Асқар Маминнің министрлер кабинетінде жаңа вакансия пайда болды. Денсаулық сақтау министрі өз еркімен қызметінен кетіп, орны босап қалды. Елдің бәріне екпе салдырып, тойды қайтарып берген Цой бұл лауазымда бір жарым жыл отырыпты. Осы аралықта шенеунік несімен есте қалды? Мұның жайын тілшіміз келесі материалда сабақтайды.
Подробнее...Новости
Жеті жасар қызды ит талап өлтірді
Өскеменде ит талап өлтірген 7 жастағы қыздың анасы мәлімдеме жасады. Келіншек қайғылы оқиға болған күнді еске түсіріп, ойнауға кеткен қызынан көз жазып қалғанына күйінеді. Ең бастысы, қаралы ана баласының аяғын жұлып алғанын білген полицейлер оны іздеудің орнына тек бума-бума құжат толтырумен әлек болғанына налиды. Қағазбастылықтан қайыр болмасын түсінген ана көзінің жасын көл қылып, көшеден перзентінің аяғын өзі іздепті. Ақыры айдаладан …
Подробнее...Беташарға миллиондап ақша шашқандар
Небір дарақылықтың көкесін қазақтың тойынан көресің. Бұл жолы беташарға миллиондар шашқан ағайын желідегі жұрттың қатал сынына ұшырады. Жаңа түскен келіннің сәлеміне тойшыл қауым бас-аяғы 55 миллион теңге лақтырған. Кілең қолы ашық қонақтардың басын қосқан, бұл не той? Қазақ бұрыннан қазынам деп қастерлеген тойдың қазіргі көрінісі қандай? Тілшіміз келесі сюжетте бұл сауалдарға тыңғылықты жауап беруге тырысады.
Подробнее...Жап-жаңа тұрғын үй кешенін жалын шарпыды
Биыл ғана пайдалануға берілген Ақтаудағы элиталы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Қаладағы ықшам аудандардың бірінде жап-жаңа 17 қабатты тұрғын үй кешенінің шатырынан шыққан өрт қас-қағым сәтте 500 шаршы метрге тарап кетті. Опат болғандар мен зардап шеккендердің бар-жоғын тілшіміз анықтаған болатын, оны келесі сюжеттен көріп-біле аласыздар.
Подробнее...Қымбат қошқарлар
Бағасы 5 миллионға дейін баратын қошқар мен 1 миллон тұратын қозылар қарасы көбейіп келеді. Түркістан облысы Арыс қаласында осындай қымбат малдан тұратын жаңа шаруа қожалығы ашылды. Шетелден жеткізілген қымбат ұсақ мал өңірдің ауа райына бейімделіп, қазірдің өзінде қоңданып қалыпты. Сондай-ақ, шаруа қожалығының өкілдері осындай шаруалықтардың санын арттыруды жоспарлап қойыпты. Бағасы удай ұсақ мал өсіруге құлшыныс неге артып отыр? Оның артықшылығы …
Подробнее...Балаларға құрты бар ботқа берген
Балабақшадағы балаларға құрты бар ботқа берген. Сұмдық жағдай Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы «Балбөбек» мектепке дейінгі білім беру мекемесінде болған. Осыдан кейін ғана елдің назары ауған бұл мекемеде басқа да проблемалар жетіп артылатыны анықталды. Тілшіміздің келесі материалында бір кішкентай ғана бунақденелі бетін ашқан біраз былық жайынан қаныға аласыздар.
Подробнее...Қисынсыз әрі ерсі ырымдар
Қазақта сәлем салудың сан түрі бар. Бірақ келіннің мойынына қыл арқан байлап, жетектеуді өз басым алғаш көруім. Осы сарындағы видео жуырда әлеуметтік желіде тарады. Ол ол ма, жас жұбайларды қаны сорғалаған шикі етпен аластау деген шығыпты, бесіктің үстіне мініп алып, атша шапқан әжелерді де көз көрді. Не керек, соңғы уақытта қисынсыз һәм ерсілеу ырымдар көбейді. Тілшіміз келесі сюжетте этнографтарды осы …
Подробнее...Мейрімділік эстафетасы
Мейірімге толы 30 күн! Елімізде қайырымдылық челленджі басталды. Жас кәсіпкерлер мен әлеуметтік желіні қолданушылар бірігіп қолға алған шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған. Игі істің мақсаты да айқын: қарапайым тұрғындарға, аз қамтылған отбасыларға, қарияларға қол ұшын созу. Осылайша, 30 күн бойы осы істің басы-қасында жүргендер мұқтаж жандарға мейрімділік танытып, қайырымдылық жасамақшы. Толығырақ тілшіміздің келесі сюжетінде…
Подробнее...Бүгінгі күннің батырлары
Мейрамбекті мейрам күні марапаттады. Ақтөбеде қызыл жалынның ортасынан 90 жастағы әжені құтқарып қалған өрт сөндірушінің еңбегі еленді. Кезінде құтқару сәтіндегі жігіттің видеосы әлеуметтік желіде кең тараған еді. Сөйтіп өрт сөндірушінің әрекеті дүйім жұртты тәнті еткен. Халық мақтаған Мейрамбек Самратовтың ерлігін ескерген Төтенше жағдайлар министрі оған Алғыс хат табыстады. Толығырақ тілшіміздің келесі репортажында…
Подробнее...Түрмедегі кәсіпкерлер
Еңбек — барлығын жеңбек! Семейдегі түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер тұрақты жұмыспен қамтылып, табыс тауып жүр. Сотталғандардың қолынан шыққан кәдесыйлар мен асқа қосылатын дәмдеуіштер қалада үлкен сұранысқа ие. Өмірде шалыс қадам жасаған жандарды жұмыспен қамтуға ниетті кәсіпкерлердің де қатары артыпты. Жазасын өтеушілер тұрақты жұмыспен қамтылып, жаңа мамандықты игеруге мүмкіндік алған. Тілшіміздің келесі материалы түрмедегі кәсіпкерлер жайында болмақ.
Подробнее...






