2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Қиырдағы ағайын тәуелсіздік күнін тойлады

Қастерлі мереке Қазақстанда ғана емес, әлемде де тойланып жатыр. Қиырда жүрген жерлестеріміз Тәуелсіздік күніне орай түрлі шара ұйымдастырып, Отанға деген құрметі мен сағынышын білдіруде. Біз елорда төрінде кеше ғана отыз жылдықты от шашумен қарсы алдық. Ал шалғайда жүргендер ұлы қуанышқа орай арнамыз арқылы ақжарма тілектерін білдірген еді. Тыңдап шығайық.

Подробнее...

«Болашақ» бізге не берді?

Жүргізуші: Еліміз Тәуелсіздік алған кезде Қазақстанды алға жетелейтін білімді жастардың керек болғаны жасырын емес. Осылайша, 1993 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» халықаралық бағдарламасынқолға алды . Ал бір жылдан кейін шетелге бір топ өскелең ұрпақ оқуларына аттанды. Содан бері 11 мыңнан аса азамат бағдарлама түлегі атанды. 28 жыл тарихы бар бастама Қазақстанға не берді? Өзге елде білім алған Тәуелсіздік …

Подробнее...

Тұңғыш олимпиада чемпиондары

Еліміз тәуелсіздік алғалы бірде-бір Олимпиада ойындарын қалт жіберген емес. Қысқы және жазғы ойындарға қатар қатысып келеді. Мәселен, осы уақытқа дейін отандастарымыз 14 рет дүбірлі додаларда бақ сынады Саңлақтарымыз талай бәсекелерден қанжығалары майланып, ел намысын халықаралық ареналарда қорғап жүр. Алғашқы Олимп ойындарында алтын алған спортшылар кімдер? Олар қазір қайда? Әріптесім Қайыркен Отыншы чемпиондармен тілдесіп көрді.

Подробнее...

Депутаттар қайда демалады?

Ал, еліміздің саяси фигуралары Тәуелсіздік күнін қайда қарсы алады? Ұшақ билеттерін зерттейтін шетелдік компанияның мәліметінше, отандастарымыздың дені Дубайға, өзгесі Түркияға 4 күнге барып қайтады екен. Азаттықтың ақ таңы атқан сәтті кісі елінде тойлайтындарды кім түсінеді? Бай-манаптарды қойшы, халық сайлаған депуттатар ше? Ұлық мерекені биыл қайда тойлайды? Тілшіміз анықтап көрді…

Подробнее...

Қазақтың саны қанша?

Егемендікті алған отыз жылдың ішінде халық саны да еселене түсті. Естеріңізде болса, тоқсаныншы жылдары 15 млн-нан төмендеп кеткен едік. Бірақ, тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің арқасында, елдің ертеңге деген сенімі артып, жыл санап қазақстандықтардың саны артты. Соңғы санақ 20 миллионға жуықтағанамызды көрсетті. Ал, жалпы ел тарихында қанша рет халық санағы болды? Адам санының артуының артында не тұр? Оны бейнесюжеттен біле аласыздар.

Подробнее...

Тәуелсіздік пен жаңа жыл! Қай мереке қымбатқа түсті?

Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл! Бұл мереке күндері қазақстандықтар демаламыз деп қуанса, әкімдіктердің, керісінше ақ тер, көк тер болып нағыз қарбаласқа түсетін айы. Әсіресе, қос датада қаланы безендіруге қатты мән беріледі. Жалпы, еліміз үшін қасиетті күн мен ескі жылды шығарып салуға жылда бюджеттен қанша сома бөлінеді? Біз осы сұрақты үш мегаполис пен екі облыс басшылығына қойдық. Олардың жауабымен тілшіміздің келесі …

Подробнее...

Зейнетақы жыры

Зейнетақы жинағы есебіндегі шекті межені қайта қарап, кінәлілерді жазалау керек! Бүгін депуттатар елді алаңдатқан зейнетақы қорындағы қаражатқа қатысты бірнеше өзекті мәселені көтерді. Жұртты шулатқан жаңашылдықтың заңға қайшы екенін айтып, зейнетақы қоры басшысына бәрі шүйлікті. Белгілі болғандай, жас болса да шотында 3 миллион теңге зейнетақы жинағы бар азаматтарымыз жоқ емес, бар болып шықты. Олар кімдер? Нақты статискасы бар ма? Мұны тілшіміз …

Подробнее...

Қанша оқу орны жабылды?

Асхат Аймағамбетов білім саласы басшылығына келгелі 15 университеттің есігіне қара құлып салыныпты. Оған қоса, 28 колледж диплом беру құқығынан айырылған. Министрлік бұған «саны бар, бірақ сапасы сын көтермейді» деген уәж айтып отыр. Студенттерге сабақ уақытылы өткізілмейді, тестілеу нәтижелері де төмен көрінеді. «Екі өгіз сүйкенсе, ортасында қара шыбын өледі» демекші, жоғарғы оқу орындары мен Білім министрлігі арасындағы күрестен студенттер зардап шегіп …

Подробнее...

13 жастағы қызды иттер талап тастады

Сұмдық оқиға Атырау облысының Атырау ауылдық округінде болған. Тағы бір бала көшедегі иттің азуына ілінді. Атырауда 13 жастағы қызды төрт ит жұлмалап тастаған. Абырой болғанда қасындағы құрбысы дер кезінде көмек шақырып, беті мен денесі дал-дұл болған жасөспірім ажалдан аман қалды. Ауруханаға ауыр халде жеткен оның қазіргі жағдайы қалай? Оны тілшіміз келесі сюжетте тарқатып айтады.

Подробнее...

Зейнет жинағын пайдалану: Ереже тағы да өзгерді

Зейнетақы қорындағы қаржыны пайдалану ережелеріне тағы да өзгертулер енгізілді. Біраз уақыт бұрын зейнетақы қорындағы шекті көлемнен асқан ақшасын белгілі бір мақсатқа пайдаланатынын азаматтар 45 күн ішінде растауы керек еді. Енді бұл мерзім бүгіннен бастап 20 жұмыс күніне дейін қысқарды. Аталған уақытта шекті сомадан асқан қаражатты жаратып үлгеруіңіз қажет. Ал, мерзім күнін есептеу онлайн-платформада өтініш жіберген уақыттан емес, бір жолғы зейнетақы …

Подробнее...
X