Әкімнің де әкімі бар, халыққа жақыны бар, басы даудан арылмайтыны бар, орынбасарға жарымайтыны да бар. Біз айтқалы отырған, дәл осы орынбасар таңдаудан оңбай қателескен Батыс Қазақстан облысының әкімі жайында. Оның орынбасарларының біреуі – қарамағындағы адамы пара алып, сотталғаны үшін қызметінен кетсе, өзгесі Президенттің сынынан соң орнын босатқан. Ең қызығы, лауазымды креслоның екеуі де әлі күнге бос тұр. Бүгін елордаға келіп, …
Подробнее...Новости
Дағдарыс орталықтары неге жетіспейді?
Жұдырық көп, жылу аз, таяқ артық, құшақ кем. Елімізде зорлық-зомбылық көрген ана мен баланы қолдайтын дағдарыс орталықтары тапшы. Бүгіндері елімізде зәбір көргендерді панасына алатын 30-ға жетер-жетпес мекеме бар екен. Оның өзі қаржыландыру тоқтағасын біртіндеп шетінен жабылып жатыр. Керісінше, еркектігін езгімен дәлелдейтін есерлер саны еселеніп барады. Ең сорақысы, қорлықтан қашып құтылған нәзік жандардың жартысына жуығы не барар жері, не басар тауы …
Подробнее...Рақымшылыққа кімдер ілікті?
Парламент Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Рақымшылық жасау туралы» заң қабылдап, оны Президенттің қол қоюына жолдады. Сенатта баяндама жасаған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев нақты кімдердің, қандай қылмыс жасағандардың мерзімінен бұрын босатылатынын айтты. Иә, елімізде екі көзі төрт болып темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жатқан жақындарын күтіп жүрген жандар баршылық? Сонымен, амнистия кімдерге жасалады? Бұл сауалдарға тілшіміздің келесі материалынан жауап …
Подробнее...Берекесіз баспана
Кентау қаласында көпбалалы және жетім-жесірлерге берілген көпқабатты 10 үйде жылу жоқ. Яғни, әу баста, баспаналарды көгілдір отынмен жылыту жоспарланған, бірақ қызығы сол, кеншілер шаһарының өзіне әлі күнге дейін газ тартылмаған. Енді тұрғындар күннің суығында жалға алған үйлерінде бүрсең қағып отыруға мәжбүр. Ал, жергілікті шенеуніктер мәселені шешудің ерекше жолын тауыпты. Ол қандай амал? Мұнымен тілшіміздің келесі сюжетінен қаныға аласыздар.
Подробнее...30-дан астам адам үйсіз қалды
Алматы облысында қызыл жалын барак типті үйдегі бірдей сегіз пәтерді жалмап, 30-дан астам адам күн суықта далада қалды. Оның жартысынан астамы балалар екен. Өрт кезінде әрең қашып үлгергендер қазір туыстарын жағалап жүр. Ауыл тұрғындары өрттің шығуына электр сымдарының ескіргені себеп деп, өз наразылықтарын білдіруде. Оқиғаның қалай болғанын, түн ортасында аяғынан тік тұрған атқамінерлердің не дегенін тілшіміздің келесі материалынан қаныға аласыздар.
Подробнее...Шыңғысханның тегі – адай, жатқан жері – алтай
Мә, керек болса! «Жарты әлемді жаулаған Шыңғысханның тегі – Адай, жатқан жері – Алтай». Осындай қорытынды келтірілген жазушы кітабы қоғамды тағы дүдамал қылып қойды. Иә, күллі әлемнің тарихшылары енді ғана бір шешімге келгендей болып еді, тарихи талас басқа реңкте тағы бұрқ етті. Қызу талас туғызған жазушыны тілшіміз де тауып алып, әңгімеге тартты. Одан бөлек тарихшы-ғалымдарды да осы тақырыпқа қатысты сөйлетіп …
Подробнее...Елордада қысқы спорт маусымы ашылды
Көңілді әуен, шат-шадыман халық! Елордада қысқы спорт маусымы ашылды. Тұңғыш Президент күнімен тұспа-тұс келген арнайы шараға 300-ден аса әуесқой және кәсіпқой шаңғышылар жиналды. 1 желтоқсан қысқы маусымның ашылуы аясында қысқы спорт түрлерінен тамаша фестиваль өтті. Толығырақ тілшіміздің келесі материалынан танысып біле аласыздар.
Подробнее...Елбасы есімі тик-токта
астарды түгел телефонға телміртіп, уақытты ұрлайтын танымал ТикТок желісі танымдық трендті де жарыққа шығарады екен. Желідегі бүгінгі контент Қазақстан тарихы мен ел басшыларына арналған. Өткен мен бүгінді байланыстыруды мақсат ететін тиктокерлер компаниясын NAN HOUSЕ деп атапты. Аты айтып тұрғандай, Елбасының есімімен байланысты бестіктің әрқайсысы әлеуметтік желіде өзінше танымал. Әрбіреуінде миллиондаған лайк пен 10 мыңнан астам оқырманы бар. Олардың барлығы бірігіп …
Подробнее...Ерекше есімдер
Елімізде ерекше әрі Қазақстанды айшықтайтын есімдер жиі кездеседі. Ең қызығы, Атазаң, Тәуелсіздік, Бәйтерек, Теңге деген ныспылар да жаңа туған балаларға жиі қойылады екен. Ең қызығы, баласына қала мен облыс орталықтарының атын қойған ата-аналар да кездеседі. Тәуелсіздіктен кейін трендке шыққан талай есімді естігенде таң қалдық. Еліміздегі есімі ерекше жандар туралы тілшіміздің келесі сюжетінен толығырақ қаныға аласыздар.
Подробнее...Ақтөбеде қоныс той
Мереке күні біраз ақтөбелік баспаналы болды. Жылдар бойы үйдің кезегінде тұрып, пәтер жағалап жүрген жандардың қуанышында шек жоқ. Көпқабатты тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Мемлекеттен тегін баспананы кімдер ала алады? Оларға қойылатын талап қандай? Қоныс той тойлап жатқандардың қуанышымен бөлісіп қайтқан тілшіміз өз материалында бұл сауалдардың жауабын айтады.
Подробнее...






