18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Түркістан облысы Түлкібас ауданы экологиялық апаттың аз-ақ алдында тұр

Себебі тұрғындар күнара тау-тастың арасындағы жарылыстан бұлақтар тартылып, шаң тозаңнан көз аша алмай отыр. Жығылғанға жұдырық болып, жақын маңға химиялық зауыт салынбақ. Алайда халықпен не зауыт басшылығы, не биліктегілер келіп бір ауыз сөйлеспеген. Түлкібас ауданының алты ауылының жүзге жуық тұрғыны химиялық зауыттың салынуына үзілді-кесілді қарсы. «Уланып өмір сүргіміз келмейді» дегендер өздерінің талаптарын төтесінен қойып, техникаларын жүргізбей тастады. Ашынған елдің талабын …

Подробнее...

Алматы облысында әйел 10 жастағы ұлын пышақтап тастады

Сұмдық оқиға Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентінде болған. Жедел жәрдемге хабарды баланың атасы берген. Әлеуметтік желі арқылы әлдебіреулердің өлтіргісі келгенін айтқан әйел бірнеше уақыттан бері айналасынан шошып, қатты қорқып жүріпті. Денесінің 16 жері тілінген, өлім аузынан қалған жеткіншектің жағдайы қандай? Психикасы бұзылған әйел қазір қайда? Оқиғаның мән-жайын «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі зерттеп көрді.

Подробнее...

Шаруаларға бөлінген қаражатты жымқырған 30 шенеунік ұсталды

Құрықталғандардың бірнешеуі қазір қылмысын мойындап, тергеу амалдарына көмектесіп жатыр екен. Демек, бұл цифр бірнеше есеге көбеюі де ықтимал. Қолға түскендер кілең ығайлар мен сығайлар. Мәселен, Антикор таратқан ақпаратқа сәйкес, Батыс Қазақстан облысында әкімдіктің бөлім бастығы қамауға алынған. Олар бірнеше адам бірігіп, 120 фермердің атынан жалған құжаттарға қол қойыпты. Бұдан өзге қай облыста жемқорлар ұсталды? Қанша сома мақсатсыз жұмсалған? Депутаттар не …

Подробнее...

Желге ұшқан миллиондар!

Көкшетау іргесіндегі Красный Яр ауылының жолына 800 миллион теңге жұмсалған. Тұрғындар былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен жолдың қазіргі күйінен адам шошиды. Алайда жергілікті әкімдік мәселеден хабардар болғанымен, жолды жөндеуге асығар емес. Мердігерлер талай жылға шыдайды деп уәде берген тас жол бір қысқа жетпей үгітіліп кеткен. Тілшіміз желге ұшқан миллиондар мәселесін тереңнен зерттеп көрді.

Подробнее...

Несиеден құтылудың ғажайып жолы

Ғайыптан тайып алған несиеңіз толық төленіп кетеді десе, сенесіз бе? Тіпті, маңдай тер төгудің қажеті жоқ. Өздерін коуч-тренер деп таныстыратындар «аспаннан ғажайып түсіп, кредитіңізді төлеп береді» деп жұртшылыққа үндеу тастап жатыр. Бұл не қылған керемет? Сандырақ па, әлде сиқыр ма? Осы сұрақтардың жауабын тілшіміз Мұхтар Өміртай төмендегі сюжетте баяндайды.

Подробнее...

Рақымшылықтың рақымы

Қазір елімізде 64 колония мен 16 тергеу изоляторы бар. Онда 34 мың адам жазасын өтеуде. Оның отыз мыңына сот үкімі шығарылса, қалған 4 мыңы тергеу қамауындағылар. Жазасын өтеп жатқан әр адамған күніне 1 642 теңге бөлінеді екен. Айына 50 мыңның маңайы болса, жылына бір қылмыскерге 600 мыңға жуық қаржы жұмсалады. Барлық шығынды республикалық бюджет жабады. Бүгінде азық-түліктің бағасы толағай сияқты …

Подробнее...

Бір әйелде екі күйеу

«Бір әйелдің екі күйеуі болу керек». Жақында ғана желіні осылай деп шулатқан отандық психологтың бұл пікірі еркек кіндіктің шамына тигенімен, кей нәзік жандарға жаққан тәрізді. Әрине, бастамаға қарсы шыққандар көп қой. Бірақ ұсынысты ұтылыс көрмей, идеяны, керісінше жарыса қолдап жатқандар да табылды. Алайда кез-келген нәрсені қолпаштамастан бұрын, байыбына барған дұрыс қой. Бұған қатысты шариғатымызда не айтылған? Одан өзге мамандардың пікірі …

Подробнее...

Жалақысын сұрап, басы дауға қалғандар

Балабақша тәрбиешілерінің базынасы! Түркістан облысы, Созақ ауданының бөбекжай қызметкерлері бір жылдан бері айлықтарын толық ала алмай жүр. Ал, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басшылығы: «Ақша туралы ауыздарыңды ашсаңдар жұмыстан қуамын» деп қорқытатын көрінеді. Тіпті, біреуінің күйеуі: «Арыздансаң, ажырасамын» деп отбасында шу шығарған. Қызығы сол, бұл кісілердің мәселесінен аудандық әкімідіктегілер де хабардар екен. Бірақ, сөзі өтпей ме, тісі батпай ма, ешқандай …

Подробнее...

Қоқыс дауы

«Жарылып кетсек, кім жауап береді?». Ақтөбеде көпқабатты үйдің тұрғындары күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылған. Ал әкімдіктегілерге айтсақ, жанайқайымызға құлақ асатын емес деп наразы. Жұртты елең қылған не жағдай? Тілшіміз Ақбаян Сұлтанмұратова өңірдегі жайсыз жұрттың жайын баяндайды.

Подробнее...

Студенттер жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Семейде колледждің 14 студенті уланып қалды. Олар бұрышты газ баллонның иісінен тұншыққан. Бастары айналып, тыныс алулары қиындаған студенттердің 8-і жансақтау бөлімінен бір-ақ шығыпты. Адам өміріне қауіпті затты жатақханаға алып кірген кім? Оны қандай жаза күтіп тұр? Оқиғаның жай-жапсарын тілшіміз баяндайды.

Подробнее...
X