Тыныш отырған қарашаға қауіп төндірген жеті қазынаның бірі. Қазақ қораға түскен түз тағысын атымен атауға тыйым салып, ит-құс деп жатушы еді. Ақтөбенің бүтін бір ауылы сол ит-құстан емес, кәдімгі иттен қорқып, үрей құшағында отыр. Бала түгілі, ересек адамның өзі көшеде сақ жүреді. Кезінде адамды қауып, далаға ұлыған жануардың көзін құртушы едік, қазір заң басқа, есесіне иесіз иттер көшелерде маң басқан. …
Подробнее...Новости
Сапарбаев зейнетке шығады ма?
Бердібек Сапарбаев қашан зейнетке шығады? Соңғы жылда оқыс оқиғалардан көз ашпаған өңір әкімі шаршаған жоқ па? Бүгін Жамбыл облысының ақ жағалылары жиналып, бас қалада есеп берді. 68 жастағы әкімге тілшілер қауымы: «Жамбыл облысы мансабыңыздың соңғы баспалдағы ма?», деген сауалды төтесінен қойды. Бұл сұрақ жауабын білгілеріңіз келсе, тілшіміздің келесі материалымен таныса отырыңыздар.
Подробнее...Пештен шығатын проблема өзекті
Төтенше жағдайлар министрлігі келтірген мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері 300 адам өрттің құрбаны болған. Құтқарушылардың елдегі 2 миллионнан аса жеке үйді бақылауда ұстап отырғанына қарамастан газдан улану статистикасы да алаңдатарлық деңгейде. Елімізде ыстан уланып, жыл сайын 40-тан астам адам қаза табады. Оның кем дегенде бес-оны – бала. Сондықтан қауіпсіздік мәселесін төтеншеліктер ғана емес, тұрғындардың қаперге алғаны маңызды. Рейдке қатысып, пешке …
Подробнее...Көпбалалы ананы мешітке сілтеген әкімдік
Құдайға қаратқан Қарасай ауданы. Иә, көмек сұрап келген көпбалалы ананы Алматының Қарасай аудандық әкімдігі: «Мешіттен жәрдем тіле» деп шығарып салыпты. Әлеуметтік көмекке күні қарап отырған алты баланың анасы ай сайынғы төлем кешіккен соң жалдамалы пәтердің ақысын төлей алмаған. Ал, үй иесі ақшаны адамдықтан артық көрсе керек, шұбырған бала-шағасына қарамастан қыстың көзі қырауда оларды далаға қуып шыққан көрінеді. Мейлі, ол пендешілік …
Подробнее...СЭС СЕС көрсетті
Есі бар елдің — СЭС-і бар, СЭС-і бар елдің несі бар, айыппұлдан басқа? Соңғы кездері хаттаманы жол сақшыларынан да жиі толтыратын санитарлық-эпидемологиялық бақылауға көптің өкпесі осындай қара қазандай. Әрине, дұрыс, іс бастаған соң жалпыға ортақ ережеге бағынуың керек. Тамақ пісіріп сатсаң, тазалығы — басты талап. Кафе ашсаң, келушілердің саны — негізгі қағида. Алайда, билігі өзінде емес мекемелерге СЭС келіп «сес …
Подробнее...Көлгінов LRT-ны аяқтауға тағы 1 млрд доллар сұрап отыр
Жемқорларға ескерткіш немесе түрмеге апаратын темір жол! Астанадағы LRT атты аждаһа жобаны аяқтауға тағы 1 млрд доллар керек екен. Бұл жөнінде қала әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткенде брифингте мәлімдеді. Сол-ақ екен, қағытпа сөздер жан-жақтан жауа кетті. Зейнетақы жинақтарын пайдаланудың жеткіліктілік шегі көтерілгенін естіген желінің белсенділері «жұрт ала алмайтын ақшаны осы жобаға бұратын болар» деп әзілдеп жатыр. Енді бірі …
Подробнее...«Ажырасқан» жұлдыздар. Маркетологтар құпияны аша салды
Хайп үшін жан пида! Қарым, фоллоуер саны мен табысын арттыру үшін түрлі іс-әркетке баратын шоу-бизнес өкілдері мен блогерлер тағы бір әдіс ойлап тапты. Қандай дейсіздер ме? Аудитория үшін ажыраса салу! Мұндай пікірді сарапшылардың өзі айтады. Олардың пайымынша, жалпақ жұрттың назарын аударып, құлағын елең еткізетін кез келген оқиға алдын-ала жоспарланады! Ондағы көздегендері бір-ақ нәрсе. Оның не екені тілшіміздің келесі материалында.
Подробнее...АШМ: «Маңғыстаудағы малдың қырылуы трагедия емес…»
«Маңғыстауда малдың қырылуы жыл сайын болатын жағдай. Бұдан жұт не төтенше жағдай жасаудың қажеті жоқ. Ал, қырылған малдың саны неге ресми аз көрсетілген десеңіздер, оған шаруалардың өзі жауапты. Себебі, көбінің сырғасы жоқ, ресми тіркелмеген. Сондай-ақ, енді субсидия шаруаларға материалдық көмек ретінде таратылмайды. Әр демеуқаржы алған фермер жаңашылдық, не тың технология енгізуі керек». Парламенттегі Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі осылай-осылай сөйледі. …
Подробнее...Қосшыда үйлер тоналып жатыр
Елорданың іргесінде ұрылар көбейді. Қосшы қаласының үрейлі тұрғындары арнамызға арызданып, әбден тығырыққа тірелгендерін жеткізді. Өйткені заң жүзінде қатаң жаза тағайындалса да олардың қаймығатын түрі жоқ көрінеді. Үйден ұзап шықса, не терезені шағады, не есікті бұзып кіреді. Ұрыларға тосқауыл болатын тәртіп сақшыларын да көзіміз жиі шала бермейді деген қосшылықтармен тілшіміз де тілдесіп, мәселе өзектілігіне үңіліп қайтты.
Подробнее...Зейнетақы қорынан ақша шешу фантастикаға айналатын сынды
«Жылдар бойы жиған-тергеніңді пәтер алуға, ем-домға жұмса» деп Президент пәрмен бергенде, бір жасап қалғанымызды несіне жасырайық. Дауымыз жоқ. Арамызда бұл мүмкіндіктің шарапатын көргендер де бар. Десе де жұманың таңындағы жаңалық дүйім жұртты дүрбелеңге салып қойды. Оған сенсек, бейнеттің зейнетін бұрынырақ көру фантастикаға айналатын сынды. Өйткені «келесі жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) ақшаны алудың жеткіліктілік шегі екі еседей ұлғаяды» деген …
Подробнее...






