14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Тырнақ жасайтын еркек

Майқұдықта металлург тұрады. Бірақ, оның құрыштай қатты қолдары темір балқытудың орнына қыз-келіншектердің тырнағын әсемдейді. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, бүгінгі өмірдің шындығы осы. Жан Медетбековты әйелдерге тән жұмыспен айналысуға не итермеледі? Бұл сауалға тілшіміздің келесі сюжетінен жауап таба аласыздар.

Подробнее...

Тағы да шектеу шаралары енгізіледі

Елімізде 3 желтоқаннан бастап коронавирустың «омикрон» штамының пайда болуына байланысты жаңа шектеулер енгізілгелі жатыр. Бұл жөнінде Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді. Сондай-ақ, ведомствоаралық комиссия алдағы уақытта коронавирустың мутациясы анықталған елдерге қатынайтын әуе рейстерін тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Бұл тізімде қазақстандықтар көптеп демалатын Мысыр елі де бар. Ал, қазір сол жақта демалып жүрген отандастарымыздың жағдайы не болады? Мысырға …

Подробнее...

Мобильді аударымдар мәселесі

«Онлайн ақша қабылдамаймыз!». Соңғы күндері ел дүкендерінде осындай хабарламалар көбейіп кетті. Саудагерлер «құзырлы органдағылар қосымша салық салады» деп, есепайырысудан мобильдік қосымшаны ысырып қойып жатыр. Мұны естіп алған қарапайым азаматтар да «өзгеге аударған ақшамызға салық салынады ма» деген үрейге бой алдыруда. Сенат мақұлдап, Президенттің қол қоюы ғана қалған онлайн аударымдар туралы тілшіміздің келесі материалында баяндалады.

Подробнее...

Ұрланған көліктер жыры

20 жастағы алматылық азамат Ресей Федерациясында ұрланған көліктер тізімінде тұрған 11 темір тұлпардың иесі болып шыға келген. Бір қызығы, оның бәрін жас жігіт өз атына қалай тіркелгенінен мүлдем бейхабар. Оның ішінде жол талғамайтыны, бизнес кластағы жапондық седандар және екі КАМАЗ да бар екен. Кілтін ұстамақ түгілі, қандай да бір құжатқа қол қойып, атына жаздырмаған азамат енді солардан қалған жарты миллионға …

Подробнее...

Соғым қымбаттады

Соғым шүйгін болсын! Иә, күн суытқанда жем-шөбін, отын-көмірін қамдаған қараша енді соғым мәселесін шешуге жең түре кіріскен. Әркім өз жағдайына қарай әрекет етіп, бірі тана, тағы бірі жылқы сойып алып жатыр. Бірақ, қымбатшылық қос өкпеден қысқан бүгінгі күні көжелік деп есептелетін қойдың өзін соғым етіп, қанағат қылып жатқандары да баршылық. Бұған ауылдағы ағайын сенбеуі мүмкін, десек те бұл қала тұрғындары …

Подробнее...

«Омикрон» деген жаңа штамм шықты

Қатты шаршау, дене қызуы мен жүрек соғысының жиілеуі. Бұл «Омикрон» деп аталатын коронавирустың жаңа штамының белгілері. 32 мутациядан тұратын вирустың бұл түрінен күллі Еуропа сескеніп жатыр. Германия бастап, Ұлыбритания қостаған бірқатар ел қазір шекараларын жауып үлгерген. Жапония да жанталасып бағып жатыр. Ал бізде ше, Алексей Цой сценарий жазудан қолы босамай жатса керек, вирустың жаңа нұсқасы туралы, әзірге жақ ашқан жоқ. …

Подробнее...

Бас қаладағы «қарлы апокалипсис»

Елордада өткен аптада екі тәулік бойына жауған ақ ұлпа коммуналдық мекемелерді әбден абыр-сабыр қылды. Арнайы техника, әп сәтте басып қалатын қарды тазартып үлгере алмай жатыр. Бірақ, әкімдік биылғы қысқа тас түйін дайын екендерін, жұмысшылар күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін мәлімдейді. Бірақ, қар шығаруға жауапты жергілікті атқамінерлердің жұмысына тұрғындардың көңілі толар емес. Мәселенің мән-жайына тілшіміз келесі сюжетте тереңірек үңіліп көрді.

Подробнее...

Шымкентте мұғалімдер есепшісіне іздеу жариялады

Шымкенттегі Оразбай атындағы №115-ші мектеп мұғалімдері есепшілеріне іздеу жариялайды. Бұған себеп — айлықтарының дұрыс есептелмеуі, зейнетақы қорына қажетті ақшаның аударылмай қалуы. Ал, жағдайларын айтып, базынасын жеткізген құзырлы орган басшылары «қолдарыңнан келгенді істеп алыңдар» деп өздеріне қоқан-лоққы көрсететінге ұқсайды. Сондай-ақ, директор мен есепші қит етсе, ауырып жатып алуды кәдімгідей әдетке айналдырып алған. «Есепшіміз есімізді шығарды, директорымыз болса, дұрыс басшы бола алмады» …

Подробнее...

Талғарда балабақшада бүлдіршін көз жұмды

Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бүлдіршін көз жұмды. Қайғылы оқиға Талғардың мектепке дейінгі білім беретін жекеменшік мекемесінде орын алған. Сот-медициналық сараптама баланың өңешіне домалақ зат кептеліп қалғанын анықтады. Алайда мекеме қызметкерлері мұны білмеген. Тіпті, мұндай майда ойыншықтың балабақшаға қайдан келгенін ата-аналар да, мекеме жұмысшылары да білмей дал. 100 балаға шақталған мекеменің жұмысы қазір уақытша тоқтатылған. Оқыс жайттың жайын тілшіміз келесі …

Подробнее...

Диплом бермейтін университет

Мамандық алуға бір адым қалғанда үміттері үрейге айналған студенттер аяқ-асты босып қалды. Алматыда лицензиясынан айырылған жоғарғы оқу орнының студенттері не істерін білмей дал. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті жұмысын тоқтатқаны туралы сот шешімінен де шәкірттер мақұрым көрінеді. Әсіресе, биыл диплом алатындар аса абыржулы. Өйткені оларды басқа ешбір ЖОО қабылдамайды екен. Болашаққа баспалдақ болатын сол бір құжатты ұзақ күтіп, аяқ-астынан …

Подробнее...
X