Қарағандылық интернаттардың бірінде жатын орын бір балаға — бір шаршы метрден келеді екен. Яғни, бір бөлмеде 16 оқушы жатуға мәжбүр. Былай айтқанда, сабақ оқып, білім алу түгілі, дем алудың өзі қиын. Жатақхана емес, құдды казарма дерсіз. Пандемия басталғалы қай заман, бірақ ауық-ауық жаңарып отыратын бас санитарлық дәрігердің қаулысындағы талаптардың мұндағыларға еш қатысы жоқ секілді. Дегенмен сүйемдей жерге үйелеген қыздарының денсаулығына …
Подробнее...Новости
Ажырасу алаңдатып тұр
Үйлену — оңай, үй болу — қиын. Елімізде некесін қиған жұптардың 40 пайызы ажырасып тынады, ал күн сайын 167 отбасы бұзылады. Көш басында Алматы қаласы тұр. Жалпы, соңғы жылдары ерлі-зайыптылардың арасында белең алған ерсі үрдіске тыйымның болмауы депутаттарды да алаңдатып отыр. Мәжілісмен Дархан Мыңбайдың пайымынша, жас отаудың ойраны шықпас үшін мектептер мен жоғары оқу орындары қабырғасында арнайы пән енгізу қажет. …
Подробнее...Өзге емес, өзіміздікі болады
Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында қоғамды алаңдатқан мәселені министр Мусин депутаттарға жіліктеп тұрып түсіндірді. «Ресейлік платформаға көшуді саясиландырудың қажеті жоқ». Бағдат Мусин әр қазақстандықтың жеке ақпаратын Сбер жүйесіне орналастыру тиімді болғандықтан ғана қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Егер халық орыстікіне қарсы болса, Қазақстанның цифрлық үкіметін құрып беруге Қытай да қызығып отыр. Сондай-ақ, +7 деп басталатын нөмірге киелі сан ретінде емес, мемлекеттік телефон коды …
Подробнее...Ойын ойнаған оза ма?
Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар. Ал компьютер ойнап, миллиондарға кенелгендер ше? Киберспорт турнирлерінде жеңімпаз атансаңыз, бума-бума ақшаны қалтаға басасыз. Бірақ виртуалды бәсекеде озамын деп жүріп опық жеп қалмаймыз ба? Тілшіміз Мұхтар Өміртай киберспорттың берері мен аларын таразылап көрді.
Подробнее...Қараусыз төрт түлік қамалады
Жолдың үстіне шығып кететін қараусыз төрт түлік енді жазасыз қалмайды. Елордада емін-еркін көше кезген үй жануарларына арналған мал қора ашылады. Көлік қозғалысын қиындатып, тіршілікке кедергі болған түлік енді осында қамалатын болады. Жауапты органдар мұндай шараға амалсыздан барып отыр. Өйткені бас шаһардың көшесіне баса-көктеп кіретін сиыр мен жылқы, қой-ешкінің қарасы көбейген. Малы бар нұрсұлтандықтарға қатысты тың дүниені Нұржан Сәдірбай көріп қайтты.
Подробнее...Жалақыға жарымаған жұмысшылар талабы
лматы облысында бірнеше айдан бері жалақысын ала алмай жүрген тұрғындар шу шығарды. Алма өсірумен айналысатын компания адал еңбектің ақшасын төлемей, біресе ары, біресе бері созып келеді. Ішерге асы, киерге киімі жоқ жұрт қыс түскенде көмірге де жарымай жүр. Абырой болғанда, мәселенің анық-қанығын білуге бүгін әкімдіктен де атқамінерлер келіп, төбе көрсетті. Қаратұрық ауылындағы дау-дамайды тілшіміз біліп қайтқан болатын. жүреміз».
Подробнее...«Күйеуімді полицейлер өлтірді!»
Күйеуімнің өліміне полицейлер кінәлі! Семей тұрғыны Ольга Карашева арна тілшілеріне осылай деп жанайқайын жеткізді. Ол бір жыл бұрын қайтыс болған күйеуінің кісі қолынан қаза тапқанын дәлелдей алмай келеді. Қылмыстық іс «есіртікіні артық дозада пайдаланды» деген желеумен әлдеқашан жабылған. Бірақ жесір келіншек мұның астарында шикілік барына сенімді. Қолында марқұм күйеуінің денесінен полиция қызметкерлерінің дубинкасының ізіне ұқсайтынын растаған сараптама құжаты да бар. …
Подробнее...Әскери бөлімдегі өлім
Қарағанды облысындағы әскери бөлімде қайғылы жайт тіркелді. 20 жастағы сарбаз өз-өзіне оқ атып, бақилық болды. Бұл Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі таратқан ресми ақпарат. Ал марқұмның туыстары оның өліміне қатысты мүлдем басқа мәлімдеме жасады. Арғысын әріптесімнен білейік!
Подробнее...Толғақпен кетіп, табытпен оралды
Анасы қансырап, жатырдағы бала тұншығып қалған. Өскеменде бірден екі жақынын жерлеген ағайын әділдік іздеп шырылдап жүр. Перзентханаға толғақпен барып, табытта қайтқан келіншектің туыстары болған жайтқа ақ халаттыларды кінәлап отыр. «Қағазбастылыққа салынбай, бірден ота жасауға кіріскенде, анасын да, ұлын да аман сақтап қалуға болатын еді», — дейді қаралы қауым. Ақ халаттылар, шынымен де антынан тайды ма? Қаралы тақырыпты Нұрай Құрақпай қаузайды.
Подробнее...Жайық пен сырдарияның суы қайда?
Аралдың күйін Каспий, Сырдарияның күйін Жайық кешіп жатыр. Жағалай қонған диқандарды жылда түңілтіп келе жатқан Сырдың суы биыл, тіптен азайыпты. Енді оған батыстан бір проблема қосылды. Оралдың маңын ойып ағатын алып Каспийге атыраулатып барып құятын дарияның тартылғаны сонша, ортасынан жер көрінді. Мамандар бұлай жалғаса берсе ертең қыста өзендегі балықтар қырылуы мүмкін деп болжайды. Бастысы, теңіз ортасынан жаңадан пайда болған арал …
Подробнее...






