Бізде қызық, жасарын жасап, асарын асағандар темір торға емес, үйқамаққа жіберіле салады. Соңғы жылдары «үйқамақ» сөзінің сәнге айналғаны соншалық, сәт сайын еститін болдық. Уақытша жазаның бір түрі екенін сала мамандары түсінгенімен, үйқамақта отырған айыпталушыға қандай шектеулер қойылатыны қарапайым қарашаға құпия қалып отыр. Осының мән-жайын тереңінен қаузау үшін тілшіміз келесі материалда адвокаттарды сөзге тартты.
Подробнее...Новости
Қалыңдығын алып кетуге барып, қайтыс болды
Шымкенттің полиция департаментінде көз жұмған күдіктінің ісінде тың дерек. Айта кетсек, Шымкентке қалыңдығының ұзату тойына барған Нұрболат Жұмабаев есімді қостанайлық жігіт ойда-жоқта әлдеңені ұрлады деген күдікпен полиция департаментінен бір-ақ шығады. Айыптың қаншалықты орынды болғанын қайдам, бірақ тергеу барысында тепсе темір үзетін жігіттің жүрек талмасынан көз жұмғаны жақындарына хабарланады, бірақ бұл жайт барлығын күпті етеді. Марқұмның туған ағасы сараптама нәтижесінің алғашқы …
Подробнее...Қауіпті гүлдер өртелді
Сыйлық сыйлаймын деп қиындық сыйлап жүрмеңіз! Бұл жолы дерт адамзат баласына емес, өсімдіктерге жұқты. Мұхит асып, Колумбия мен Литвадан елге жеткізілген 13 мың гүл аса қауіпті вируспен зақымдалған болып шықты. Енді оларды адамдар секілді екі аптаға карантинге жібермейді әрине, соттың шешімімен өртеу арқылы, тек көзін жояды. Аталған вирустар бұрын-соңды еліміздің аумағында кездеспегені айтылады. Жауапты мамандармен бірге зақымдалған көктің көзін жойып …
Подробнее...Алматыда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін бе?
Мәжілісмендер осындай мәселе көтерді, төтенше жағдай министрі қауіп бар екенін мойындады. Біз қара аспанды төндіргіміз жоқ, бірақ ауруын жасырған өледінің күйін кешпесек игі еді. Өйткені бұл ретте нақты мәлімет беруі тиіс отандық сейсмологтар үнемі өз басындағы мәселені көтеріп келеді: стансалары ескі, қондырғылары көптен жаңартылмаған. Гранттар есебінен күн көріп келе жатқан Алматыдағы білдей мекеменің жай-күйінен тілшіміздің келесі материалынан таныса аласыздар.
Подробнее...Бекболат Тілеухан «Нұрлы жолды қасқа жолға» ауыстыруды ұсынды
«Нұрағаң салған нұрлы жолды қасқа жолға ұластырыңыз, Қасаға!». Президент қолынан мемлекеттік марапат алған Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан бүгін осылай деп ағынан жарылды. Жылдағы әдеттен жаңылмай, ұлы мейрам қарсаңында ел дамуына елеулі үлес қосқандар Ақордаға шақырылып, жоғары наградалармен марапатталды. Еңбегі еленгендердің арасында кімдер бар? Салтанатты шара, мерейлі мезет туралы тілшіміздің келесі сюжетінен көре аласыздар.
Подробнее...Хаменова үй қамақта
«Абай Құнанбаевтан» ақша ұрланды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова «пара алды» деген күдікпен ұсталды. «Антикордың» мәліметінше, шенеунік өңірдегі Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевпен бірге құны 145 млн теңге болатын Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасағанда ауызбастырық алды деген күдікке ілінген. Елді елең еткізген оқиға жөнінде тілшіміз келесі материалда толығырақ баяндайды.
Подробнее...Депутаттар қаржы үнемдеуге көшкен
Ақ көйлек киген, көк көйлек киген депутаттар да бар. Алайда, аспандағы айлықты алатын атқамінерлердің өзі қазір ас-пұлдан бөлек, киім-кешекке кететін қаржыны қысыңқырап жұмсап жүргенге ұқсайды. Жалақысы миллионнан асып жығылатын ақ жағалылар брендтік киімдерден толықтай бас тартқанын айтады. Шенеуніктер түскі астарын да ерінбей үйіне барып ішіп келетін болыпты. Ал, айлығы шайлығынан артылмайтын қарапайым халық тапқан-таянғанын қалай жеткізеді, қалай үнемдейді? Дүние қуған …
Подробнее...Теріскей әкімінің есебі
Биыл Ауғанстан және Ираннан елімізге 100-ге жуық қандасымыз көшіп келді. Оның басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан облысына орналастырылды. Өңірдегі екі ауданнан баспана берілген жандар құжаттарын реттеп, жұмысқа орналаспақ. Бірақ, әкімдік ұсынған үйлердің сапасына тұрғындардың шағымы жетерлік. Бүгін бас қалада баспасөз жиынын өткізген өңір басшысы Құмар Ақсақалов аталған олқылықтарды жоюға уәде берді. Жалпы, жиында өңір басшысы тағы қандай іс-шараны жүзеге асыруға уәде …
Подробнее...Онлайн алаяқтарға алданғандар азаймай тұр
«Анам көлік апатына түсті, баламның еміне ақша қажет». Соңғы кездері әлеуметтік желіде көзіміз жиі шалатын жазбалардың легі осылай басталады. Тіпті, сау адамды сал етіп, өлі адамды тірілткен әккі алаяқтардың жазбаларына кез-келген адам сеніп қалады. Игі іс үшін, ойланбай ақшасын аударып жібереді. Оңай ақшаға онлайн кенелгісі келетін алаяқтардың ойлап тапқан тағы қандай айлалары бар? Ақ-қарасын қалай ажыратамыз? Толығырақ, тілшіміздің келесі материалында.
Подробнее...Елімізде екпе егудің тетіктері өзгерді
Елімізде екпе егудің енді тектіктері басқа. Үкіметтің бүгінгі отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тәж-тажалға қарсы тактиканы өзгертетінін мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, ревакцинация кезінде компонеттерді қайта алудың мерзімі қысқарады. Жиында жаһанды жайлап бара жатқан жаңа штамм «Омикрон» туралы да айтылды. Денсаулық сақтау министрлігі айтқан өзгерістер туралы тілшіміздің келесі материалынан кеңінен қаныға аласыздар.
Подробнее...






