Алматы обылысындағы Қапшағай тас жолы бойында тұратын саяжай тұрғындары «келімсектерден әбден мезі болдық» деп арнамызға шағымданды. Олардың айтуынша, заңсыз кірмелер үйлерін тонап, бала-шағаларының берекесін алады. Салдарынан бала екеш бала да далаға ойнаудан қалған. Оның үстіне, саяжай тұрғындары көшенің арғы бетіндегі қоқыс полигонының мүңкіген иісінен де шаршағандарын айтады. Наразы халықтың талабымен тілшіміздің келесі сюжетінен таныс бола аласыздар.
Подробнее...Новости
Емханадағы келеңсіздік
Шымкенттегі №2 емхана таң атпастан елдің есін шығарды. Медициналық мекеме өзге түгілі, өз қызметкерлеріне есігін тарс жауып, ашпай қойған. Ал дертіне шипа іздеп келгендер дірдектеп, бірнеше сағат сыртта тұруға мәжбүр болыпты. Не болып жатқандығынан барлық адам бейхабар. Сөйтсе дәрігерлер жұмысқа шығудан бас тартқан көрінеді. Істің мән-жайын тілшіміз келесі материалда толығырақ тарқатады.
Подробнее...Семейліктерді сандалтқан кім?
Мектепке ерте барса, бала бір сағат далада қалады. Кеш барса, сабақтан қалады. Ал үлкендері, тіпті жаяу-жалпы жұмысқа тартуға мәжбүр. Себебі бес шақырым Мұрат ауылы мен Семейдің арасына 15 жылдан бері тек нөмірі 27-ші автобус қана қатынайды. Онда да қозғалыс кестесі өте ыңғайсыз. Таңертең бірінші рейс жүрмейді. Кешке де ерте тоқтайды. Бала-шағасымен қоса осылай сандалып қалған семейліктердің бұл өзекті мәселесіне банк …
Подробнее...Газдың ортасында отырып, көмір іздеген жұрт
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы 10 ауыл газ стансасының түбінде отырса да көгілдір отынға бір жарымай келеді. Ауданда біршама уақыт бұрын АГРС іске қосылып, халық шаттанды. Атқамінерлерге сеніп, тіпті қыс мезгіліне отын жинамағаны қаншама? Алайда жауаптылар биыл да сөзінен тайқып шықты. «Қатып өліп қалармыз» деген жұрт, ақырында күн суытқанда көмір іздеп сабылып әлек. «Тоңып секірген» жұрттың назын «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі …
Подробнее...Онлайн-аударымдарға арналған тұсау
Салықтан жалтаратын кәсіпкерлерге селт еткізер жаңалық! Енді елімізде онлайн-аударымдармен олжаға кенеліп, кәсібін дөңгелеткен бизнес иелеріне тосқауыл қойылады. Тосқауыл дегенде айыппұл салынып, қолға алған іс мәжбүрлеп жабылады деп ойлап қалмаңыздар. Әсте, олай емес! Жай ғана мобильді аударымдар жүйесіне өзгеріс енгізіліп, кәсіпкерлер қит ете алмайтындай амал қарастырылады. Төлем жүйесіне қатысты Қаржы министрлігінің бастамасымен тілшіміздің келесі материалынан таныса аласыздар.
Подробнее...Кел, балалар, екпе алайық!
Келесі аптадан бастап елімізде оқушылардың алғашқы легі індетке қарсы екпені қабылдайды. Премьер-министр Асқар Мамин мектептерде егу пунктерін дайындауды тапсырды. Ел аумағына балалар мен жүкті келіншектерге арналған вакцинаның бірінші партиясы бүгін жеткізілуі тиіс. Ал 15 қарашаға дейін өңірлерге Файзер екпесінің 374 мың дозасы жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Жалпы, бұл вакциналау науқаны қалай жүргізіледі? Ал, одан бөлек, екпенің үшінші дозасын кімдер және …
Подробнее...Тағы бір шенді «Айды аспанға шығарды»
Еліміздегі білім ошақтары 100 пайыз қауіпсіз. Бәрінде де бейнекамералар бар. Барлығы да істеп тұр. Ішкі істер министрі күні кеше осылай деп депутаттарды сендірді. Министрдің бұл мәлімдемесі көптің көңіліне бірден күмән ұялатты. Осы жағынан алғанда, Тұрғымбаев артынша іле-шала өтірігі ашылатын алдыңғы шенділердің кебін киіп жүрмесе игі. Мәселен, еліміздің 99 пайызы интернетпен қамтылғанын Үкімет басшысының өзі алаулатып-жалаулатып жеткізген. Бірақ пандемия кезінде тау-тасты …
Подробнее...24 жылдан кейінгі сұмдық оқиғаның жаңғырығы
Қарыз үшін әжесі мен шешесін өлтіріп, тұтас әулетті қара жамылдырған қылмыскер араға 24 жыл салып табылды. Күдікті шекара асып, Ресейдегі ауылдардың бірінде жасырынып келген. Ақша үшін ұл-қыздарды жетім етіп, ширек ғасырдан бері іздеуде жүрген азамат дым болмағандай өмір сүріп келіпті. Сұмдық жайт осыдан 24 жыл бұрын Ақмола облысында болған. Қарыз үшін әуелі әжесін, кейін байқаусызда қылмыстың куәсі болған анасын да …
Подробнее...Моншадағы қылмыс
Түркістан облысында көңілді сауықтың соңы қайғылы жағдаймен тынды. Сайрам ауданында моншаға келген жігіттерді кешен күзетшілері жабылып, аяусыз соққыға жыққан. Жаппай төбелестен басынан ауыр жарақат алған 27 жастағы жігіт қыршын кетті. Жабыла сабағандардан тек біреу ғана ұсталған, онда да сот оған үй қамаққа алу жөнінде шешім шығарған. Марқұмның туыстары іске бір ғана адам күдікті деп танылғанына наразы. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем …
Подробнее...Ақтаудағы жарылыс: себебі мен салдары
Өткен жексенбі жарылыстан көз ашпаған күн болды. Еліміздің батысында бүтін бір ғимараттың күлі көкке ұшты. Ақтаудағы дәмханалардың бірінде дүмпу болып, екі қабатты кешеннің түгі қалмай күл-талқан болып, тас-кірпішіне дейін шашылып қалды. Айналасындағы нысандарға бірталай зақым келді. Алапат апаттан адамдар аман қалды ма, зардап шеккендер бар ма? Бұл сұрақтарға тілшіміздің келесі арнайы материалынан жауап таба аласыздар.
Подробнее...






