2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Ақтөбеде енді тауықтар қырылып жатыр

Аузынан ақ көбік ағып, сұлаған ірі-қараның ізін ала Ақтөбе облысында енді тауықтар қырылып жатыр. Ауыл тұрғындары құстарға қырғидай тиген нәубеттің не екенін біле алмай, дал. Әйтеуір, ел арасында желдей ескен сыбысқа сүйенсек, қаз-үйрекке дым болмаған, баудай түскен тек тауықтар көрінеді. Өңірдегі эпидемияға қатысты ресми статистика бар ма? Ветеринарлар бұған не дейді? Тілшіміз мұның жайын келесі сюжетте өзінше зерттеп көруге тырысты.

Подробнее...

Қанат Бозымбаев – Алматы облысының әкімі

Биліктегі партияның саяси кеңесі өтісімен, саясат сахнасында ауыс-түйістер басталып кетті. Әуелі жер жәннаты — Жетісудың жүгенін жеті жарым жылдай тас қылып ұстап, елдің амандығын тілеп, батасын алып жүрген Амандық Баталов қызметінен кетті. «Әкімдер рейтингісінде үнемі үздіктердің қатарынан табылатын шенеунік жұртпен қимай қоштасты», — дейді көргендер. Енді ол кісі, шынымен де үйде отырып, немересін бағады ма? Баталовтың орнына келген Қанат Бозымбаев …

Подробнее...

Назарбаев «Nur Otan» Төрағалығын Тоқаевқа тапсырады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «NUR OTAN» партиясы Төрағасы қызметіндегі орнын босатып, бұл реттегі өз өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізіп бермек. Бұл туралы бүгін партияның саяси кеңесінің отырысында белгілі болды. Жиында тағы бірқатар өзгерістер туралы айтылды. Онымен толығырақ тілшіміздің келесі сюжетінен таныса аласыздар.

Подробнее...

Әкімдер жалақысын қайда жұмсайды?

Өткен аптада бірқатар әкімдер мен министрлер алатын жалақыларын жария айтып, «япырмай» деп қалғанымыз, рас. Байқасақ, аймақтың атқамінерлері мен салалық ведомство басшылары еңбек өтіліне байланысты 900 мыңнан 2 млн теңгеге жуық табыс табады екен. Шенділердің жалақысы Мемлекет басшысының пәрменімен соңғы рет жыл басында екі есеге көтеріліпті. «Шенділер жалақысын қайда жұмсайды, қалған ақшасын қайтеді» деген көптің ойында сұрақ туындайтыны, рас. Бұл сауалға …

Подробнее...

Баспанасына кірмей жатып, көңілі түскендер…

«Шымкенттік шенеуніктер шындықтан шет қалған!» Шырайлы қаланың тұрғындары шу шығарып, әкімдіктің есігін сындыра жаздады. Біразы мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болуы тиіс еді, алайда құрғақ уәдеге қарық болғанын айтады. Енді біразы өлейін деп жеткендегі өлең төсегін көріп, өксіп жүргендер. Ескере кететін жайт, жергілікті биліктің жұмысына көңілі толмай жиылған көпшілік — кәсіпкерлер де емес, базардағылар да емес, осы биліктің өзіне жұмыс істейтін мемлекеттік …

Подробнее...

Садақа жәшіктеріне кім бас-көз?

Сауап берер тастасаң, садақаны әсілі. Бірақ, қайда кетеді, сол көмектің жәшігі? Дүкендерде, тағы басқа қоғамдық орындарда садақа жәшіктерін жиі көзіміз шалады. Ниеттеніп тиын-тебен тастайтындар да аз емес. Көп түкірсе — көл, көп тастаса — мол. Ал осы садақа жәшіктеріндегі ақшаның есебін кім береді? Ол ақшаны кім, қайда жаратып жатыр? Тілшіміз келесі материалда садақа тастайтын жәшіктер жайына қатысты зерттеу жүргізіп көрді.

Подробнее...

Бөгет жарылды

Алматы облысында төтенше жағдай! Түнде аймаққа қарасты ауылдың маңында бөгет жарылған. Мұнда қараусыз қалған жүзден аса ит қызыл судың ортасында қалды. Жеті қазынаның бірі саналатын жануарларды құтқару үшін нысан иелері бүгін қарашадан көмек сұрап шырылдаған. Апаттың жай-жапсарымен тілшіміздің келесі материалынан танысуға болады.

Подробнее...

Бір отбасы биіктен секіріп, мерт болды

Алматыда жұртты дүр сілкінткен, кісі шошырлық қайғылы оқиға орын алды. Алып шаһардағы үйлердің бірінің тоғызыншы қабатынан келіншек үш баласымен бірге секіріп кеткен. Нақтырақ айтқанда, жасы отызға да толмаған келіншек, ең алдымен балаларын терезеден өзі лақтырыпты. Иә, екі, бес және алты жастағы балаларды анасының өзі өлімге қиып, биіктен төменге тастаған. Мұны көргендер бастапқыда «әйел қоқыс лақтырып жатыр» деп ойлап қалған екен. …

Подробнее...

Құс еті қымбаттауы мүмкін

Батыс өңірде құс етінің құны шарықтауы мүмкін. Мал етінің бағасы онсыз да удай қымбат екенін ескерсек, жергілікті тұрғындар үшін бұл жығылғанға жұдырық болғалы тұр. Бар гәп — Маңғыстау облысындағы құс өсіретін кәсіпорында. 8 мың қанаттыны баптап отырған кәсіпкер төрт жылдан бері жылыжайына газ тарта алмай, әлекке түскен. Көмірге күні қараған бизнес иесі енді тауық етінің құнын жоғарылатудан басқа амалы жоқ …

Подробнее...

Мал арасын белгісіз індет жайлады

Ақтөбе облысының тұрғындары тағы дүрлікті. Бестамақ ауылында қазан айының соңынан бері мал арасында белгісіз індет таралып, ірі қараның аузынан ақ көбік ақса, ұсақ мал аяқтан кетіп жатыр. «Қолдағы төрт түлік жаппай қырылып қала ма» деп үрейленген кейбір тұрғын малын сойып алуда. Ауыл халқының үрейін алған бұл не індет? Шенділер неге карантин жариялауға асықпайды? Мұның мән-жайын Алға ауданына барып келген тілшіміздің …

Подробнее...
X