2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Елу үй, бір мектеп жылусыз қалды

Ақтөбеде жылыту маусымы әлдеқашан басталса да , елу үйдің тұрғыны бүрсеңдеп әлі отыр. Оның сыртында 1000-нан аса бала оқитын тағы бір мектептің мына күздің қара суығында өзінше амалдаудан басқа амалы қалмаған. Бұған тұрғындар күз басталғанда жылу құбырын жөндеуге кіріскен жауапты мекеме мен осы іске жүрдім-бардым қараған әкімдікті кінәлайды. Қыркүйекте басталған жұмыс желтоқсанға дейін жалғасып кетсе, қыстан қалай шығамыз деп алаңдаған …

Подробнее...

Төбеттерді көбейтуге шек қойылады

Жаңа заң төбетті көбейтуге шек қойғалы тұр. Ақтөбелік ит асыраушылар жануарларды қорғау туралы заң жобасын қабылдамас бұрын, жан-жақты талқылауды сұрайды. Әйтпесе, құжаттың кей тұстары қазақы төбеті барлардың шамына тиген. Бұған жануарларды қорғау ұйымындағылар не дейді? Тілшіміз Ақбаян ресми ұйымнан осы және өзге де сауалдарға жауап алып, олардың да пікірін біліп қайтты.

Подробнее...

Бетімен кеткен бағалар

Ас-пұл аспандап, айлық шайлықтан аспай қала ма деген қорқыныш базардағы бағаларды көрген әрбір қазақстандықтың бойында бар. Балық секілді тек алға жүзуді білетін баға деген бетбақ күннен-күнге бой берер емес, көзіміз куә. Тұрақтандыру қорлары да, келісім-шарт корпорациясы да құн құтырғанда қауқарсыз болып қалатыны тағы бар. Арнайы брифинг өткізген ауыл шаруашылығы министрі жем-шөп пен азық-түлік жайлы сөз қозғап, алдағы уақытқа болжамын жасапты. …

Подробнее...

Бала қаққан жүргізуші бостандықта жүр

Алматы облысында бағдаршамның жасыл түсіне өтпек болған 14 жастағы жеткіншекті жүк көлігі қағып, мерт қылды. Темір тұлпардың тізгініндегі адам оқиға орнынан табанын жылтыратып тұрғысы келген екен. Марқұм жеткіншектің жақындары бой тасалап қашқан жүргізушінің сол кезде удай мас болғанын, бұрын полицияда жұмыс істегенін алға тартуда. Адамды мерт қылса да әлі күнге дейін күдіктінің бостандықта жүруін олар осымен байланыстырып, іштей қатты күйінеді. …

Подробнее...

Кореядағы сұмдық қылмыс

Оңтүстік Кореяда 22 жастағы отандасымыз қаза тапты. 26 жерінен пышақталған Түркістан облысының тумасын өзге емес, өзіміздің елдің азаматы аса қатыгездікпен өлтірген. Онда да ағайын туысы екен. Ал, полицейлер келгенде 27 жастағы күдікті оқиға орнында ес-түссіз жатыпты. Тәртіп сақшылары жігіттің ақыл-есін тексеріп, тергеуге алып кеткен. Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға көмек көрсетіп жүрген блогер Самат Ахметовтың сөзінше, марқұм өзінің әкесін «елге алып келемін» …

Подробнее...

Қоқыс жәшігінен шақалақтың денесі табылды

Жантүршігерлік жағдай! Шымкентте қоқыс жәшігінен шақалақтың денесі табылды. Көгеріп қалған нәрестенің мәйітін коммуналдық қызмет жұмысшылары тауып алған. Олардың айтуларынша, басында өз көздеріне өздері сенбей тұрып қалған. Тіпті, біреуі қорқып қалғанын да жасырмады. Енді полициейлер көкек ананы іздестіру жұмыстарына кірісіп кетті. Тілшіміз Ғалымжан оқиға орнында болып, куәгер мен ресми орган өкілдерін сөзге тартты.

Подробнее...

Сасық иістен тұншыққан тұрғындар талабы

Алматыда канализация құбыры жарылып, тұрғындар үш күннен бері сасық иіс пен өзендей аққан нәжіс араласқан судың ортасында отыр. Тіпті,аулаларына жайылып, жер үйлердің дәретханаларын да толтырып тастаған көрінеді. Мөңкіген иісімен аты шыққан ауданға ешкім ат ізін салмай, бұл маңдағы кәсіпкерлер де шығынға батуда. Алматыдағы алаң жұрттың жанайқайын тілшіміз тарқатып айтады.

Подробнее...

Әлемде әр оныншы адам ашқұрсақ жүр

Әлемдегі әрбір оныншы адам ашқұрсақ жүр. Ас-су тапшылығына алаңдаушылық білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз нақты әрекеттерге көшу қажет деп мәлімдеді. Сондай-ақ Қазақстанға сырттан төнген қатерлердің қаупі жоғары, деді Президент. Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы азық-түлік тапшылығына қатысты кешенді жоспар бар екенін де айтты. Қазақстанның ұсынған нақты басымдықтары жайлы Берік Байғара баяндайды.

Подробнее...

48 гектар орман оталады, оны қалайы өндіріп, қарқ қылмақшы?

Қалайы үшін қайың құрбан. Еліміздің солтүстігінде 48 гектар орманды отап тастап, орнына қалайы өндірмекші. Жергілікті әкімдік инвестициялық жобаның табысты боларына сенім артып, осыдан екі жыл бұрын батасын беріп қойған. Ал кен игерумен айналысып жатқан компания биыл тағы қосымша жер телімін сұрап отырған көрінеді. Сонымен, қалайы өндіріп, қаншалықты байып кетейін деп тұрмыз? Арғысын Айғаным Достанбай баяндайды.

Подробнее...

Экономикалық кеңестің кезекті отырысы

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл маңызды шара пандемияға байланысты биыл онлайн форматта болды. Бұл маңызды жиынға біздің арна тілшісі Қайыркен Отыншы қатысып, тікелей байланысқа шықты. Назар салыңыз.

Подробнее...
X