14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Жедел-жәрдем шақырсаңыз, күтпей-ақ қойыңыз…

Олар келмейді бәрібір. Өйткені бригаданың барлығы бензин күтіп, кезекте тұр. Жалпы, «жанармай аламын» деп бекінгендер бекеттегі бас-аяғы бітпейтін кептеліске тап болған. Түркістан облысында осылайша жұрт бүгінде махаббат бекетінде емес, жанармай бекетінде табысып жатыр. Оңтүстік өңірдегі бензин-бұлақтың басындағы түрі жаман кептеліске қатысты туындаған сұрақтарға біздің тілшіміз де келесі материалда жауап іздеп көрді.

Подробнее...

Шымкент алдағы 5 жылда адам танымастай өзгереді

Шымкент парақорлар санынан да, олармен күрес жағынан да шашасына шаң жуытар емес. Шырайлы шаһарда жемқорлардың жолын кесетін жаңа жоба ойлап тауып, жүзеге асырылып жатыр екен. Мұны бүгін елордада есеп берген мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Шаһардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын айтқан шенеунік 2018 жылы басталып, құрылысы жыр болған халықаралық әуежай терминалына да тоқталды. Айтпақшы, алдағы бес жылда шымқала, шынымен-ақ, адам танымастай өзгереді …

Подробнее...

Ұлымның өліміне полицейлер кінәлі

Шымкентте қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, полиция департаментіне жеткізілген жас жігіт көз жұмды. Полицияның мәліметінше, 31 жастағы жігіт тергеу кезінде өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем жеткенге дейін жүріп кеткен. Ал, марқұмның қайғыға батқан туысқандары бұған күмәнмен қарайды. Үйленіп, бір басы екеу болайын деп отырған баласынан айырылған қаралы отбасында біздің тілшіміз де болып, мән-жайды біліп-қайтты.

Подробнее...

Жергілікті шенеуніктер арасында жаңа челлендж

Өңірдегі атқарушы билік өкілдерінің бірі бастаған эстафетаны әріптестері кезек-кезек қолдап, жұртты таңқалдыруда. Таң қалатын себебі олар «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» дегенді жоққа шығарып отыр. Сонымен, елді елең еткізген челлендждің шарты оп-оңай. Жаз бойы жатасың, құр жатпайсың, қысты күтесің. Қыс түскенде, жерді әппақ қар басқанда бар техникаңды сайлап, құрал-сайманды майлап, көшеге шығасың. Сөйтесің де ақ ұлпаның үстіне жол саласың. Әппақ қарды …

Подробнее...

Ұлттық кітапхана басшысы қызметкерін жұлқыды

Кітапханада жұлқыласқан басшы мен қызметкердің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаеваның қарамағындағы адамға зекіп сөйлеп, жұлқығаны көрсетілген видеоға әлеуметтік желі қолданушылары белсенді пікір жазып жатыр. Толығырақ келесі материалда.

Подробнее...

Депутаттар зейнетақы мәселесін қайта қарауды ұсынды

Зейнетіме деп жиғанын ертерек пайдалануға мүмкіндік болса, елдің асығатыны сөзсіз, өйткені келесі жылы жеткілікті шектің өсетіні белгілі. Алайда бұл арада түсініксіз, дүдамал тұс көп. Ал осы ретте журналистер қойған сұрақтарға мемлекеттік органдардың берген ресми жауаптары бір-біріне ұқсамай шығып жатыр. Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры мен Еңбек министрлігі екі түрлі мағлұмат таратып, жұртты шатастырды. Мәселен, «2022 жылы қанша қазақстандық қарттығына жиғанын ертерек …

Подробнее...

Аружан Саин Қыдырәлі мен Қарақаттың мектебін тексеруді сұрады

Баланың ақысын ардан аттағандар ғана жейді. Қоғам белсендісі Аружан Саин балалар үйірмелеріне жолдама беруге қолдан кедергі жасап отырғандар барын айтады. Оның айтуынша, бюджеттегі қаржыны біреулер келісім бойынша жұмсап жатыр. Араларында белгілі продюсер Қыдырәлі Болмановтың мектебінің де аты аталады. Бұл қандай дау-дамай? Мұнымен қос тараппен тілдесіп келген тілшіміздің арнайы сюжетінен қаныға аласыздар.

Подробнее...

Цой не деді? Ақылы Pfizer бәріне бірдей бұйыра ма?

Біз бақыттымыз! Себебі бір емес, бірнеше вакцина салдыруға мүмкіндігіміз бар екен. Иә, Алексей Цой бұндай бақ «әр елдің басына бұйыра бермейтінін» жеткізді. Тіпті, тегін вакцинаны салдырмаймын десеңіз, жақында ақылы түрі де пайда болады. Ал, «Ashyq» қосымшасынсыз қалаған есігіңізге кіру, «көк», «жасыл», «қызыл» деп түске бөлмейтін кездің де ауылы алыс емес көрінеді. Бұл күннің қашан туатынын тілшіміздің келесі материалынан біле аласыздар.

Подробнее...

Алматыда сірескен кептеліске түрткі төтенше жағдай

Алматыда бүгін жолдағы қозғалыс кілт тыйылып, жұрт жұмысқа уақытында бара алмай қалды. Көшедегі көліктер тұрған орнынан тапжылмай, қалалықтар көшенің қақ ортасында қаққан қазықтай қадалып қалды. Себебі жылу құбыры жарылды. Таңғы тоғыздар шамасында Рысқұлов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында жылу құбыры қарс айрылып, аспанға ыстық су атқылады. Адамдар өміріне қауіп төнгендіктен, жолдар жабылды. Коммуналдық мекеме өкілдері тек 12 сағат дегенде әупірімдеп жүріп, …

Подробнее...

Шенеуніктер жаңа жылды қалай, қайда өткізеді?

Жаңа Жылға санаулы күндер қалды. Әдеттегідей, жыл соңында тойхана мен мейрамханалар ұжымдық кештер өткізіп, қызметінің көрігін қыздырады. Сондықтан қазірден олар дайындыққа кірісіп, жарнамасын алаулатып-жалаулатып жатқан болар. Алайда, шала бүлініп жатқандардың барлығын жыл соңы жақындағанда коронавирус дейтін қырсық шалып, бір тиынсыз қалдырса таң қалмаймыз. Жалпы, биыл корпоративтік кештерді өткізуге рұқсат бар ма? Біздің атқамінерлер Аяз Атаны қалай күтеді? Шенеуніктердің шығыны көп …

Подробнее...
X