3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

ТОҚАЕВ ӘСКЕРИ ПАРАДҚА ҚАТЫСТЫ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары жалғасып жатыр. Бүгін ел президенті әскери парадты тамашалауға барды. Іс-шара Бейжің қаласындағы Тянь/ань/мэнь алаңында өтті. Салтанатты рәсімге Ресей, Солтүстік Корея, Үндістан, Иран және басқа да мемлекеттердің басшылары келді. Парадта алдымен 80 артилериялық зеңбірек шығарылып, әрқайсысынан оқ атылды. Кейін аспанға тікұқшақтар көтеріліп, символикалық 80 санын бейнеледі. Бұдан бөлек, көршілеріміз өзінің техникалық әлеуетін әлемге паш етіп, жаңа танктері …

Подробнее...

ӘЖЕТХАНА ӘЛЕГІ!

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағының аумағы сасып жатыр. Өйткені, 73 гектар жасыл алқапта әжетхана жоқ. Ел бір басынан екінші шетіне жеткенше әбден қысылады. Сондықтан, адам көзі түспейтін қуыстарға кім көрінген дәретін сындырып кетеді.

Подробнее...

ДЕПУТАТТАР ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ

Жазғы демалыстан оқушылар ғана емес, депутаттар да оралды. Бүгін ҚР Парламенті сегізінші шақырылымының кезекті сессиясы ашылды. Ала-жаздай аймақтарды аралаған халық қалаулылары ағайынның базынасы мен бұйымтайын мінберден көтеруге ниетті. Жаңа сессияда талқыланатын тақырыптардың басым бөлігіне мұқым елдің маңызды мәселелері арқау болмақ.

Подробнее...

ҚЫТАЙ ЕЛІМІЗГЕ ЖАҢА ҚАЛА САЛЫП БЕРЕДІ

Қытай Қазақстанға қала салып береді. Жаңа шаһардың құрылысын шығыстағы құдай қосқан көршіміздің компаниялары қолға алмақ. Кеше Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының жиынында болған Мемлекет басшысы бүгін осы елдің Астанасы Бейжіңге табан тіреп, Қазақ-Қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысына қатысты. Бұл жиында да бірталай құжатқа қол қойылды.

Подробнее...

АУЫЛДЫ ҚАЛАМЕН ТЕҢЕСТІРГЕН МЕКТЕП

Қаражотаның балалар жарты ғасырлық ғимаратта оқуға мәжбүр еді. Еңбекшіқазақтағы елу жыл бұрын салынған мектеп әбден тозды. Есік-терезесі алқам-салқам, қыста көмір жағып жылытатын. Енді ол жерді жергілікті билік жақсылап жөндеп, емханаға айналдырмақшы. Ал, балалар қайда барады? Білім алатын ғимаратынан айырылса да, жұрт, керісінше, ұлан-асыр той жасап жатыр. Оған себеп бар.

Подробнее...

АТ ҮСТІНДЕ ҚОНҒАН ЕМ!

Ерекше балаларға ерекше ем! Соңғы кезде баласының «ана» деген бір сөзін естуге зар болған әке-шеше көбейді. Дамуы кешуілдеп, іс-қимылы тежелгесін түрлі маманмен кешенді ем қабылдауға тырысады. Оның ішінде иппотерапия да бар. Яғни атқа міну кез-келген диагнозы бар бүлдіршіннің дертіне дауа! Ол тағы тегін болса, отбасына әлдеқайда жеңіл! Жетісу өңіріндегі Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігі биыл 30 шақты ұл-қызға осындай мүмкіндік …

Подробнее...

АСПАН АСТЫ ЕЛІНДЕГІ АЛҚАЛЫ БАСҚОСУ

Біріккен ұлттар ұйымын реформалайтын уақыт жетті. Әсіресе, оның қауіпсіздік кеңесіне баса мән берген жөн. Қытайға сапары барысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің көшбасшылары алдында сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда қолға алынуы тиіс батыл ұсыныстарын айтты. Қазақстан ШЫҰ даму банкін құру жөніндегі бастамасын да қолдайды. Жоба бірлестікке мүше мемлекеттердің инвестициялық және технологиялық ынтымақтастығын нығайта түспек.

Подробнее...

ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН МЕКТЕПТЕР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Бүгін біраз шенеунік мектепке барды. Арасында минстрі де, облыс әкімі де, басқарма басшылары да бар. Атқамінерлер бүлдіршіндермен тілдескен боп, білім ордасына қадам басқан балақайлардың арқасынан қағып, сәттілік тілеп жүр. Онысын жанындағылар әлеуметтік желіге жүктеп, ел-жұртқа паш етті. Биыл 360 мың бала мектеп табалдырығын алғаш аттапты. Ал, білім ошақтарының жағдайы, дайындығы қалай екен?

Подробнее...

ШАХТЕРЛЕРГЕ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Өткен демалыс күндері еліміздегі ең ауыр, ең қауіпті мамандық иелері шахтерлер өз кәсіби мерекесін атап өтті. Ал, Павлодар облысындағы «Восточный» көмір кенішінде қос қуаныш. Дәл осы датамен кәсіпорынның 40 жылдық мерейтойы тұспа-тұс кепті. Айтулы датаға кәсіпорын басшылығы тыңғылықты дайындалып, қызметкерлеріне тосын сый ұсынды. Екібастұз жұрты «Шахтерлер күнінің» құрметіне ұлан-асыр сайыс өткізді.

Подробнее...

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Президент Жолдауында жүктелген міндеттер Маңғыстау өңірінде жүйелі түрде орындалып келеді. Соның айқын дәлелі – «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы. Мұнда жаңа өндіріс орындары ашылып, мыңдаған тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда аймақтың аумағы екі жарым есеге кеңейіп отыр.

Подробнее...
X