14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Кәсіподақтан неге сонша үрікті?

Ауыр жұмыстағы адал еңбек абырой әперудің орнына, тығырыққа тіреді. Бұның бәрі кәсіподақтың кесірі. Өз құқығын өздері қорғамақ болған қызылордалық мұнайшылар компания басшылығына жақпай, жұмыстан айырылды. «Қара алтынды» өңдейтін компания ашылғалы бері еңбек ететін жандар жұмысшылардың мүддесі үшін кәсіподақ құрмақ болған көрінеді. Бұны естіген басшылық бір-ақ күнде 12 қызметкерді жұмыстан қуған. Мұңға батқан мұнайшылардың мәселесіне біздің тілшілер де араласты.

Подробнее...

Дабыл! Тапал балалар көбейді

Дәрігерлер дабыл қақты! Үш жастан асқан балалардың бойы өспей, аласарып барады! Бұрындары сирек кездесетін бұл дерт, қазір әрбір 2000 балаға тиесілі болып шықты. Бұл дерттің жаппай белең алуына не себеп? Анемияның жиілеуіне газдың сусындардың тікелей қатысы болса, неге денсаулық саласы бұл ретте үнсіз? Депутаттар неге арнайы заң қабылдамайды? Бургер жеген бала мен кола ішкізген аналарды қалай тоқтатуға болады? Мұны тілшіміздің …

Подробнее...

Даудың басы — талғардың тасы

Талғарда өзен аңғарын қазып, құрылысқа қажеттісін тасып әкетіп жатқан компания ел-жұрттың мазасын алуда. Өзенді жағалай қонған жұрт «жарға жығыламыз» деп жыларман. Өйткені әр жерден қазылған карьер су арнасын бұрып, енді су өзеннің екі бетіндегі үйлерге қарай жылжып келеді екен. Тұрғындардың айтуынша, табиғи ландшафт бүлініп, тарс-тұрс пен шаң-тозаң әбден ығырларын шығарған. Жергілікті тілшіміз өзен жағасындағы өзегі талған жұртпен жүздесіп, су қорғау …

Подробнее...

Гаджетқұмар шенеуніктер

Трендтегі телефондар мен сәндегі сағаттар. Соңғы уақытта шенеуніктер арасында бренд маркалы бұйымдарға сұраныс артып келеді. Мұны алысқа бармай-ақ, мемлекеттік сатып алу сайтындағы тапсырыстардан-ақ аңғаруға болады. Мемлекеттік мекемелер бюджет ақшасына жаппай сатып алып жатқан смартфондардың бағасы 300 бен 400 мың теңгенің аралығы. Қарашаның қамын ойлап, елдің елеулі мәселесін шешу үшін қымбат қалтафонның маңызы қаншалықты өзекті? Әкімдіктен бастап театрға дейін жапа-тармағай тапсырыс …

Подробнее...

Мамин неге дайындалып жатыр?

Әлемде айтып келетін жалғыз ауру тағы да сәуегейлерді сөйлетіп жатыр. Күллі адамзатты абыржытқан ковид-кеселге келгенде басшылардың болжамы дайын тұрады. Бұл жолы да денсаулық сақтау министрі үш түрлі сценарий жазып, Үкіметке көрсетті. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегенді ұстанатын Цойдың пайымынша, жыл соңына қарай тәж-тажалға тәулігіне 2 мыңнан астам отандасымыз шалдығады екен. Мұны естіген премьер бірден министрлер мен әкімдерге тапсырманы үйіп-төкті. Биліктің …

Подробнее...

Қарияны асырап алған келіншек

Елімізде балалар үйінен көзі жәутеңдеген балақайларды асырап алып, өз перзентіндей бағып-қағып отырған жандарды естіп жүрміз. Ал, жасы 70-тен асып, ешкімге керек болмай қалған қарияны төрт немересімен бір-ақ қабылдап, бар мейірімін арнаған жан туралы естідіңіздер бе? Жамбыл облысында дәл осындай мейірбан адам тұрады. Келіншек далада қалған қарияны үйіне кіргізіп, 4 немересін бауырына басқан. Тағдыр тауқыметін тартқан ақсақал жөнінде тілшіміз келесі бейнематериалда …

Подробнее...

Құмға сіңген миллиондар

Ақтаудағы пластмасса қызғалдақтардың «шуы» әлі басылмай тұр. Қызығы ұзаққа созылмаған гүлдер бір айға жетпей, ғұмыры үзіліп, құлап жатқан көрінеді. Бес миллионға салынған әткеншектер де тербелуге жарамай қалыпты. Ал Оралдағы ағайын үш жылдан бері қаламыз гүлге оранбады деп дабыл қақты. Тілшіміз Мұхтар Өміртай гүл ғұмырының қысқалығы мен әткеншек тұғырының әлсіздігіне күйініп, әлек болғандарды тыңдап қайтты.

Подробнее...

Жер дауы

Алматы облысында жер дауы қайта бұрқ етті. Бұл жолы «Дружба» саяжайының тұрғындары бас көтерді. Бірнеше жыл бұрын жер телімін сатып алып, өз ақшасына бар коммуникацияны тартқызған жұрт енді учаскесін заңдастырайын дегенде маңдайлары тасқа тиген. Сөйтсе құжат түгіл бір жапырақ қағаз берілместен, кезінде жер телімдері оңды-солды сатылған секілді. Әкімдік қалайша ондайға жол берді? Тілшіміз Ұлан Тәліпбай да жер дауына араласып, мәселенің …

Подробнее...

Шыдамы таусылған дәрігерлер

Бүтін бір аурухана қызметкерлері бас көтерді. Көкшетаудағы көпбейінді аурухананың қырыққа жуық дәрігері жұмыс істеуден бас тартып отыр. Ақ халаттылар облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұжымдық хат жазып, бірқатар талап-арыздарын тізіп шыққан. Сонда дәрігерлерді алаңдатқан не мәселе? Ақ халаттылар арызбен әлек болып жүргенде, науқастардың жайы не болмақ? Күллі көкшені аяғына тік тұрғызған түйткілдің мән-жайын телеарна тілшісі анықтап көрді.

Подробнее...

Бұлақ үшін талас

«Жамбылдық атқамінерлер ауыл маңындағы жер телімдерін қойып, енді бұлақты да жекенің қолына беріп жібермекші». Редакциямызға осылай деп Айша бибі ауылының тұрғындары хабарласты. Наразы топ тарихы VI ғасырдан басталатын бұлақты базбіреулердің иемденіп алғысы келіп жатқанын айтады. Егер ол да жекенің меншігіне өтсе жыл он екі ай +16 градусты ұстап тұратын шипалы су шенеуніктерден басқасына бұйырмайды деп жамбылдықтар алаңдайды. «Әулиебастау» деп аталатын …

Подробнее...
X