0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Депутаттар доп тебе алмайтын футболшыларды сынады

Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы Франциядан 8:0 есебімен тақыр-таза ұтылғаны Мәжіліс депутаттарының ашуын туғызды. Халық қалаулылары Үкіметке кәсіби клубтарды «облыстық әкімдік бюджетінен» қаржыландыруды тоқтатуды талап етті. «Мемлекеттің мойнына мініп, жыл сайын милиардтарды желге шашатын футбол клубтарын коммерциялық бағытқа жіберетін уақыт жетті», — дейді олар. Белгілі болғандай, соңғы үш жылда облыстық әкімдіктер кәсіби клубтарға 111 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған. Оның қыруар …

Подробнее...

Ақмоладағы трагедия. Екі әулет қара жамылды

Ақмола облысында үлкен трагедия. Шортанды кентінде алапат жарылыс болып, адамдар қаза тапты. Арасында балалар да бар. Қонақ шақырып, абыр-сабыр болып жатқан үй кенеттен жарылып кеткен. Сол кезде іште 12 адам, оның жетеуі бала болыпты. Бірден екі әулетті қара жамылдырып, қалың қазақты қайғыға батырған оқыс оқиға туралы Шортандыға барып келген тілшіміздің келесі материалынан таныс бола аласыздар.

Подробнее...

Мектептің бар автобустарын жоқ қылып отырған кімдер?

Алматы облысының Қарасай ауданында мектеп оқушыларына деп алынған автобустар бір жарым жылдан бері қаңтарылып бос тұр. Ал шалғай өңірдің балалары қазір білім ордаларына бірінің үстіне бірі ығы-жығы болып мініп, ескі автобустармен әрең қатынап жүр. Себебі жолға шығатын автобус саны аз. Жоқ десе, бір сәрі. Су жаңа көліктер мектеп баланстарында бар болып шықты, бірақ қолданысқа берілмеген, тіпті жекенің үйінде қаңтарулы тұрғанға …

Подробнее...

Жамбыл облысындағы аласапыран немесе қараңғыда қалған жұрт

Желдің екпінінен екпетінен құлаған жамбылдықтар әлі есін жия алмар емес. Секундына 30 метр жылдамдықпен соққан дауыл шаһардағы үйлердің шатырын жұлып, биік талдарды сұлатты. Ал тамырымен опырылған ағаш газ құбырының үстіне түсіп, электр сымдарын үзіп, бірнеше елді-мекен көгілдір отынсыз, жарықсыз қалды. Апатты жағдайларды болдырмас үшін бүлінген құбырларға газ беру тоқтатылды. Тіпті, қатты бораннан жолда кетіп бара жатқан көліктің өзі аударылған видеолар …

Подробнее...

Өркениеттен жұрдай күйгенжар ауылы

Күйгенжарлықтар «тура Елорда іргесінде отырып, өркениет атаулыдан қалыс қалдық» деп налиды. Мұнда жарық та, су да дұрыс берілмейді. «Бәріннен де балаларға обал болды» деген жұрт шенеуніктерден мәселелерін шешіп беруді талап етеді. ХХІ-ші ғасырда электр жарығына жарымай, тіршілік нәрінен тарығып отырғандардың жанайқайын біздің тілшіміз де тыңдап-қайтты.

Подробнее...

«Pfizer» салдырамын десең, сатып ал!

Иә, жақында ғана елге жеткізілген америкалық-неміс екпесін қазақстандықтар ақша төлеп, салдыра алады. Балалар мен аяғы ауыр әрі емшекте баласы бар келіншектерге тегін егілетін вакцинаның өзгелерге қанша теңге болатыны, әзірге белгісіз. Мұны Үкіметте Денсаулық сақтау министрі айтты. Сондай-ақ ол кәмелет жасқа толмағандарды да «Ashyq» жобасына енгізу туралы ой барын жасырмады. Pfizer-ді коммерциялық сегментке жіберу қаншалықты тиімді? Атқамінерлердің бұл шешіміне не түрткі …

Подробнее...

«Еңбек» еңбектетіп жіберді

«Бізге күн көрсететін түрлері жоқ!». «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған жұрт осылай деп ренішін жеткізіп отыр. Дипломын құшақтап, «бала-шағамды асырайын» деп мүлдем басқа аймаққа үдере көшкен ағайынды ешкім құшақ жайып қарсы алмағанға ұқсайды. Түрлі әлеуметтік қамсыздандыруға еліткендер «барсақ, алтын түгілі бақыр да жоқ» деп қарап отыр. Сонда мемлекеттік бағдарламаның жерге қаратқаны ма? Тілшіміз жылы жақтан суық өңірге кетіп, …

Подробнее...

Танымал болам десеңіз…

Танымал болам десеңіз, тик-ток, тренд, контент, үш жақының білсеңіз. Бүгіндері тик-ток қарайтындардың қатары артып, карантинде рекордтық көрсеткіш орнатқан. Қосымшаны екі миллиард адам бірден жүктеп, таң-тамаша етті. Сол екі миллиардты баурап алған не нәрсе? 20 миллиондап жазылушы жинағандар нені насихаттап жүр? Тілшіміз тиктокерлермен кездесіп, ұсынып жүрген контенттері жайын сұрап, сөзге тартты.

Подробнее...

Басы дауға қалған полицейлер

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы полицейлерінің басы дауға қалды. Қарақшылық жасап, ұсталған күдіктінің туыстары «ұрланған ақша мен қымбат ұялы телефонды тәртіп сақшылары өздері иемденіп алды» деп отыр. Осылай деген олар құзырлы орган өкілдерінің өздерін жазалауды талап етіп, арыз түсірді. Шым-шытырық оқиғада кімді кім тонаған? Бұған қатысты өңірдің полиция департаменті не дейді? Істің анық-қанығын тілшіміздің келесі материалынан біле аласыздар.

Подробнее...

Талғарлықтарға қазақ мектебі керек

Бізге аралас емес, қазақ мектебі керек. Алматы облысындағы Талғар қаласының тұрғындары осындай талап қойды. «Салынып жатқанда қазақ мектебі болады» деген нысан кейіннен аралас білім ордасы болатыны айтылыпты. Осы мезеттен аудан халқынан маза кетіпті. Жұртшылық шағымына аудан атқамінерлері құлақ аспағандықтан Білім министрі Асхат Аймағамбетов пен Мәжіліс депутаттарынан көмек сұрайды. Тақырыпты тілшіміз кеңінен тарқатады.

Подробнее...
X