баратын болдық» деп ашынады. …
Подробнее...Жаңа жылда азық-түлік қымбаттауы мүмкін
Жаңа жылға санаулы күн қалды. Әдетте, мұндай уақытта азық-түлікке сұраныс күрт артып, базар-дүкендерде қарбалас басталады. Бірақ биыл әлеуметтік маңызы бар ас атаулының бағасы жыл соңы жетпей-ақ шарықтап, шектен шыққаны белгілі. Мереке қарсаңында тағы не қымбаттайды? 2022 жылға болжам қандай? Толығырақ тілшіміздің келесі материалында…
Подробнее...






