18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Шетелдік көліктерге тықыр таянды

Қазақстанда құжаты еш жерде тіркелмеген автокөліктерге тықыр таянды. Тәртіп сақшылары оларға ереже бұзғаны үшін айыппұл да сала алмайтын көрінеді. Сондай-ақ, салықтан да жалтаратындары жетерлік. Сол себепті «ауадағы» көліктер деп те атайды оларды. Құзырлы органның қырағы көзі енді осыларға түсіп, еліміздегі шетелдік көлік иелерінен маза кетті. Әсіресе, ресейлік темір тұлпарлар жаппай айып тұрағына қойылып жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде темір тұлпарын аттай қалап, …

Подробнее...

Алматыдағы жантүршігерлік кісі өлімі

Алматыда таңертең жантүршігерлік қылмыс орын алды. Тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің бірінен 22 жастағы қыздың денесі табылды. Айуандығын жасыру үшін қаскөй мәйітті өртеп жібермек болыпты. Ал марқұм жамандықты сезгендей, түн ішінде әпкесіне хабарласып үлгерген көрінеді. Қанды оқиғаның жай-жапсарын біздің арнаның тілшісі анықтап көрді.

Подробнее...

Жеңіс пен жеңіліс

Спорт саласынан сүйінші хабар. Қазақстан боксшылары әлем чемпионатының командалық есебінде ІІ-орынға табан тіреді. Сербияның Белградында өткен былғары қолғап бәсекесінде біздің команда соңғы төрт әлем чемпионатында болмаған жетістікке қол жеткізді. Ал, жарыста жұмыр жұдырықты жерлестерімізден жоғары тұрған кім дейсіздер ғой? Қашан да қазақ боксшыларына мықты қарсылас бола білген, сол баяғы Куба. Жаһан додасының қорытындысы мен қатысушылары туралы тілшіміздің арнайы дайындаған сюжетінен …

Подробнее...

Әкімді абдыратқан сұрақ

Ақтөбенің қарыштап қарқынды дамуын, экономикасының еселеп өсіп жатқанын елордада ел алдына шығып баяндаған облыс әкіміне нұр-сұлтандық журналистер тосын сұрақ қойып, сценариді бұзды. Бюджеттің әр тиынына жауапты болса да Оңдасын Оразалин қазына қаржысының қайда жұмсалып жатқанынан бейхабар болып шықты. Күтпеген сұрақтан қысқа қайырып, құтылуға тырысты. Тіпті, «әкімдік мұндай тауарды сатып алады» дегенге күмәнмен қарайтынын да айтты. Алайда, облыстық іс басқармасы әкімнің …

Подробнее...

Шахтадағы шырғалаң

Ай мен күннің аманында алты кенші ажал құшты. Екеуі ауруханада ауыр халде жатыр. Қайғылы оқиға жексенбі күні таңертең Қарағанды облысындағы Абай шахтасында орын алды. Кен орнында метан газы таралып, жер астында жұмыс істеп жатқан 64 шахтердің өміріне қауіп төндірді. Төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр. Президент қаза тапқан кешілердің отбасыларына жәрдемдесуге пәрмен берді. Қаза тапқандардың барлығы арнайы киімді киіп үлгермей қалғанға …

Подробнее...

Тұрғын үйлер жатақханаға айналады

Елімізде жайлы орын мен жылы бөлмеге зәру 62 мың студент бар. Сондықтан енді тұрғын үйлерді жатақханаға айналдыру шарасы қолға алынбақ. Жатар орын таппай, жалдамалы пәтер іздеп сандалған студенттер үшін бұл — жағымды жаңалық. Білім министрлігінің өкілдері елордалық студенттердің тұрғын үйге қатысты мәселесін шешу үшін кәсіпкерлермен тиісті келіссөздер жүргізуді бастап кетті. Бүгінгі таңда қанша инвестор ғимараттарын қайта бейіндеуге дайын? Жалпы, бұл …

Подробнее...

«Вакцина алмағандардың баласын тартып алады» деген шын ба, әлде өтірік пе?

«1 қарашадан бастап вакцина салдырмағандардың балаларын тартып алады». Мұндай фейк ақпараттар чаттан-чатқа жіберіліп, кейбір адамдар соған сеніп қалады. Осындай хабарламаға сүйенген мыңдаған ата-ана ашуланып, наразылығын білдірді. Желідегі осындай ақпараттар қайдан шығады? «Аңқау елге арамза молда» деген құбылыс неге жиілеп кетті? Соңғы уақытта мессенджерлерде тараған шулы мәлімдемелердің ақиқатына тілшіміз үңіліп көрді.

Подробнее...

Ауылдағы ауыртпашылық

Нұр-Сұлтаннан 15 шақырым жерде Жалтыркөл дейтін ауыл бар. Шағын елді-мекенде мектеп жасындағы балалар көп те, ал білім алатын орда біреу ғана. Бүгіндері ондағы өскелең ұрпақ үш ауысым бойынша сабақтарын оқуға мәжбүр. Оның үстіне ауыл шетінде тұратын балалар жылдар бойы қысы-жазы мектепке жаяу қатынап келеді. Осындай шағыммен жатыркөлдіктер біздің телеарнаға хабарласып, түсірілім тобы сонда аттанды. Ендеше, сюжетті тамашалаңыздар!

Подробнее...

БОКС және ДИКИЙ АРМАН

Жарыста жеңілген жігіттерді Дикий Арман (Арман Жұмагелдиев) жарылқады. Белградта өтіп жатқан былғары қолғап бәсекесінде жолы болмаған боксшыларымызға қылмыс әлемінің серкесі қомақты ақша таратты. Ду еткізген бұл жайтқа қатысты жұрттың пікірі қақ жарылды. Біреулер «Дикий Арман жанына жұмыр жұдырықты жігіттерді қайта жинап жатыр» десе, басқалары «ол спортқа ауыз салғалы жүр» деп топшылауда. Осы сөздер құлағына жетті ме, қайдам, жомарттық танытқан Арманның …

Подробнее...

Ақмола облысына қарасты Ескенежал ауылының тұрғындары жергілікті кәсіпкерден теперіш көріп отыр

Сол елді мекен маңын қоршап алған азамат «жұрттың малын егініме түсті» деп айыптап, өтемақы өндіріп алмақ ниетте. «Жиын-терін науқанында дымсыз қалдық» деген кәсіпкер тұрғындардан шығын ретінде 30 млн теңге талап етіп отыр. Бітімге келе алмаған тараптарды «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі тыңдап қайтты.

Подробнее...
X