14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Пранк жасаймын деп сотталғандар

Ойыннан от шықты. Орынсыз әзіл орға жықты. Контент жасаймын деп, көрші елде көлік «ұрлаған» алматылық үш блогер ақыры 3,5 жылға сотталды. Өздерін пранкер санаған жас жігіттер бұл жолы құр кешіріммен құтыла алмады. «Адреналин қуамын» деп абақтыға қамалғандардың жағдайынан тілшіміздің келесі сюжетінен қаныға аласыздар.

Подробнее...

Ақтөбеде 22 отбасы далада қалуы мүмкін

«Үй емес, үрей құшағы». Ақтөбеде 22 отбасы қара суықта далада қаңғып қалуы мүмкін. Қаладағы екі қабатты баспананың қабырғасы қақырап, қар суынан езіліп, ілдебайлап әрең тұр. Қапелімде шатыр опырылып, ортасына түссе іштегілердің жағдайы қалай болатынын ойлаудың өзі қорқынышты. Жалпы, Ақтөбеде 47 апатты үй бар екен. Жергілікті билік бұл ретте не дейді? «Айта-айта Алтайдының» күйін кешкен тұрғындар шағымымен біздің тілшіміз де қанығып, …

Подробнее...

7-сынып оқушысы көз жұмды

Мектептегі қаза. Шымкентте №1 дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың 7-сынып оқушысы жан тапсырды. Сабаққа сап-сау келіп, жағдайы күрт нашарлаған бала аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дене шынықтыру сабағында өзін жайсыз сезінген оқушыға алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмапты. Спортқа жаны жақын жеткіншекке не болды? Нақты диагнозы қандай? Бұл сауалдарға тілшіміздің келесі материалынан жауап таба аласыздар.

Подробнее...

Тағы ауыс-түйіс пе? Әкімдер ақордаға неге шақыртылып жатыр?

Ақ боранмен қоса жағаласып, аймақ әкімдері астанада сабылып жүр. Шығыстан Даниал Ахметов, батыстан Нұрлан Ноғаев, теріскейден Әбілқайыр Сқақов ат арылтып жетіп, Мемлекет басшысы алдында 10 айда атқарып үлгерген жұмыстары жайынан жарыса есеп берді. Өңір басшыларының елордаға асыға жетуіне Үкіметтегі ауыс-түйістердің қатысы бар ма? Әкімдер Ақордаға неге шақыртылып жатыр? Мұны тілшіміз келесі материалында тарқатып көруге тырысады.

Подробнее...

Астанадағы аласапыран

Елордалықтардың тең жартысы бүгін жұмысынан кешікті десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені бейсенбінің таңы астаналықтар үшін ақ түтек аласапыранмен басталды. Түнімен жауған қардың кесірінен автобустар тұралап, жолаушылар жетер жеріне жаяу-жалпы қатынауға мәжбүр болды. Көлік кептелісі былай тұрсын, әуе рейстері сағаттап кешігуде. Осындай ұрымтал сәтті такси қызметі де пайдалана кетіп, баяғы әуеніне басты. Таяқ тастам жерге мың теңгеден төмен түсірмей, тарифті …

Подробнее...

«Серпіннің» сергелдеңі

Шарттан аттасаң, 1 миллион теңге төлейсің, студент! «Серпін» бағдарламасының аясында білім алған кей жастар айыппұл арқалап жатыр. Нақтырақ айтқанда, 1 миллион 370 мың теңге! Онсыз да жұмыс таппай сандалған түлектер айыппұлды қалай төлейді? Әу баста, жастардың білім алып, жұмысқа орналасуына септігін тигізуі керек болған бағдарламаның соңы неге сұйылып кетті? «Серпіннің» сергелдеңі жайынан тілшіміздің келесі материалынан біліп, таныса аласыздар.

Подробнее...

Жылуы жоқ, суы жоқ, тұрғындар қайтып күн көрер?

Көптен күткен қоныс той үлкен қуанышқа ұласпады. Ай сайын 150 мыңнан астам теңгені банктерге санап беріп, «Ырысты» деп аталатын тұрғын-үйден шаршы метрлеп, пәтер сатып алғандардың ырысы арта қоймады. Қара күзде Алматының «Алатау» ауданынан жаңа үй алғандар пәтерлерінде бүгін бүрсең қағып отыр. Мұнда әлі коммуникация тартылмаған, кәріз жүйесі жоқ, тіпті, еден астындағы жабындыны ашып қарасаңыз, құрылыс материалдарынан үнемделгені анық байқалады. Өз …

Подробнее...

Терезеден секірген келіншек туралы жаңа дерек. Күйеуінің екінші әйелі болған

Тоғызыншы қабаттан үш бүлдіршінін лақтырып, кейін өзі де секіріп опат болған келіншектің күйеуінің азаматтық некеде екінші әйелі болған. Бұл туралы марқұмның туған әпкесі айтты. Жақындарының сөзінше, екінші әйелі жоғары оқу орындарының бірінде жұмыс істейді әрі табысты болған көрінеді. Бақилық болған әйел күйеуінің телефонын ақтарып отырған кезінде тоқалымен бірге түскен суреттерін көріп қойған. Тіпті, қайын жұрты бауырларының екінші әйелін барын біле …

Подробнее...

Николай патшаның заманынан қалған аурухана

Қызылорда облысындағы Сексеуіл кентінің халқы бір ғасырлық ескі ғимаратта ем алады. Ескі аурухана Николай патшаның көзін көрген деседі. Медициналық мекеменің іші суық, ал, науқастар дәретханаға бола, далаға шығуға мәжбүр. Аурухананың жағдайы сын көтермейтінін дәрігерлердің өзі де мойындайды. Үш-төрт жыл бұрын «жаңа үлгідегі аурухана салынады» деп ел қуанған еді мұнда. Бірақ, 40 орындық, сметалық құны 700 млн теңгеден астам нысан құрылысы …

Подробнее...

Тезек терген сексеуілдіктер қатты отынға зар

Астанаға газ тартып, тұтас Сарыарқаны көгілдір отынмен қамтығалы отырған Қызылорда облысы тұрғындарының өзі тезек теріп жүр. 90-шы жылдардың күйін кешкен Арал ауданы халқының отын алатын ақшасы жоқ емес, бар. Тек көмір тапшы. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін арба сүйреп, арнайы орындардан көмір қалдығын теріп жүр. Ал дым таппағандары малдың кепкен жапасын отқа жағып, қатты отынды бір-бірінен қарызға алатын көрінеді. Жылу …

Подробнее...
X