Әлеуметтік желіде «спортшы боламын» деген 8-ші сынып оқушылары бір сынып төмен балаларды ұрып-соғып, ақша талап еткен видеосы тарады. Онда басбұзар әрекеттен бөлек өздеріне тән дөрекі сөздер де бар. Сұмдық жайт, басқа-басқа емес, Степногордағы олимпиадалық резерві мектебінде орын алыпты. Осылайша «болашақта Қазақстанның атынан Олимпиадаға барады» деп үміттенген мектеп-интернат оқушылары әлімжеттік жасап, ақша бопсалап келгені бүкіл елге аймандай әшкере болды. Бұл жайтқа …
Подробнее...Новости
Рұқсат етілген митинг немесе фермерлер талабы
Ақтөбеде жүздеген фермер рұқсат етілген митингке шығып, талаптарын айтты. Арасында Қарағанды мен Батыс Қазақстан облыстарынан арнайы келгендері де бар. «Географиялық орналасуымыз бөлек демесеңіздер, проблемамыз – ортақ», — дейді олар. Ауыл шаруашылығы министрлігіне айтқан 24 ұсыныс-тілектің ең бастысы – Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы екен. Субсидиядан бастап, асыл тұқымды мал басын көбейту сынды мәселелерді қамтитын фермерлер талабымен тілшіміз …
Подробнее...Pfizer-мен вакциналау басталды
Pfizer екпесі аяғы ауыр келіншектер мен балалар ғана емес, өзге санаттағы азаматтарға да салынуы мүмкін. Премьер-министр Асқар Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуінде осылай дейді. Оның айтуынша, тәжвирусқа қарсы америкалық препаратпен егілетін жандар тізімі тағы кеңейтіледі. Қазір бұл бастаманы жүзеге асырудың барлық жолы қарастырылып жатыр екен. Бірақ, америкалық вакцинаның нақты тағы кімдерге егілетіні, әзірге белгісіз. Pfizer вакцинасын алғандар өздерін қалай сезінеді? Баласына …
Подробнее...ЭКСПО-2021: елден ерек қазақ павильоны
Осыдан төрт жыл бұрын біздің елімізде өткен ЭКСПО естеріңізде болар. Ауыл — аймақтан ағылған жұрт «жасыл энергия» тақырыбындағы түрлі елдің павильондарын аралап, мәре-сәре болған еді. Ауқымды шараны сылтауратып Елордаға келгендердің қарасы көп болды. Дәл осындай көрме қазір Дубайда өтіп жатыр. Басталғанына бір ай болды. Жаңа технологиялар тақырында өрбіген ЭКСПО-ға біздің еліміз де қатысуда. Елден ерек көзге түсетін біздің павильондағылар көрмеге …
Подробнее...Кадрдың қадірін біледі — СҚО
Солтүстік Қазақстан облысындағы еліміздегі ең ірі «Обухов» кен байыту комбинатының жұмысшыларына әлеуметтік қолдау тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Жылына 2 мың тоннадан астам концентрант өндіретін кәсіпорын аймақ халқының басым бөлігін тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Мысалы, дүниеге келген Әр балаға қомақты қаражат төленеді: бірінші балаға – 1 миллион, екіншісіне – 2 миллион, үшіншіге — 3 миллион теңге.Мекеме басшылығы жеңілдіктер тізбегі мұнымен шектелмейтінін …
Подробнее...Ахметов астанада не істеп жүр?
Айыптама мені! Шығыс өңірдің әкімі өзіне бірнеше айып тағып, отставкаға кетуін сұраған бизнес иелерін соттатқалы жатыр ма? Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Әлде бұл аққа жағылған қара ма? Даниал Ахметов бүгін елордаға келіп есеп берді. Шығыстан келген шенеунікпен біздің арнамыздың да тілшісі кездесіп, бірқатар сауалдарға жауап алды.
Подробнее...Диқаншылар жанайқайы: көкөніске де көмір керек
Елімізде алдағы бірер айда көкөніс қымбаттауы мүмкін. Өйткені Қазақстанды қияр мен қызанақпен қамтамасыз етіп отырған түркістандық диқандар банкрот болудың сәл-ақ алдында тұр. Бұған себеп көмірдің жоқтығы. Түркістан облысында жылыжайда жер емген жандар жуық арада қатты отын таппаса, жыл бойғы еңбектері еш кетуі мүмкін. Екі сағат от жанбаса, температура минус болып, 100 тонна көкөніс ештеңеге жарамай, су болып ағады. Сондықтан диқаншылар …
Подробнее...Тарихтан сыр шертетін көрме
Елордада ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Бөкей Ордасы — ел мұрасы» атты көрме ашылды. 220 жыл бұрын іргесі қаланған Бөкей Ордасының тарихын кең көлемде насихаттайтын құнды жәдігерлер көрмеге келушілердің қызығушылығын арттырып, тарихи мекеннің екі ғасырдан астам шежіресімен жете таныстырады. «Бөкей хан», «Жәңгір хан», «Бөкей Ордасындағы реформалар», «Исатай-Махамбет», «Бөкей Ордасының атақты тұлғалары» және тағы да басқа бірқатар тақырыптар бойынша көне жәдігерлермен …
Подробнее...Теміржолшыларға тарту
ХХ-ғасыр басындағы паровоздар қайтадан шойын жолға шықты. Тарихи жәдігерге айналған теміржол көліктерін көргіңіз келсе, Арысқа барыңыз! «Түрксіб» теміржолының құрылысы мен осы салаға атсалысқан арыстықтарға ерекше ескерткіштер қойылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Арыс қаласының 65 жылдық мерейтойына орай қалада екі ескі паравоз монумент ретінде орнатылды. Тарихи жәдігерлердің біреуі «Дендросаябақта» , екіншісі жуырда күрделі жөндеуден өткен «Теміржолшылар саябағына» қойылды. Жүздеген тоннадан …
Подробнее...Әскерге сау кетіп, есін жоғалтып оралды
Әскери борышын өтеп келген сарбаз жындыханадан бір-ақ шықты. Өткен жылы Арал ауданынан Ақтау қаласына әскерге кеткен Ринат Жеткергеновтың бүгінгі күйінен кісі шошиды. Он тоғыз жастағы сотқалдай жігіт бауырлары түгілі, туған анасын да танымайды. Әскерге сау кетіп, есін жоғалтып оралған Ринатқа не болғанын тілшіміз келесі материалда анықтап көруге тырысты.
Подробнее...






