Қоғамдық орындарда қорқор тартуға тыйым салынғанына 5 жылдың жүзі болды. Алайда бұл тыйымды елеп ескеріп жатқандар шамалы. Өткен түні полиция көңіл көтеру орындарына реид ұйымдастырды.
Подробнее...Новости
Елімізде телефонға тәуелді балалардың саны артқан
Мамандар сматфонсыз өмір сүре алмайтын бүлдіршіндердің әдетін, дерт дейді. Оған тағы тікелей ата-аналарды кінәлады. Себебі, тым еркелетіп, айтқанын екі етпей қолдарына бере салады. Қазіргі жан тыныштығы үшін телефонға телміртудің артында тәуелділік жатыр деп дабыл қақты.
Подробнее...«Рух» сататын дүкен
Тәуелсіздік күніне бейжай қарай алмайтын кәсіпкерлер дүкендерін мерекеге орай безендіріп жатыр. Рәміздермен көмкерілген ерекше атмосфера келген клиентердің де Отанға деген махаббатын оятып, кейбірі көздеріне жас алады екен.
Подробнее...ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ТАРИФЫ 20 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
Біздегі ұялы байланыс саласын ұялмайтындар басқара ма? Жаңа жылдан бастап тариф бағасы тағы 20 пайызға өседі. Еліміздегі ең ірі үш компания ауыз жаласып, халықтың қалтасына қырғидай тиіп жатыр. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан осылай деп ашынды. Әйтпесе, неге бәрі бір күнде бағаны көтереді?
Подробнее...«ЖАҢАЛЫҚ» АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗ ЖАҢАЛЫҚ
Алматы облысында Жаңалық деген ауыл бар. Бірақ ол жерден тек жағымсыз жаңалықтар келеді. Екі күннің бірінде жарық өшті дегенді естиміз, елдімекенге газ мүлде тартылмаған. Бұл жердің адамдары ауырмау керек, ауыра қалса, жедел жәрдемі келіп болмайды, дәрігерді үш сағаттық ауданнан іздейді. Бүгін өңірге қар түсіп еді, тағы тоғы үзіліп, үйлерінде бүрсеңдеп отыр.
Подробнее...ТРАМП УКРАИНАҒА ТАЛАП ҚОЙДЫ
Дау болған Донбасс, бермесе, оңбас, беруге де болмас. Зеленский тығырыққа тіреліп, тұмсығы тасқа тиді. АҚШ президенті одан таяу арада шешім шығаруды талап етуде. Құрметті қонаққа жамбас тартқандай, құдайы көршіңе Донбассты тарт деп отыр. Әйтпесе, «басыңа әңгір таяқ ойнатамыз» дегендей қылды. Билікке алғаш келгенде Киевтің сөзін сөйлеп жүрген Трамп беті күйместен өз уәдесін қалайша су аяғы құрдымға жіберді?
Подробнее...ЖҰМБАҚ ӨЛІМ
10 сыныптың оқушысы мен 27 жастағы азамат өздігінен өзенге не үшін секіреді? Күдік көп, жауап жоқ. Ақтөбеде ұлдарынан айрылған екі отбасы істің дұрыс тергелуін талап етті. Өйткені, күдіктенетін тұстары көп.
Подробнее...ШАРУАЛАРҒА ЕГІН ЕГУГЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛАДЫ
Жаңа жылдан бәріміз бір жақсылық күтеміз ғой әдетте. 2026-да не болады? Ең әуелі ақылы жолдар тегін болады. Талай жүргізушінің қалтасын қаққан автобандардың кей жерлерінде ақысыз жүреміз. Жалпы, бүгін Үкіметтің жиыны қызық өтті. Қыстың қамын жаз ойла деуші еді, министрлер кабинеті жаздың қамын қыс ойлап жатқан тәрізді.
Подробнее...КӨРШІЛЕР СОТТАСЫП ЖАТЫР
Көршілер арасындағы жанжал ақыры сотқа жетті. Көпқабатты үйдің ауласында төбелескендер бір-біріне арыз жазыпты. Бірақ полиция біреуін алалаған көрінеді. Істің ушыққаны соншалықты, жарақат алмаса да таяқ жедім деп шағынған біреуі сот отырысына оққағар жалдап келіпті.
Подробнее...ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕН НӘТИЖЕ БАР МА?
Пара беру мен алу – жемқорлықтың ең кең тараған түрі. Лауазымды басшыларының арам ақшаға араны ашылмаған сала қалмаған шығар Қазақстанда. Күнде біреу тұтылады, мерзімінен бұрын шығып құтылады. Тамыры тереңге бойлап кеткен бұл дертпен еліміз күресіп-ақ жатыр. Одан нәтиже бар ма? Халықаралық жемқорлықпен күрес күні қарсаңында осы мәселені шолып көрдік.
Подробнее...






