«Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовтың басы дауға қалды. Қызылорда қаласының мәдениет бөлімін басқарып отырған айтыскер ақынның маслихат депутатымен шекісіп қалған видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Лауазымды азаматтардың нені бөлісе алмағаны белгісіз. Десе де бейнежазбада қос мемлекеттік қызметкердің бір-біріне дөрекі сөйлеп, этиканы сақтамағанын аңғаруға болады. Қалғанын жергілікті тілшіміз келесі сюжетте тарқатады.
Подробнее...Новости
Тоқаев: «Атом электр станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек»
«Атом электр станциясын салу мәселесінде нақты шешімге келеміз деп ойлаймын». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қаржы секторының өкілдерімен кездесу кезінде осылай мәлімдеді. Мемлекет басшысы жиында Атом электр станциясын салу және атом энергетикасын дамыту мәселесін қаузады. Еліміз үшін осындай аса өзекті мәселенің мән-жайынан тілшіміздің келесі материалынан танысып-біле аласыздар.
Подробнее...Астанаға «алақайлап» жеткен газ суықта қатып қалды
Астанаға енді ғана жүргізілген газ құбыры бірінші суықтың өзіне шыдамай, істен шықты. Елордадағы «Көктал-2» шағын ауданы тұрғындары қыстың көзі қырауда көгілдір отынсыз отыр. Бірнеше күннен бері жылусыз үйде отырғандарды Арқаның аязы шыдатсын ба? Тәж тажал қаупі тағы бар. Әбден зәрезап жұрт енді көмір іздеп, көше кезіп жүр. Жылдар бойы әрең дегенде газға қолы жеткен жұрт қуанышының су сепкендей басылуына не …
Подробнее...Жұмысын істетіп, ақшасын бермей зар илетті
17 миллион теңге. Ақмола облысындағы Қараөткел ауылына толықтай асфальт төсеген мердігер компания осындай көлемде оңбай қарызға батты. Бұл — жұмысшыларына төленбеген ақының сомасы. Өзінің жекеменшік техникасымен құм, асфальт тасыған тұрғындар жарты жылдан бері еңбекақыларын ала алмай, сандалып жүр. Тіпті, жұмыс уақытында істен шыққан жүк көліктеріне жауаптылар қосалқы бөлшек алып беруден бас тартқан. Ал, жолды төсеген мамандар ақшамызды талап етіп, қақпаған …
Подробнее...78 миллион теңгеге сатып алынған картоп шіріп кетті
Арзанның сорпасы татымас! Ақтөбеде тұрақтандыру қорының картобы қоймадан дүкен сөресіне жеткенше шіріп кеткен. 78 миллион теңгеге сатып алынған картоп, жарамсыз. Бұл қалай? Жұмбақтың шешуін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядағылар да, дүкен басшылары да әлі күнге таба алмай дал. Бұл істің мән-жайын тілшіміз келесі сюжетте тарқатады.
Подробнее...Өмірзақ Шөкеевтің жалақысы қанша?
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев елордаға келіп, есеп берді. Өзінің жалақысының көлемі қанша екенін айтты. Туризмге де көп тоқталды. Осылайша есебінің мазмұнын аша түскісі келген әкімнің айтқандары оны тағатсыздана күткен журналистер қауымын қанағаттандырмады. Өңірдегі балалар зорлығы, өзге де елді дүрліктірген мәселелерді тілшілер алға тартып, әкімді өзінше айналсоқтады. Қалғанымен тілшіміздің келесі материалынан анық-қанық таныса аласыздар.
Подробнее...Дүлей дауылдан кейінгі өмір
Жамбыл облысындағы қатты жел 17 жастағы бозбаланың өмірін қыршыннан қиды. Жойқын дауылдың кесірінен қираған үй де көп. Медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болғандардың да саны қаншама? Дүлей дауылдан кейінгі жамбылдықтардың жай-күйі қалай? Үйлері үйіндіге айналғандарға мемлекет тарапынан көмек болады ма? Бұл сауалдарға тілшіміз рет-ретімен құзырлы органдардан жауап алуға тырысты.
Подробнее...Онлайн алаяққа тұтылған елордалық келіншек
Онлайн алаяқтардың қармағына тағы бір қазақстандық тұтылды. Бұл жолы киберқылмыскерлер құрбанына бірнеше банктен 9 миллионға жуық теңге тіркеткен. Білместіктен опық жеген елордалық келіншек арнамызға хабарласып, қыруар қарыздан қалай құтыларын сұрап, жылады. Бір елордалықтың басындағы шым-шытырық оқиға желісін тілшіміз келесі сюжетте өзінше тарқатып көруге тырысты.
Подробнее...Ағасы қарындасын алмасына кім кепіл?
Сауда үйінде, дүкенде, көшеде, автобуста, жалпы айналаңызда бір ұрықтан тараған ұрпақтар жүруі әбден мүмкін. Оны айтасыз, елімізде ағасының қарындасына үйленуі, әпкесінің бауырына күйеуге шығуы, жалпы ағайындылардың отау құруы әбден ықтимал. Бұған қазір жоғары сұранысқа ие қызмет — ұрық донорлығындағы олқылық себеп болуы мүмкін. Арнайы ереженің, бірегей базаның жоқтығынан бір еркектен 10 бала өмірге келіп, ертең олар бір-бірімен кездеспесіне кім кепіл? …
Подробнее...Шаруалардың танауы тасқа тиді
Шаруалар шенеуніктерді астанаға арнайы іздеп келді. Қазақ шаруаларының бірінші құрылтайына жиналған фермерлер «Маңғыстаудағы жұт мойындалсын, өңірде төтенше жағдай жариялансын» деп талап етті. Мұнда жаз бойы тамыр жеп, әрең аман қалған мал қыстың қақаған суығына шыдас беруі екіталай. Қазірдің өзінде күйсіз малға жем-шөпті де үйіп-төгіп беру мүмкін болмай тұр. Мал азығы жоқ, ал тапқан жағдайда бағасы удай. Осындай арызымен ат арылтып …
Подробнее...






